64
Қазақстанның жер қойнындағы басты байлығын түсті металдар құрайды.
Олардың ішінде ең ірі кен орындарын құрайтын металдарға мыс, қорғасын
және мырыш жатады. Осы металдар минералдарының құрамына көптеген
сирек және шашыранды элементтер кіреді, демек бұл кендер комплексті болып
келеді. Сондықтан оларды полиметалды кендер деп атауға болады. Олар
негізінен Шығыс, Оңтүстік, Орталық Қазақстанда орналасқан.
Мыс кен орындары. Мыс өндірісте, техникада жиі қолданылатын өте
маңызды металл екендігі белгілі. Оны ең көп қолданылатын металға
айналдырған қасиеті –ток өткізгіштігі. Сондықтан оны көп қолданатын
өнеркәсіп саласы – электротехника. Оның ток өткізгіштігін шартты түрде 100
десек, күмістікі 109,5, алтын 100, алюминий 52,3, темір 21,2, демек тек күмістен
кейін тұр. Мыс жер қойнауында алюминийден 1000 есе, темірден 600 есе кем.
Қазір мыс кендерінің ірі кен орындары болып Жезқазған, Қоңырат, Саяк
және Бозшакөл саналады. Бұлардың ішінде әсіресе Жезказғанның болашағы өте
зор. Соңғы жылдары барлау нәтижесінде жаңа кен орындары табылды.
Қоңырат кенінде мыспен қоса молибден бар. Қоңыратта кен ашық
карьерден алынады. Ол жер жүзіндегі ірі карьерлердің бірі. 1928 жылы
ашылған кен орнында әліде барлау әдістері жүріп жатыр. Қоңырат кейін
байытуға сол кеңес үкіметіндегі ең ірі Балхаш байыту фабрикасы салынды.
Бозшакөл кен орнында да мыспен молибден бар. Олардан басқа кенде
мырыш, қорғасын, кобальт, күміс және алтын бары анықталды. Кен ашық
карьерлерден алынады.
Саяқ мысты кен орны Балхаш қаласынан 203 шақырым жерде. Шығыс
Қазақстанда Аягөз ауданында Ақбастау–Қосмұрын полиметалды кен орындары
табылды.
Қазіргі кезде ең үлкен кен орны болып Жезқазған саналады. Онда кеннің
үш түрі – мыс, мыс-қорғасын-мырыш шығады. 1953 жылы ең үлкен мыс
байыту фабрикасы іске қосылды.
Мыс Шығыс Қазақстандағы кенді Алтайдың кен орындарынан шығатын
полиметалды кендердің барлығының құрамында бар. Барлық байыту кендердің
барлығының құрамында бар. Барлық байыту фабрикаларында мыс
концентраттары алынады.
Шығыс Қазақстандағы үлкен кен орындарына жататындар Ленигор,
Зьрян, Тишинка, Белоусовка, Березовка, Николаевск, Орловск
Қорғасын – мырыш кендері осы аталған кен орындарынан басқа Қаратау
сілемінде орналасқан Ащысай, Мырғалымсай, Жоңғар Алатауына Текелі және
Көксу, Орталық Қазақстанда Майкайын, Қарағайлы, Кайрақты, Оңтүстік
Қазақстанда Байжан сай және Шалқиядан өндіріледі. Бұл кендердің барлығы
шахталы әдіспен өндіріледі.
Алтай өңірінің кендері мыс-қорғасын-мырышты болып келсе, басқа кен
орындары негізінен қорғасын- мырышты болып келеді.
65
Бұл кендерде мыс, қорғасын және мырыштың пайыздық үлестері
өзгермелі келеді. Оларда мыстың мөлшері орташа 0,2–1,0 %, қорғасын– 0,5-
1,5%, 1–4 % құрайды.
Барлық келтірілген кен орындарында металдардың орташа 90 %-і
сульфидті минералдар түрінде. Қалғандары тотықты, көбінесе карбонаттар
және сульфаттар түрінде болады.
Бұл кендердің ерекшеліктері, жоғарыда айтылғандай, комплексті
болулары. Басты металдармен бірге алтын, күміс, кадмий, германий, галий,
индий,
рений,
селен,
теллур,
висмут,
таллий,
скандий
кездесіп
отырады.тБұлардың көпшілігі өз минералдарын құрамай, негізгі металдар
минералдарының құрамына кіреді де, тек концентраттарды металлургиялық
индий мырыш концентратын өңдеуде, алтын, селен, теллур мыс концентратын
өңдеуде алынады.
Достарыңызбен бөлісу: