Клиникалық бейнесі.Сырқаттың негізгі төрт клиникалық түрі бар. Бірінші түрі – ең жиі кездесетін тері түрі. Науқас әлсізденіп, дене қызуы көтеріледі. Аяқ – қолында, кеудесінде папулезді майда геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Бөртпе тері үстінде орналасады, саусақпен басқанда жойылып кетпейді. Екінші түрі – буын түрі. Науқастың денесінде неше түрлі геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Сонымен қатар науқастың буындары ісініп, қызарып, ауырсыну білінеді. Ауырсыну көшпелі болып келеді. Негізінде ірі буындар зақымданып, соның салдарынан науқас жүре алмай қалады. Үшінші түрі – іш түрі. Науқастың денесінде бөртпелер байқалады, буындары зақымданады, бірақ аурудың негізгі клиникалық белгісі – іштің өте қатты ауыруы болып табылады. Іштің ауырғаны ұстама түрде өтеді. Ол ішек қабырғасына қан құйылудан болады. Науқас құсып, іші өтеді. Нәтижесінде құсықта және нәжісте қан білінеді. Дене қызуы 380 – 400 -қа дейін көтеріледі. Төртінші түрі – ең ауыр, шиеленіскен түрі. Дене қызуы 400 – қа дейін көтеріледі, бүкіл денесіне бөртпелер жайылады. Бөртпелер жараланып, өлі етке айналады. Науқастың буындары ісініп, қызарып қызметінен айырылады. Асқазаннан, ішектен қан кетуі мүмкін. Шетті қан анализінде қан аздық белгілері байқалады, ЭТЖ артады, лейкоциттердің мөлшері көбейеді, тромбоциттердің мөлшері өзгермейді
Емі. Қабыну дәрісін басу үшін глюкокортикоид гормонын қолданады. Клиникалық көріністердің дәрежесіне байланысты преднизолонның мөлшерін тағайындайды. Буын синдромында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (вольтарен, индометацин, бруфен) қолдану қажет. Қансырауды тоқтату үшін көк тамырға кальций хлор ерітіндісін енгізеді. Ұсақ тамырлардың қабырғаларының өткізгіш қасиетін қалпына келтіру үшін рутин, аскорбин қышқылын тағайыңдайды.