Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


Үзілісті тыныс (саккодирленген)



бет51/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Үзілісті тыныс (саккодирленген) - везикулярлық тыныстың бір түрі боп табылады. Бұл тыныстың ерекшелігі үзілістермен естіледі. Бұл тыныс кейбір ұсақ бронхыларда шырыш болса немесе бронхтың ішкі кілегей қабаты бөртіп іскенде ауаның өтуіне бөгет болады да, ауа үзіліспен өткеннен тыныс та үзіліспен пайда болады. Осындай тыныс тек қана өкпе ұшынан естілсе, туберкулез үдерісінің барлығын көрсетуі мүмкін.

Кейбір клиницистер қалыпты жағдайдың өзінде тағы бір тыныс түрін есітіп ажыратады, ол бронхо-везикулярлық тыныс. Бұл тыныста везикулярлық және бронхиалдық тыныстардың араласқан түрлері бар. Ондай тыныс оң жақ өкпенің үшынан естіледі, өйткені оң жақтың жоғары бөлігі сол жақпен салыстырғанда кеңірек, қысқалау және жоғарылау орналасқандықтан кеңірдектегі бронхиалдық тынысқа тән кейбір қасиеттер өкпе ұшына дейін беріледі.

Бронхиалдық тыныс везикулярлық тыныстан айқын ажыратылады. Бронхиалдық тыныс қатқыл түрде естіледі, тыныс алудың екі фазасында да, дем шығару фазасы дем алудан ұзағырақ, жуанырақ және қатқылдау естіледі.

Бұл дыбыс "X" дыбысын ауызды ашып тұрып айтқанда естілетін дыбысқа ұқсайды. Бронхиалдық тыныс, кейбір авторлар айтқандай, ол ларинготрахеадды тыныс, қалыпты жағдайда алдынан көмекей, кеңірдек, төс тұтқасы үстінен (кеңірдек тарамының проекциясына дейін), арт жағында VII мойын омыртқасынан III—IV кеуде омыртқалар үстінен естіледі. Өкпенің басқа аймақтарында естілген бронхиалдық тынысты патологиялық үдерістердің әсерінен пайда болады деп есептеуге болады.

Бронхиаддық тыныстың пайда болатын жері — көмекей. Бұл дыбыс байламдары орналасып тарылған жер. Тар дыбыс саңылау арқылы өткенде тербелістер туғызады. Сондықтан, бұл жерде қатқыл, шуыл дыбысы пайда болады. Физиологиядан белгілі, дыбыс саңылауы ауа шығарған кезде тарлау болады, сол себептен бронхиалдық тыныс бұл фазада ұзақтау және күштілеу естіледі, бұл тыныс алу фазасымен салыстырғанда көмекейде пайда болатын бронхиалдық тыныс төмен қарай кеңірдек тарамдары арқылы таралады, бірақ та қалыпты жағдайда өкпенің альвеолалары бұл тербелістерді басып тастағандықтан кеуде клеткасының аталған жерлерінен басқа аймақтарынан естілмейді.

Патологиялық бронхиалдық тыныс жақсы өткізетін жағдайларда пайда болады және естіледі. Осындай жағдайлар келесі патологиялық үдерістер кезінде пайда болуы мүмкін: 1) өкпе тінін тығыздайтын өкпе аурулары; 2) өкпеде қуыс (каверна, өкпе абсцесі) пайда болса; 3) компрессиялық ателектазда; 4) ашық пневмоторакста. Дыбыстарды жақсы өткізетін өкпе тінінің тығыздалуы өкпенің крупозды қабынуында, өкпе туберкулезінде, өкпе инфаркты кезінде болады. Бронхиалдық тыныстың өкпе қуысы үстінен естілуі өкпедегі қуыстың орналасуына, оның мөлшеріне және оның бронхпен қатынасуына байланысты. Егерде өкпедегі қуыс кеуде клеткасы кабатына жақын орналасса, көлемі жеткілікті түрде болса және бронхпен қатынасып тұрса, ондай қуыс үстінен бронхиалдық тыныс естіледі. Бұл жағдайда қуыс өзі резонанс заңы бойынша, дыбыстарды күшейтеді және реактивті қабыну әсерінен қуысты айнала жатқан өкпе тіні тығыздалады, сондықтан, бронхиалдық тыныс жақсы естіледі.

Егерде қуыс мөлшері өте үлкен болса және де ол беткей орналасса, беті біртеғіс болса және бронхпен қатынасса, ондай жағдайда қуыс үстінен амфорикалық тыныс естілуі мүмкін, ол бос құмыраға ауа үрлегенде пайда болатын дыбысқа ұқсайды. Бұл тыныс тағы да тыныс алудың екі фазасында, яғни ауа жұтып, ауа шығарған кезінде де естіледі, ол бронхиалдық тыныстың бір түріне жатады. Қуыстың көлемі кішкентай болса және ол терең орналасса, оның төңірегінде сау өкпе тіні жатса, ондай жағдайда қуыстың үстінен бронхиалдық тыныс естілмейді, перкуссия арқылы өзгеріс анықталмайды, қуыс тек рентген сәулесімен зерттегенде ғана көрінеді.

Экссудатты плевритте пайда болған компрессиялық ателектаз үстінен тағы да бронхиалдық тыныс естілуі мүмкін, ең бірінші мұны неміс клиницисі Шкод суреттеп жазған болатын. Бронхиалдық тыныс ашық пневмоторакс кезінде естіледі. Бронх пен плевра куыс арасында тікелей байланыс болуы себебінен, бұл тынысты металдық тыныс деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет