Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты


ӨЗІ БОЛҒАН ЖІГІТТІҢ ТҮП АТАСЫН СҰРАМА



бет59/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

ӨЗІ БОЛҒАН ЖІГІТТІҢ ТҮП АТАСЫН СҰРАМА
Орта жүздің бір адамының құны Кіші жүзден көптен тимей жүреді. Кейінгі уақытта Жайық бойындағы Кіші жүзден Арғынғазы деген хан шығыпты,, «өзі қара қылдьі қақ жарған әділ дейді» деген лақап тарайды. Соны естіп, неше жылдан бері қарай тимей жүрген құнын сұра-маққа Торғай уезіндегі Арғындардан сол уақыттағы ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен билерден бес-алты адам Арғынғазыға баруға атқа мінеді. Кіші жүзге бара жатқан-да билер:

  • Ханға қалай танып көрісеміз, ханның өзі де, қасын-дағы билері де бір түсті ақ киім кшп отырады дейді,— деп өзара» кеңеседі. Сонда Жауғашар Меңдібай шешен ханды танып көрісуді өз мойнына алады. _

Ханның ордасына рұқсат сүрап түсіп, есіктен сәлем беріп кірісімең, Мендібай шешен орда толы отырған шаршы топқа қарап:

Хан, еенің атаң хан болып үлкен болғанмен, зуіенің атам Жәнібекке күйеу еді. Сен жиеннен туған жиеншар едің. Қасыңдағы қарашың отырып көріссе де, сен маған тұрып көрісуге міндеттісің!—дейді.

Сонда Арғынғазы отырған орнынан ұшып түрегеп, қол-дарын алып көріседі. Сөйтіп ханды басқаларынан айырып танып алып, амандасьіп, тамақ ішіп жайланғаннан кейін Сексенбай би ханға келген жүмыстарының мәнісін айтып:

  • Біздің келген жұмысымыз туралы сөзді кім бастай-ды? Кәне, қолға ала отырайық,— дейді.

Арғынғазы ханның қасында отырған Арық би:

Төрде отырған ханнан басталсын, болмаса төрт боса-

ғаның бірінен басталсын,— дейді. Сонда Сексенбай отырып

Арық биге қарап:

  • Босаға төртеу емес, сегіз еді ғой!—дейді.

Арық Сексенбайдың аяқтан шалғанын ұнатпаған пішін-мен:

«Өзенді жер тұрғанда,

Өзге жерге қонған ит.

Өзі болған жігіттің

Түп атасын сорған1 ит»—

деген-ау! Мына Сексенбайдың қылып ртырғанын қарашы,— депті. Сексенбай: «Бұл сөз екеу емес, төртеу еді ғой»— дейді... Арғынғазы хан сөзді осы арадан пьщіақ кеекендей тоқтатып:

  • Ой, Сексенбай би мен АрЫқ би, тоқтай тұрыңдаршы! Мына Сексенбай бидің бір-екі ауыз сөзі шешілмей кетіп барады. Бір ретте «босаға төртеу емес, сегіз еді ғой» деді. Екінші ретте «бұл сөз екеу емес, төртеу еді ғой» деді. Соны сұрайық деп, т\рықты тоқтатып Сексенбайдан сөз сұрагіты.

—- Уа, босағаны сегіз деуімнің мәнісі: кеше Үш жүздің баласы ақтабан шүбырынды болып, әр жаққа тарап қоныс аударғанда, Үш жүздің арасынан кісі өлімі болса, құны пәлен болсын деп, Үш жүзден сегіз кісі шығып билік айтып, қазақтан хан болған адам құн туралы осы билікті қолдансын,— деп тапсырып кетіп еді. Ол билік айтқан сегіз кісі: Тама Есет батыр, Табын Серке, Қаракесек Қазыбек, Бөгенбай, Қошқарұлы Жәнібек, Малай сары, Қанжығалы Қаракерей Қабанбай деген адамдар еді. Мына бір құн туралы хан алдында сөйлесіп отырмыз, сөз хан-нан да, төрт босағадан да басталмай, сол Үш жүзден шығып билік айтқан сегіз адамның жолы бойыніыа жүрейік, хан туралы көп сөз болмасын дегенім еді.

Екінші—жаңа Арық би сөзін маған тигізіп:

«Өзенді жер тұрғанда,

Өзге жерге қонған ит.

Өзі болған жігіттің,

Түп атасын сорған ит»—

деді. Оның қалған екеуі:

«Батпан бұлың жоқ болса,

Базарлы жерге барған ит.

Жебелі ерің жоқ болса,

Жертесесін сорған ит»—

деген сөз еді.

Арықтың бұл маған тигізіп отырған еөздері, «Өзенді жер тұрғанда, өзге жерге қонған ит» дегені: өзі Үш жүзден шығып билік айтқан сегіз адамды білмей, қасында өзен сияқты хан отырғанда сөзді кімнен басталады деп сұрады дегені еді. «Өзі болған жігіттің түп атасын сорған ит»,— дегені: менің атам құл еді, ханның жолын білмей нәсілсіз-дігіне барып отыр деп мені ит дегені еді. Арық би хан қасында отырып, Үш жүздің ығай мен сығайы тастаған қасқа жолды білмей отырса не шара бар?

Менің «Батпан бұлың жоқ болса, базарлы жерге бар-ған ит»— дегенім: еш нәрсені, ескі қазақтың жолын білмей отырған Арықты бас би етіп саудаға салып отырған Арғын-ғазы хан ит дегенім еді. «Жебелі ерің жоқ болса, жер тесесін сорған ит» дегенім: еш нәрсенің өрісіне, ақырына қарамай Арық би менің атамның құлдығын қазды; шынында ханның қасындағы би алысқа ббйлап ұзай алмайтын жебе-сіз болса, кісінің өзійе қарамай нәсіліне қараған, мына жер төсімді (атамды) қазған би сен ит дегенім еді депті,

Арғынғазы Сеқсенбайдың сөздерінен жығылып, Арыққа ұрысыпты. Үш жүзден шығып билік айтқан жоғарғы адам-дардың билігі бойынша орта жүзге құн беріп қайырыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет