16
саңылаудан артқа және сыртқары қарай бірнеше тесіктерді ажыратады: дөңгелек,
сопақша және қылқанды тесіктер. Дөңгелек тесік (foramen rotundum) –
қанат-таңдай
шұңқырына ашылады, онымен үшкіл нервтің (V-жұп) екінші тармағы-жоғарғы жақ нерві
(n.maxillaris) өтеді. Сопақша тесіктен (foramen ovale) төменгі самайлық шұңқырға
төменгі жақ нерві (n.mandibularis - V жұптың үшінші тармағы) және мұнымен қоса қанат-
таңдай веналық өрімін кеуекті веналық синуспен байланыстыратын веналар өтеді.
Қылқанды тесік (foramen spinosum) осы аттас нервті және ми қабығының ортаңғы
артериясын (a.meningea media) өткізеді. Бұл артерия өткенде айтылғандай, жоғарғы жақ
артериясының тармағы болып табылады. Самай сүйек пирамидасының алдыңғы
бетіндегі кішкене ойыста ми қатты қабығының екіге ажыраған жапырақшасы қуысында
үшкіл түйін (ganglion trigeminale) орналасқан. Бұл түйіннен үшкіл нервтің (V-жұп)
жоғарыда көрсетілген үш тармағы бөлініп шығып өздері өтетін тесіктерге қарай
бағытталады. Сына тәрізді сүйек пен пирамиданың ұшы арасында жыртық тесік (foramen
lacerum) бар, бұл тұста ішкі ұйқы артериясының өзегі ашылады және тастық нервтер мен
(nn.petrosus major et minor) аттас веналар өтеді. Дабыл қуысының төбесі (tegmen timpani)
самай сүйек пирамидасының алдыңғы қырының жанында жатады.
Ортаңғы бассүйек шұңқыры сүйектерінің жарақаты,
оның ішінде сына тәрізді
сүйектің денесі сынуы мен кеуекті веналық синустың зақымдануы мұрыннан және ауыз
қуысы мен жұтқыншақтан қан кетуімен сипатталуы мүмкін. Оған қоса VI, VII, VIII жұп
бас нервтерінің зақымдануы байқалса, онда көздің қылилануы, ымдау бұлшықеттерінің
парезі немесе параличі, есту мүмкіншілігінен айырылу т.б. симптомдар пайда болады.
Кеуекті веналық синустың ішімен ішкі ұйқы артериясы өтетіндіктен, оның зақымдануы
өлімге алып келетін қан кетумен сипатталады немесе көздің шарасынан шығуы мен
(экзофтальм), оның артерия сияқты пульсациясы (солқылдауы) байқалуы мүмкін.
Самай сүйектің пирамидасы мен дабыл жарғағының
жарақаттануы құлақтан қан
кетумен сипатталады. Ми қабықтары мен мидың өзінің зақымдалуымен қатар жүретін
ауыр жарақаттар барысында, құлақтан ми сұйықтығының, тіпті ми затының сыртқа
шығуына алып келеді.
Артқы бассүйек шұңқыры алдынан самай сүйек пирамидасымен, артқы жағынан
шүйде сүйекпен шектелген. Мұнда көпір, сопақша ми, мишық және үлкен мидың
шүйделік үлестері орналасады. Сопақша ми қабықтарымен шүйде сүйектің үлкен тесігі
арқылы өтеді де жұлынға жалғасады. Сонымен қатар, осы тесіктен омыртқа артериялары
мен осы аттас веналық өрім, қосымша нервтер (ХІ-жұп) және жұлын мойын нервтерінің
түбірлері өтеді. Самай сүйек пирамидасының артқы бетінде ішкі есту тесігі бар (porus
acusticus internus). Одан бет нерві, аралық нерв (n.facialis, n. intermedins-VII жұп),
кіреберіс-ұлу нерві (n.vestibulo-cochlearis-VIII жұп) және лабиринт артериясы
(a.labyrinthi) өтеді. Пирамиданың артқы-төменгі қыры мен шүйде сүйектің ойығы
арасында мойындырық тесігі (foramen jugulare) орналасқан. Оның алдыңғы бөлігі
арқылы нервтер: тіл-жұтқыншақ (n.glossofaringeus - IX жұп), кезбе (n.vagus - X жұп),
қосымша (n.accessorius-XI жұп) өтсе, артқы бөлігінен
ішкі мойындырық венасы
(v.jugularis interna) және ми қабығының артқы артериясы (a.meningea posterior) өтеді.
Бассүйектің артқы шұңқырындағы шүйделік үлкен тесіктің ішкі екі бүйірінде тіласты
өзегі орналасқан, одан тіласты нерві (n.hypoglossus- XII жұп) шығады. Артқы шұңқыр
сүйектерінің сынуы құлақ артында гематома пайда болуына себеп болады, ал IX, X, XI,
XII жұп бас нервтері зақымданса тіл мен жұтқыншақ қызметтерінің, асқорыту
ағзаларының дисфункциясы (спазм), жүрек, өкпе қызметтерінің бұзылуы,
мойынның