Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Ақпаратты-білім ортасының федералды және аймақтық деңгей функциялары. Оқу орындарының виртуальды өкілдіктері



бет17/20
Дата16.07.2020
өлшемі428 Kb.
#75289
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және дидактикалық негіздері

Ақпаратты-білім ортасының федералды және аймақтық деңгей функциялары. Оқу орындарының виртуальды өкілдіктері

Виртуальды университеттің бағдарламалық жабдықтама типтері арқылы құрылатын функциялар 2 категорияға бөлінеді:



  1. Виртуальды университет жұмысын қамтамасыз ету;

  2. Ақпаратты-білім ортасы шеңберінде жалпы жүйенің функциясы мен ара-қатынасты ұйымдастыруды орындау.

Функцияның бірінші категориясына төмендегілер жатады:

    • Ашық білім беру Виртуальды университетке орналастыру үшін ақпараттар жүйесін құру (жаңалықтар, контактілер, жоба жөнінде жалпы ақпарат);

    • ақпаратты-білім ортасында виртуальды өкілдіктер құру;

    • виртуальды университетте өткізілетін телеконференциялар арқылы ақпаратты-білім ортасында жұмыс технологиясы бойынша қолданушыларға кеңес ұйымдастыру;

    • аймақтық каталогтарды құру (оқу мекемелері, ақпараттық ресурстар, мамандықтар);

    • виртуальды университет серверінің жұмысын қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету.

Функцияның екінші категориясына жатады:

  • берілгендер базасының консалтинг орталығының ақпаратты-білім ортасында виртуалды өкілдігін және виртуальды университеттің есеп орталығын құру және оның өзектілігі;

  • графика репликациясы мен картасына сәйкесті Виртуальды университет серверлерінде репликация бойынша регламент орындау;

  • Виртуальды университет қолданушыларының ұсыныстары мен өңдеушілер ескертулеріне дейін алдын-ал анализ жасау, жинақтау;

  • Виртуальды университет ұйымдастырушыларының конференцияларына қатысу.

Виртуальды өкілдік өзінің инфрақұрылымына желілік оқу процесін және оның интеграциясын енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, бағдарламалық технологиялар мен сервистік қызметтердің функционалды толық жинақтарынан тұратын негізгі құрылымдық элемент болып табылады. Виртуальды өкілдікте құрылған функциялар бірқатар ішкі жүйелерге біріктіріледі және олардың негізгі түрлері келесілер болып табылады:

Административті ішкі жүйе – типтік генерациялайтын модуль құру, қолданушыларды тіркеу, виртуальды өкілдіктің ашық жүйесінде ақпарат беру, витуальды өкілдіктің барлық негізгі модуль жұмыстарын бақылау;



  • Ішкі жүйені тіркеу(электронды кадрлар бөлімі) – барлық категориядағы қолданушылардың жеке жұмысын құру және жүргізу;

  • Кітапхананың ішкі жүйесі (электрондық кітапхана) – автормен келісілген және оқу орындарымен анықталатын қолданушылар өкілдіrтерінің шарттарына сәйкесті ақпараттық ресурстарды беру, сақтау және жинақтау;

  • Оқу процесін ұйымдастырудың ішкі жүйесі (электронды деканат, виртуальды кафедра) – оқу топтарын, оқу кестелерін, оқу процесін жүргізу барысын бақылау,мұғалімдер мен білім алушылардың оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруды құру;

  • Білімді бақылайтын ішкі жүйе – тестілік ішкі жүйе;

  • Статистикалық ішкі жүйе – виртуальды өкілдіктің жұмысы жайлы статистикалық мәліметтер ұсыну, құру, жинақтау, сонымен бірге жұмыстың барлық этаптарын протоколдау;

  • Финанстық ішкі жүйе – ақпаратты-білім ортасының элементтері есептерін қадағалау және төлем қызметтерін, мұғалімдердің жұмыс уақытын белгілеу;

Құжаттаманың ішкі жүйесі - әртүрлі құжаттарды қағаз түрінде шығару түрі (типтік форма, виртуальды өкілдік беретін формалар).

Әкімшілік ішкі жүйеден келесі пәндерді оқыту кезінде қолданылатын туынды модульдер құрылады:



  • пәндер бойынша оқу тобы ЧАТ-ры (on-line семинарлар мен кеңестер беру);

  • жарнама тақталары;

  • жеке кеңес беру жүйесі.

Виртуальды өкілдіктегі мұндай модульдер саны мұғалімдер ұйымдастыратын оқу әдістемесі бойынша анықталады.

Әкімшілік функцияның көптүрлілігіне байланысты Виртуальды өкілдіктің администраторының екі түрін бөліп көрсетуге болады. Виртуальды өкілдіктің бағдарламалық жабдықтама администраторы - Виртуальды әдіскері деп аталады.

Оқу орындары өз Виртуальды өкілдіктері арқылы әртүрлі пәндердің оқу жоспарлары шеңберінде біріктіретін, бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша оқыту жүргізеді.

Бағдарламалық жабдықтаманың виртуальды өкілі білім алушыға мұғалімді таңдауға мүмкіндік жасайды.

Әрбір пән бойынша білім алушы Виртуальды өкілдік электронды кітапханасында бар негізгі қосымша оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіледі. Егер де қажетті материалдар Виртуальды өкілдікте жоқ болған жағдайда, онда ақпаратты білім ортасы шеңберінде Виртуальды өкілдік түрлі мекемелерінің кооперация болады.

Бұндай кооперация формасы әртүрлі болуы мүмкін – басқа ЖОО-дағы Виртуальды өкілдік электронды кітапханасында орналасқан, ресурсқа қажетті лицензияны алу, оқу орны ұсынған ресуртарға рұқсат алу үшін білім алушының төлем-ақысы түрлеріне дейін болады.

Мұғалімнің функцияларын келесілер кіреді:


  • электронды түрде кеңес беру;

  • электрондық сеимнарлар өткізу;

  • жеке тапсырмалар мен жобаларды орындау басшылығы;

  • оқу курс элементтерін жақсарту мақсатында қорытынды анкеталарды өңдеу;

  • тестілеу нәтижелерін анализдеу;

  • әрбір білім алушыға қорытынды баға қою.

Оқу орталықтары. Ақпаратты-білім ортасында оқу процесін ұйымдастыру үшін білім алушалыр мен мұғалімдер арасында тікелей байланысты талап етеді (әсіресе техникалық мамандықтар үшін практикалық және зертханалық жұмыстар, қорытынды бақылау іс-шараларын). Осы жағдай желі өкілдіктері мен филиалдарды құру қажеттігін тудырады (оқу орындарының базалық оқу орталықтарын). Бірақ бұл жол үлкен ұйымдастыру-қаржылық қиындықтарға алып келеді, мысалы, білім алушылар санының бір қалыпты болмауы оқу орталықтарының осы бағытта жұмыс жасауының тиімсіздігіне алып келеді.

Бірақ, Порталда өз Виртуальды өкілдіктерін ашқан оқу орындарымен партнерлік қатынас құру арқылы бұл проблеманы шешуге болады. Яғни оқу орындарын корпоративті партнерлік келісімдер ұсынылады. Осы келісімдер бойынша оқу орындары белгілі міндеттерді қабылдап, орындайды.

Партнерлік қатынастың жоғары деңгейінің бірі - оқу орындарының базасында қашықтықта орналасқан мекеме базасында оқу орталықтарының ұқсас профильдерін құру. Бұндай орталықтарды ЖОО-ры арасындағы екі жақты келісім негізінде құруға болады. Яғни, оқу орнының базасы барлық қажетті оқу-әдістемелермен қамтамасыз етілген және оқу процесінің ұйымдастырылуы сапалы болуы қажет. Барлық талаптар орындалған жағдайда – оқу жоспарын толық игергені жөнінде құжат беріледі. Оқу орындары базасында іс-шараларды өткізу үшін оқу орны барлық жағдайларды жасауы қажет, сонымен бірге сәйкесті оқытушылармен, сапалы біліммен, басқа да іс-шаралармен қамтамасыз етуі қажет және өз уақытында оқу орны базасында қаржылық есептер жүргізумен қатар, оқу орны базасының талаптарына сәйкесті құжаттарды қадағалап отыруы керек [59].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет