Ќазаќстан республикасы денсаулыќ министрлігі


МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР (РЕФОРМАЛАР)



бет8/68
Дата11.06.2020
өлшемі0,5 Mb.
#73168
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ

МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР (РЕФОРМАЛАР)

Тарихи мейірбикелік істің екі базистік моделі қалыптасқан: XIX ғасырға дейін мейірбикелік істің мақсаты – табиғаттың немесе дәрігер белгілеген дәрі-дәрмектің күшін күтіп, емделушіге тек тыныштық пен жабдықтылықты толық қамтамасыз ету болған, ал аурудың бағытына белсенді әрекет көрсетілмеген.

XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейл идеясының арқасында мейірбикелік істе бетбұрыс болды.

Флоренс Найтингейл жаңа мейірбикелік іс моделінің авторы, дұрыс күтім жүйесін құрушы болып табылады. Бұл идея медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады. Осыдан кейін мейірбикелік іс пен медицина бөлінді. Флоренс мейірбикелік іс медицинамен қатар тұра алатынын іспен көрсете білді.

Флоренс Найтингейл күтімді екі салаға бөлді: дені сау адам күтімі және ауру адам күтімі.

Жаңа модельмен келісіп, ауру адамды күту барысында ммейірбике:

1.қоршаған орта мен емделушінің қазынасын пайдалана отырып, ауру бағытына белсенді әсер ету керек. Бұның маңыздылығын түсінуге төмендегі факт көмектеседі – Флоренс Найтингейл және оның мейірбикелері Қырым компаниясында жарақаттанған және ауру адамдарды тыныштық, тазалық, таза ауа, дұрыс тамақ, жиі таңумен қамтамасыз етіп, өлім санын 50%-дан 2%-ға төмендетті.

2.адамға тек тірі қалуды емес, сонымен қатар, құнды, жанын қанағаттандыратын өмір сүруге үйрету керек.

Мейірбике емделушіге тәуелсіздікті, өзі мен қоршаған орта арасындағы үйлесімді тез қайтару үшін қолынан келгенін бәрін істеу керек. Бұл жолда мейірбикеге емделушінің барлық проблемаларын шешуге тура келеді – физикалық, әлеуметтік, рухани, психологиялық. Неміс философы Мартин Хайдеггер былай деген: «Адам денесі – қаншалықты материя болса, соншалықты жан формасы».

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының анықтамасы бойынша «мейірбикенің басты міндеті – адамдарды, отбасыларды, халықты физикалық, психикалық,әлеуметтік потенциясын жүзеге асыруға үйрету».

Мейірбике манипуляция техникасын аса шеберлікпен меңгеріп, емделушіге сырқаттың себебінен пайда болған күйзелістен шығуына көмектесе алмаса, оған психологиялық көмек көрсете алмаса, күтімнің мақсатына жете алмайды. Рух дүниесі мен дене дүниесі бөлек емес, шексіз күрделі құбылыстар болып жататын жалғыз ғана дүние бар.

Мейрбике бірін-бірі тудырып, толықтырып тұратын торығуды да, органикалық бұзылуларды да емдейді. О.Генридің «Соңғы жанырақ» атты әңгімесіндегі ауру қыз бала барлығыңыздың естеріңізде болар. Өзін жақсы көретін адамдардың тамаша күтіміне қарамастан, ол терезе сыртындағы ағаштың соңғы жапырағымен бірге өлем деп, күннен-күнге сола берді. Бірақ, жапырақ табиғаттың заңына қарамастан аз сарғайып, қыз балаға үміт, сонымен бірге ауруды жеңуге күш беріп, бұтақшада ілініп тұра берді. Кейін, дағдарыстан өткеннен соң, дәрігерге көмектескен «медициналық емес фактор», суретшінің «табиғат кереметі» туындысы екені белгілі болды. Мейірбикелік іс – біздің емделушілерімізге жаңағы жапырақтай, «медициналық емес фактор» болуы қажет.

Вирджини Хендерсонның жақсы анықтамасы бойынша: «Мейірбике ісінің бірегей міндеттерінің бірі – адамның денсаулығына, сауығуына немесе тыныш өліміне қатысы бар іске көмек көрсету» болып табылады.

Бұл жайды келесі сөздәйек сипаттайды: «Мейірбике – аяғы жоқтың – аяғы, соқырдың көзі, баланың тірегі, жас ананың білім мен сенімділік көзі, сөйлей алмай әлсіреп, ойға шомғанның ауызы».

Осылайша, медициналық модель патологиялық процестің ауруға шалдығуына, диагностикалауға, түзетуге бағытталған болса, мейірбикелік іс сырқатты, күтімді, комфорт пен гармонияны қамтамасыз етуде ғана емес, адамның өзіне шоғырланады.

Дәрігер аяқты алып тастайды, ал адам үшін аяқсыз өмір сүру физикалық, психологиялық, әлеуметтік жақтарынан өте қиын, келесі іс, яғни сол адамның өмір құндылықтарын жоғалтпай сүруіне ынта беру, қалпына келу – мейірбикенің міндеті.

Медицинаның мақсаты – ауруға шалдығуды диагностикалау мен емдеу.

Мейірбикелік істің мақсаты – емделушіге ауру қалпындағы физикалық, психологиялық-әлеуметтік жайлылыққа мүмкіншілік тудыратын өмірдің қолайлы қасиеттерімен қамтамасыз ету. Дәрігермен белгіленгенорындау мейірбике іс-әрекетінің негізгі және жалғыз мазмұнды емес, ол оның тек бір бөлігі болып ғана табылады.

Флоренс Найтингейл күтімінің екінші саласына келсек, ол дені сау адамды күтудің сол адамның сырқаты жоқ қалпын қолдау деп анықтайды, яғни алғашқы рет қоғамда денсаулыққа және ауруды алдын-алуға ерекше көңіл аударылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет