Аускультацияның әдістері: Стетоскоп түтіктерінің ұшы құлақтың тесігіне тығыз кигізілуі керек
Стетоскоп түтіктері аускультация кезінде бір біріне, аурудың денесіне және дәрігердің киіміне тимеуі керек
Қосымша дыбыс тумас үшін стетоскоптың дыбыс қолдайтын қалқанын екі саусақтың арасында қимылсыз қысып ұстау керек
Стетоскоптың дыбыс қабылдайтын қалқаны тыңдайтын бетке тығыз да тегіс қойылуы керек. Стетоскоп қалқаны теріге барлық шетімен (периметрімен) бірдей тиіп тұруы керек.