Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет56/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Бронхофония стетоскоп немесе фонекдоскоппен сыбырлағандағы сөздерді есту арқылы жасалынады. Науқастан ызыңдаған, ысылдаған дыбыстары(ч, р) бар сөздерді сыбырлап айтуды сұраймыз ("қырық төрт", "бір шыны шай"). Фонендоскопты науқастың са-лыстырмалы аускультация жасаған орындарына қойып тындау керек. Сау адамдардан бұл сөздерді сыбырлап айтқанда өкпе үстінен түсінбейтін, анық емес сөздердің дыбыстары естіледі. Бронхофония мен дауыс дірілін зерттеу әдістерінің физикалық негіздері бірдей. Өкпеде немесе өкпе қабы куыстарында патологиялық үдерістер кезінде бронхофония күшейеді, кейде оның әлсіреуі де мүмкін.

Бронхофонияның күшеюі өкпе тінінің тығыздалуы кезінде (өкпе қа-бынуы, өкпе туберкулезі, өкпе инфаркті) немесе өкпеде қуыс пайда болған (каверна, абсцесс, ірі бронхоэктаз) шақта анықталуы мүмкін. Тығыз өкпе тіні дыбысты жақсы өткізеді, соған байланысты бронхофония да күшейеді.

Бронхофонияның күшеюі каверна үстінен де анықталады, бұл жағдайда каверна куысы дыбыстың өзі резонанс заңы бойынша күшейтеді және өкпе куысы айналасындағы тыгыз. реактивті қабьнған өкпе тіні тығыз болғандықтан күшейген дыбыс құлаққа бронхофония, сонымен қатар компрессиялық ателектаз және ашық пневмоторакс кезінде анықталады. Бронхофонияның әлсіреуі дауыс дірілінің әлсіреуіне сәйкес келеді (экссудатты плеврит, гемо, пневмоторакс, обтурациялық ателектаз). Бронхофонияның пайда болу жолы дауыс дірілінің пайда болуымен бірдей. Сондықтан да бұл феномендердің диагностикалық маңызы да бірдей. Айырмашылығы - дауыс дірілі пальпация тәсілімен, бронхофония аускультация тәсілімен анықталады
Тыныс алу жүйесі патологиясы кезінденгі лабораторлы және инструментальды диагностикасы. Өкпе тканінің тығыздалу синдромы.. Себептері. Синдромдары,олардың механизмдері. Диагностикалық

әдістері.

Тыныс алу мүшелерін тексеруде қолданылатын тәсіл 3 топқа бөлінеді;

1. аспапты тәсілдер; 2. лабораториялық тәсілдер;

3. дәрігерлік малипуляциялар (плевра және лимфа пункциялары).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет