Ќазаќстан республикасы денсаулыќ министрлігі



бет26/69
Дата17.02.2022
өлшемі129,48 Kb.
#132174
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ (копия)

ӘЙЕЛДЕР КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРЫ:
Әйелдер консультациясы-босанатын үйдің немесе емхананың құрамдас бөлімшесі. Екіқабат әйелдерге сол кезеңде акушерлік-гинекологиялық жәрдем көрсету дәрігердің қабылдау кезеңіндегі өз міндеттерінен басқа екіқабат әйелдерге патронаждық қызымет көрсетеді, оларды жеке басының гигенасы мен жаңа туған нәрестенің күтімін үйретеді.
Дәрігерлік –санитарлық бөлімдер:
Дәрігерлік-санитарлық бөлім-өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылыс және транспорт қызыметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне емдеу, профилактикалық жәрдем көрсетуге арналған қалалық емхана немесе емханасы бар ауруханалар.Дәрігерлік-санитарлық бөлімдердің жұмысының маңызды бағыты жұмысшылардың денсаулық жағдайын жүйелі түрде диспансерлік бақылау, аурудың бастапқы формасын ертерек анықтау мен оның алдын алу мақсатында профилактикалық-дәрігерлік қарау, сондай-ақ қатты ауырған немесе созылмалы аурулармен (өкпе ауруымен, жара, қан қысымы ауруымен, т,с,с.) ауырған жұмысшыларды дұрыс жұмысқа орналастыру шараларын қабылдау болып саналады.Дәрігерлік-санитарлық бөлімшенің қызыметіне сондай-ақ жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына теріс ықпал ететін барлық факторларды тауып, зерттеу жұмысшылар мен қызымет-
керлер еңбегінің санитарлық-гигеналық жағдайлары мен емдеу-профилактикалық қызмет ету шараларының комплексті жоспарын әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының бірлесіп жасауына болады. Дәрігерлік-санитарлық бөлімінің дәрігерлері мен мейіркештері жұмысшыларға емдеу жәрдемін көрсетеді, өндірістегі жұмысшыларға да емдеу жәрдемін қатар, оларды күнделікті бақылап отырады, профилактикалық шаралар ұйымдастырып,оны жүзеге асырады. Дәрігерлік-санитарлық бөлімнің қызыметінің негізгі болып диспансерлік әдіс қолданылады.
Мейіркеш цехтік-учаскелік әдіспен істейді. Ол диспансерлік есепте тұрған жұмысшылардың профилактикалық дәрігерге көрінуін ұйымдастырады, аурудың есебін жүргізеді, цехтарда санитарлық активтердің құрылуына қатысады, санитарлық постардың мүшелеріне нұсқау береді, асханалардың, буфеттердің, жуынатын және шайынатын бөлмелердің санитарлық жағдайын тексереді, емхана мейіркешінің бүкіл жұмысын атқара отырып, дәрігердің қабылдауына қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет