Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Мидың негізгі жүлгелері мен қатпарлары



Pdf көрінісі
бет15/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

Мидың негізгі жүлгелері мен қатпарлары 
Мидың ең үлкен бөлімін сопақша пішінді үлкен мидың сыңарлары алып жатыр 
(hemispheria cerebri). Олардың жоғарғы бетін нерв жасушаларынан құралған (шамамен 14 
млрд. нейрондар) ми қыртысы жауып тұрады. Ми қыртысындағы нейрондар 6 қабат 
жасап орналасқан. Ми сыңарлары (жартышарлары) жоғарғы жағынан ұзынша бағыттағы 
сагиталды саңылаумен бөлінген, ал тереңінде олар сүйелді дене, алдыңғы және иіс сезу 
миының жалғамалары сияқты құрылымдармен өзара байланысқан. Сүйелді денені 
сагиталды ұзынша саңылаудың түбінде көруге болады. Ми жартышарларының бүкіл беті 
(жамылғысы) саңылаулармен (fissurae), жүлгелермен (sulci) бөлінген, ал олардың 
арасында ми қатпарлары (gyri) орналасқан. Адамда жүлгелер мен қатпарлардың 
бейнелері әрбір жеке тұлғада өзгермелі болады, бірақ жалпы орналасу сипаты сақталады. 
Әрбір жартышардың жамылғысы үлестерге бөлінеді: маңдай, шеке, самай, шүйде 
үлестері және аралшық – ол латералды жүлгенің терең түбінде жатыр. Маңдай және 
шеке үлестері орталық жүлгемен бөлінген (sulcus centralis Rolando), одан алға қарай 
алдыңғы орталық қатпар (gyrus precentralis) орналасқан, оның нейрондарында мидың 
қозғалтқыш орталығы жатыр. Аталған қатпардың төменгі бөлімі бас бұлшықеттерінің
жоғарғысы – аяқ бұлшықеттерінің, ортаңғы бөлімі барлық басқа бұлшықеттердің 
жиырылуын басқарады. Роланд жүлгесінің артқы жағында артқы орталық қатпар (gyrus 
postcentralis) жатыр, мұнда тері анализаторының (талдағыш) ядролары орналасқан. 
Маңдай мен шеке үлестері самай үлесінен – бүйірлік (латералды) жүлгемен бөлінген 
(sulcus lateralis Silvii), оның алдыңғы бөлімінде сөйлеу үрдісінің қозғалтқыш орталығы 
шоғырланған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет