Везикулярлык тьныстың кеуденің екі бөлігі үстінен бірдей күшеюі тез жүгіргенде, физикалық ауыр жұмыс атқарғанда альвеолалардың күшейіп, жайылып созылуы әсерінен болады.
Күшейген везикулярлық тыныс кеуде клеткасының қабаты жұқа астениктерде де байқалады. Балаларда есейген адамдармен салыстырғанда, везикулярлық тыныс күшейіп, қаттылау естіледі. Бұл тыныс пуэрилді деп аталады (риег — бала). Тыныстың былай болып естілуі балалардың кеуде клеткасы қабатының жұқа және оның серпімділік қабілетінің жоғары болғандығынан болады. Өкпеде немесе өкпе қабы мен плевра қуысында бір жақты патологиялық үдеріс болса (крупозды пневмония, экссудатгы плеврит, гидро, гемо, пневмоторакс және басқа аурулар), екінші сау жағынан күшейген везикулярлық тыныс естілуі мүмкін. Бұл кезде сау өкпенің тыныс алуымен байланысты оның қимылы, созылу-жиырылу тербелістері компенсаторлы күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |