Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Минералдардың электр тоғын өткізгіштігі



Pdf көрінісі
бет44/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері

Минералдардың электр тоғын өткізгіштігі 


 

57 


Электр  тоғы  электрондардың  бір  бағыта  қозғалысынан  пайда  болатыны 

белгілі. Мұндай қасиет – барлық металдарға тән. Оларда атомдар бір – бірімен 

ионды,  ковалентті  және  ионды-  ковалентті,  кейбірінде  ковалентті-молекулалы 

байланыс арқылы әрекеттеседі. 

Егер минералда тек ионды байланыс болса, валентті электрондар өздерін 

тартқан  атомдарда  тұрақты  түрде  қалады,  Демек,  олар  атомдар  арасында 

қозғалу қабілетінен айырылады. Мұндай минералдар ток өткізбейді. 

Атомдар  минералда  коваленттік  байланыспен  әрекеттеспесе  көрші  

орналасқан  атомдар  электрондарын  ортақтастырады.  Демек,  электрондар  бір 

мезгілде  бір  атомға  ауысса,  екінші  мезгілде  екінші  атомға  ауыса  алады. 

Осының  нәтижесінде  олардың  еріктілік  дәрежесі  артады.  Электрондардың 

ауысуы,  демек  ток  өткізу  шамасы  бір  мөлшерден  асса  ғана  байқалады,  яғни 

атом  энергиясының  жеткілікті  болуы.  Осындай  күйге,  мысалы,  жарық  сәуле 

және  жылу  энергиясы  әсерімен  келеді.  Демек,  олардың  ток  өткізгіштіктері 

температураға тәуелді. Бірақ бұл факторлардың көмегі мардымсыз. 

Минералдардың  тоқ  өткізуінде  шешуші  роль  атқаратын  жайлар, 

біріншіден  атомдардың  валентті  электрондарының  толық  пайдаланылуы  не 

пайдаланылмауы,  екіншіден  минерал  құрамына  валенттігі  басқа  бөтен 

элементтердің  атомдары  кіруі.  Біріншіден  жайға  мысал  ретінде  алмазбен 

графитті  алсақ,  алмаз  тоқ  өткізбейді,  ал  графит  жақсы  ток  өткізгіш.  Ол 

кристалдық  тордың  ерекшеліктріне  байланысты.  Сол  сияқты,  кварцты  алсақ 

оның барлық электрондары оттек атомдарымен жұптасқан, ол тоқ өткізбейді.  

Табиғатта    көп  минералдар  құрамына  басқа  валентті  бөтен  атомдар  жиі 

кіреді. Соған байланысты оларда жартылай өткізгіштік қасиеттері болады. 

Минералдардың  бұл  қасиетіндегі  айырмашылық  тікелей  кен  байытуда 

қолданылмайды.  Бұл  әдіс,  демек,  электрлі  байыту  әдісі  алдын-ала  гравита-

циялық немесе магнитті әдіспен алынған, құрамында екі  не үш минералы бар, 

қиыршықты  байыту  өнімдерін  бірнеше  өнімге  тығыздықтары  жақын  ауыр 

минералдар  бірге  шығады.  Енді  оларды  бір-бірінен  бөлу  мәселесі  туады.  Егер 

бірінде  электрлі  қасиет  жоқ  болып,  екіншісінде  бар  болса,  әрине,  оларды 

электрлік әдіспен бөлуге болады. 

Минералдарды,  қаттылығына  байланысты  жоғарыда  бірсыпыра  деректер 

келтірілді. Жалпы бұл қасиет минералдарды тікелей бөлуге пайдаланылмайды. 

Бірақ  оны  білудің  қажеті  бар.  Оған  біраз  түсіндірме бере  кетейік.  Кен  байыту 

алдын  да  соған  даярлау  үшін  оны  алды-ала  дайындау  процесстері  жүреді. 

Оларға  ұсату  және  ұнтақтау  процестері  жатады.  Сол  процестерде  кеннің 

қаттылығының  әжептәуір  маңызы  бар.  Тау  жыныстарын  құрайтын 

минералдардың  көбі  қатты  келеді,  ал  бағалы  минералдар  жұмсақтау  және 

мортты келеді. Осыған байланысты ұсату және ұнтақтау процестері белгілібір 

режимдерде  жүргізулері  керек.  Бұл  процестерде  қортылатын  мақсат  –  бағалы 

минералдарды  тау  жыныстарынан  толығырақ  ажырату,  бірақ  мөлшерден  тыс 

ұнтақтап жібермеу. 



Минералдардың  түсі  туралы  жоғарыда  жеткілікті  айтылды.    Әрбір 

минералдар  қаралғанда  да  олардың  түстері  келтіріліп  отырды.  Бұл  қасиет 




 

58 


әсіресе бірсыпыра минералдардың асыл тас ретінде қолдануларына байланысты 

маңызды  саналады  екен.  Түстерімен  қатар  олардың  құндылығы  кристал-

дарының  ірі  болуымен  байланысты  екен.  Осыған  байланысты,  мысалы,  кен 

ішінен кейде қолмен де теріледі, мысалы, жарылыстардан кейін.  

Минералдардың  радиоактивтілік  қасиеті  болуы  оның  құрамында 

радиоактивті элементтің болуына байланысты 

Әдебиет: 1 – нег.[101-122], 3-кос [28-40], 5-кос. ОӘК 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Минералдардың физикалық қасиеттері 

2.  Минералдардың химиялық қасиеттері 

3.  Минералдардың физхимиялық қасиеттері 

4.  Кеннің сепкілдігі, сепкілдік түрлері 

5.  Флотациялық  байыту  әдісі  неге  негізделген,  қандай  ірілікте 

қолданылады 

6.  Минералдың немен анықталады 

7.  Гравитациялық байыту әдісі неге негізделген 

8.  Магнитті қасиет қандай минералдарда болу мүмкін 

9.  Минералдардың тоқ өткізгіштігі немен байланысты 

10. Электрлі байыту әдісі қандай жағдайда қолданылады 

11. Минералдардың түсін білудің қажеті 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет