МЕЙІРБИКЕ МЕН ҚОҒАМ
Мейірбикелік мамандықтың барлық мамандар сияқты қоғам алдында этикалық міндеттері болады, сондай-ақ қоғамның да мамандық алдында этикалық принциптері болады. Дәрігер науқасты емдейді, ал мейірбике күтеді.
Қоғамның мейірбикеге деген қөзқарасын адамға деген көзқарас деп санауға болады. Бұл жерде үйлесімге жету өте маңызды. Мейірбикелер өзінің кәсіптік іс-әрекетінің негізі ретінде кез келген жағдайда емделушінің ықыласын қорғау мен мейірбикелік істегі үздіксіз прогресті қолдау антын қояды.
Ал қоғамның мейірбике алдындағы міндеті – анық регламентацияланған заңды актілер көмегімен мейірбикеге әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ету, кәсіптік мансап пен кәсіптік дәрежеге жету мүмкіншілігін тудыру.
Қысқа мерзім ішінде мейірбике жан-жақты білімді мейірбикеге деген жолдан өтеді. «Жүрексіз заманның жүрегіне» айналып, мейірбикелік іс қандай тереңдіктерге жете алатынын қазір ғана ұғындық. Бірақ бұл жерде Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінде қалыптасқан «техникалық медбикелер» институты мен «жаңа» мейірбикелердің бірігу мүмкіндігі туралы шиеленіскен сұрақ туады.
Рерихтің нақыл сөзін келтірейік: «Дәу бұлттан биік тұрып, жерді көрмейтініне Ергежейлі күлген екен. Бұл күлкіге Дәу былай деген: «Мен көргім келсе, еңбектей аламын, ал сен ешқашан бұлттың әр жағындағысын көре алмайсың».
Мейірбикелік ісінің философиясы, мейірбикелік істегі реформа – қазақстандық мейірбикелерге бұлттың әр жағын көруге, отандық мейірбикелік істе қалыптасқан жағдайды мамандық пен барлық қазақстандықтар игілігі үшін өзгертуге берілген мүмкіншілік.
Достарыңызбен бөлісу: |