Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет50/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Қатты везикулярлық тыныс. Бұл тыныс түрі бронхиттар, бронхопневмониялар кезіңде, бронхтың ішкі беткейі оның шырышты қабатының бөртіп ісінуінің әсерінен немесе бронх ішінде қақырық түсіп тарылуынан болады. Ауаның өту жылдамдығы өседі, альвеолалардың қабырғалары қатты керіледі, бірақ та ауаның өту жылдамдығы бронхылардың бойы бірдей болмағандықтан, тербеліс амплитудасы да бірдей болмайды. Сондықтан, қатайған везикулярлық тыныс қатқыл, біркелкі болмай, дыбысы жуандау болып естіледі, бұл кезде ауа шығару фазасы ұзарады. Қатайған везикудярлық тынысты күшейген везикулярлық тыныстан ажырата білу керек. Күшейген везикулярлық тыныс, қалыпты, везикулярлық тьнысқа сәйкес жұмсақ біркелкі, бірақ та одан күштілеу, жуандау естіледі. Міне, осы қасиеттерімен ол қатайған везикулярлық тыныстан ажыратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет