Клиникалық жағдай № 41
Орны: Емхананын хирургиялық кабинеті
Шарты:40 жастағы науқас К, оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну 8 сағат бұрын эпигастрий аймағында басталып, оң жақ мықын аймағына шоғырланған. Нәжісі және кіші дәреті өзгеріссіз.
Шағымдары:лоқсу, құсу, тәбетінің болмауы, ішінде, мықын тұсында ауырсынудың болуы.
Жергілікті:оң жақ мықын аймағын басып тұрып, қолды кенет жібергенде ауырсыну күшейеді.
Дене қызуы 37,2.
Студентке арналған тапсырма: Диагнозды қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: студентті төменде келтірілген әр пункт бойынша баллдық жүйемен бағалаңыз.
№
|
Қадамдар
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Пациенттің жанына орындыққа отырып, өзін таныстырды. Пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын , жұмысын сұрады. Шағымдарын, анамнезін сұрастырды.
|
|
|
|
2
|
Қолын антисептикпен өңдеді. Резеңке қолғап киді. Пациентті тыныштандырды. Жүргізілетін манипуляцияның мақсатын түсіндірді. Келісімін алды.
|
|
|
|
3
|
Пациенттің жалпы жағдайын бағалады. Дене қызуын өлшеді.
|
|
|
|
4
|
Науқасты горизонтальды қалыпта орналастырды.
|
|
|
|
5
|
Объективті қарады:
1. Ровзинг- сол жақ мықын аймағын басып қалғанда, ауырсынудың оң жақ мықын аймағында пайда болуы.
2. Ситковский- науқасты сол қырына жатқызғанда, ауырсыну оң жағында күшейеді.
3. Бартомье-Михельсон-науқас сол қырында жатыр. Пальпация кезінде ауырсыну оң жақ мықын аймағында күшейеді.
4. Образцов- науқасты шалқасынан жатқызып пальпация жасап, оң аяғын тізеден бүкпей котергенде ауырсыну күшейеді.
5. Щеткин-Блюмберг- 4 саусақпен оң жақ мықын аймағын басып тұрып, қолды кенет жібергенде ауырсыну күшейеді.
|
|
|
|
6
|
Іш жүргізетін дәріні қабылдауға, тамақ жеуге және су ішуге тиым салды.
|
|
|
|
7
|
Ауырсынуды басатын дәріні қолдануға тиым салды.
|
|
|
|
8
|
Үнемі АҚҚ, пульс, тыныс алуды бақылап отырды.
|
|
|
|
9
|
Науқасты хирургия бөлімшесіне зеңбілмен тасымалдады.
|
|
|
|
10
|
Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.
|
|
|
|
Бағалау критерийлері
0 балл – әрекет алгоритмі орындалған жоқ
1 балл-әрекет алгоритмі ішінара орындалды
2 балл – әрекет алгоритмі толық орындалды
Балдардың жалпы саны: 10 (100%) ,
Жиналған балл саны: ___ ( ___%)
Оқытушы: ___________ ________________________
(қолы) (оқытушының аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |