Біріншіден,мектеп жоспарында қиын балалардың барлығы үшін жүргізілетін іс-шаралар белгіленуі тиіс. Екіншіден, әрбір қиын оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс жоспарының болуы ләзім.
Осындай жоспарларда қиын балалрға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ топтардың жағымсыз әсерінен оларды қорғау, сабаққа қызығуын арттыру, қандай да бір істерге ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы шарт. Сондай-ақ, қиын оқушылардың жағымды жақтарын нақтылап, оны олардың өзін түзету ісіне ұтымды пайдалана білу - әлеуметтік педагогтің нағыз ерлігі болып саналды. әрине, әлеуметтік педагог барлық уақытта сабырлы болуы тиіс. Өйткені, түзету жұмыстары өз жемісін тез арада бере қоймайтынын саналы ұғынуымыз керек.
2. Қиын балалардың сыныптастары және пән мұғалімдерімен қарым-қатынасын өзгерту жолдары.
Қиын балалардың басым көпшілігі өздерін өзі оқитын сыныптан оқшау ұстайды, оларды сыныптың тіршілігі қызықтырмайды, олардан қашқақтайды. Олар, әдетте, нашар оқығандықтан, сыныптастары оларды себепті тәрбиеші барлық кезде сабырлы болуы тиіс. Өйткені, түзету жұмыстары өз жемісін тез арада бере қомайтыны саналы ұғынумыз керек.
Девиантты мінезді оқушылар өздеріне ұрысқанды ұната бермейді. Сондықтан мектеп мұғалімдері олармен болған қарым-қатынаста педагогикалық этиканы аса қатаң асқақтауы қажет.
3. Қиын оқушыларды әртүрлі жағымды істерге қатысуға тарту арқылы оларды табысқа жетелеу.
Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу дегеніміз: оның жағымсыз әдеттерін жағымды әдеттермен шығарып тастау. Оқу жасындағы балалардың негізгі айналыстаын істері – оқу, еңбек ету мен қызыққан ісімен айналысу.
Оқу оқушылардың негізігі қызметі болып табылады, сондықтан қиын оқуышларды мектепке қайтару, оқуға қызығуын арттыру – аса күрделі әрі әлеуметтік педагогтің беделін артытыратын іс. Себебі қиын балалардың 90 пайызының сабаққа ықыласы жоқ. Сондықтан оларды сыныптан тыс іс-шараларға тарту арқылы, спортқа, техникаға, өнерге қызықтыру арқылы оқуға бірте-бірте тарту әлеуметтік педагогтердің және пән мұғалімдердің қасиетті ісі болып табылады. Себебі, аталған қызметтердің бірінде жеңіске жету оларды басқа да істерге табысты болуға жетелейді.
Ол үшін әлеуметтік педагог адамның өзін-өзі дамытушылық қасиетімен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігін еспке алуы керек. Әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады: оның сондай белсенділігі мен талпынысына қолдау көрету, демеп жіберу, сеніммен қарау балаға қанат бітіріп, басқаларға деген сенімен ұлғайтады.
Қиын оқушыларға әртүрлі жағдаяттар туғызу арқылы сыныпта оның беделін көтеруге мүмкіндік беру, ұжымдық шығармашылық істерге тарта отырып оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу олардың мектеп ұжымына қайта оралуына әсер ететін бақытты сәттер болып есептеледі. Әлеуметтік педагог қиын оқушылармен жұмыс жүргізгенде осыларды іске асыруға міндетті.
4. Қиын оқушылардың отбасылық жағдайын өзгерту.
Отбасының қиын жағдайы бала тәрбиесіне кері әсер ететіні бұрын да бірнеше рет дәлелденгені ақиқат.
Біз жоғарыда айтқандай, қалыптағы отбасыдан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда Л.Толстой жазғандай: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтындай әрқилы бақытсыз»(43.).
Бұл жерде айтпай кетуге болмайтын біраз жәйттер де бар. Өзінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қыздарға қарағанда ұл балалардың ішінде девиантты мінезділер анағұрлым жиі кездеседі. Оның дәлелді себебі жоқ емес. Қазіргі кезеңде тәрбие жұмысында фемизиациялану үрдісі жүріп жатыр немесе бала дүниеге келгеннен бастап әйелдердің тәрбиесін көріп өседі: отбасы, балабақша, мектеп. Ана тәрбиесі мен әке тәрбиесі бірдей жүрмеген жағдайда табиғи теңдік бұзылатыны айдан анық нәрсе. Себебін ашып көрелік.
Анасы баланы көтергеннен бастап оны тоғыз ай бойы өз бойында сақтайды, құрасығында жетілдереді. Сол уақыттың бәрінде ана мен баланың арасында тығыз биологиялық байланыстар орнайды. Ананың көптеген қасиеттері балаға беріледі. Дүниеге келген соң да бала ана сүтімен қоректеніп, жүргенге дейін тек анасының қамқорлығында болады. Бала-бақшаға баратын жағдай туды делік, онда да оны қарсы алатын өзінің анасы сияқты тәрбиешілер, бастауыш сыныпта да әріп танытатын әйел мұғалімдер. Осы факторлар ер балаларда ер адамға лайық мінездердің толық қалыптаспауына әкеп соғады. Себебі, үлкендер олар үшін үлгі. Ал ер балалардың алатын үлгісі тек «ақ жаулықты аналар» болғандықтан, олардың мінез-құлқы солай қалыптасады. Біз бұл жерде әйелдерді кемсітуден аулақпыз, тек осындай мәселенің бар екенін айтпақпыз. Мінезі солай қылыптасқан ер бала жігіттің сөзі, намыс, уәде, ар сияқты еркекке тән ұғымдарды бойына дарыта қоймайды да ұсақтыққа көбірек кетіп қалады. Сөйтіп, олар тез өкпелегіш, біріне-бірін шағыстырғыш, өтірік айтуға бейім болып қалыптасады.
Біз бұл жерде ер балаға әкенің тәрбиесінің қаншалықты әсерлі екенін көрсетуді мақсат етіп ғана айтып отырмыз. «Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», «Атадан бала туар, атасының жолын қуар», «Ата – балаға сыншы», «Ата баласының ат меңіндей белгісі болады», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет» деген қазақ мақалдары әкенің балаға қаншалықты тәлім-тәрбие берудегі рөлі мен орнын көрсететіні сөзсіз. Ал жапон мақалы «Ербалаға жүз мұғалімнен бір әке артық» десе, белгілі педагог В.Сухомлинский «ер бала үшін жақсы минстрден жаман әке артық» деп түйіндейді. Баланың алғашқы адами құндылықтары, әрине, отбасында қалыптасады. Алайда, ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны даусыз. Егер әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде ол ата-аналарды кіналай бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, ал екіншіден, ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек. Бұл үшін «Менің отбасым», «Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)», «мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыптарында шығарма жаздырған жөн. Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын ала терең жан-жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен, олардың тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланғаны дұрыс. Төртіншіден, барлық жүргізілген жұмыстар өзінің оң нәтижесін бермесе, онда атқарушы органдарға немесе құқық қорғау орындарына, басқа да комиссия және сотқа жүгінген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |