21
және С.С. Брюсова толықтырған сызба болып табылады. Ол
бойынша шашы қырылған
бас терісіне бояулы қаламмен 9 сызық түсіріледі:
1)
төменгі (бірінші немесе негізгі) көзұясының төменгі қырынан бетсүйек доғасы
арқылы сыртқы есту тесігінің жоғарғы шетімен жалғастыратын горизонталды сызық (1);
2)
ортаңғы (екінші) горизонталды сызық – көзұясының жоғарғы қырынан артқа
қарай төменгі горизонталды сызыққа параллелді бағытта жүргізіледі (2);
3)
сагиталды сызық – мұрын қырының ортасынан сыртқы шүйде төмпешігіне дейін
(бассүйектің жебе тәрізді тігісі бойымен) (3);
4)
алдыңғы вертикалды сызық – бетсүйек
доғасының ортасымен бірінші
горизонталды сызыққа перпендикулярлық бағытта (4);
5)
ортаңғы вертикалды сызық – төменгі жақсүйектің буындық басының ортасы
арқылы (5);
6)
артқы вертикалды сызық – емізік тәрізді өсінді негізінің артқы нүктесі арқылы
(6);
Аталған үш вертикалды сызықтар горизонталды
сызықтарға перпендикулярлық
бағытта сагиталды сызықпен қиылысқанша жүргізіледі. Орталық (Роланд) жүлгесінің
проекциясы алдыңғы вертикалды сызықтың ортаңғы горизонталды сызықпен қиылысқан
А-нүктесінен артқы вертикалды сызықтың сагиталды сызықпен қиылысатын нүктесіне
дейін өтетін сызыққа (7) сәйкес келеді. Бұл сызықтың ортаңғы және артқы вертикалды
сызықтар арасындағы кесіндісі орталық жүлгенің ұзындығына сәйкес деп есептелінеді (R
нүктесінен 3 және 6 сызықтардың қиылысқан нүктесіне дейін). Орталық жүлгенің
алдындағы ми қыртысы қатпарында қозғалтқыш, ал артқысында
сезімтал орталықтар
шоғырланған. 8) Латералды (Сильвий) жүлгесі А нүктесінен басталатын 7 және 2
сызықтар жасаған бұрыштық бисектрисасы
Достарыңызбен бөлісу: