ҰЛАН ТҰЗ САҚТАЙДЫ, ҰРҒАШЫ ІН САҚТАЙДЫ
Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгініске келіп, біреуі:
Түлкіні мен қырдан қуып келіп індетіп едім,— дейді.
Бұл кісінің зерлеп қуып келгені өтірік, менің жерімдегі түлкі,—дейді екінші қісі.
Би екі даугердің сөздерін естіп болған соң:
«Бидің бізді жас балаға жібергені қалай? Біздің дауымызды ұнатпағаны ма? Бірақ жібергесін айтып көрейік»— деп, балаға жүгініске келген дауларын айтады. «айтатын дауымыз бар» деген соң жүгіріп жүрген бала тұра қалып:
Олай болса, айтыңыздар,—дейді. Екеуі арасындағы түлкі дауларын айтып болған соң бала астындағы атын айдап, «айтшу!» деп жүріп кетіп тоқтап, былайша билік айтады: ,
Түлкі еркек болса сенікі дейді, алғашқы «қырдан қуып келіп індеттім» дегенге; «ұрғашы болса сенікі» дейді, «менің жерімдегі түлкі» дегенге. Бұл сөзге екі даугер түсінбей:
Бұл қалай, әкесі мазақ қылып жіберіп еді, баласы
да мазақ қылғаны ма?— деп Әлібек биге келіп, естіген
сөздерін айтады.
Төлеге сөзімізді айтып едік, еркек болса сенікі, ұрғашы болса сенікі,— деді.
Төлем төресін түзу берген екен, түлкінің ұланы түз сақтайды, үрғашысы ін сақтайды. Егер еркек түлкі болса қырдан ізімен қуып келіп індеткені рас, түлкі саған тиісті, егер ұрғашы түлкі болса — жер иесі саған тиісті,— депті Әлібек.
Достарыңызбен бөлісу: |