Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет98/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

СЫРЫМНЫҢ ҢҮРАЛЫ ХАНДЫ ШАБУЫ

(3—нұсқа)

Сырым Жайық беріші Алдар бимен кеңеседі. Ол туралы ел аузында мынадай сөз сақталған: .

Хандардың ең ақыры Нұралы еді,

Төренің «Арқар» деген ұраны еді.

Хан ұлын батыр Сьфым шабарында,

Ақылды Алдар биден сұрап еді.

— Нұралы ханды шабамын деуің дұрыс. Ол халықтың қас дұшпаны екені рас. Оны шабу үшін тайың құнан шықсын, құнаның дөнен шықсын,— депті Алдар би. Онысы бір-екі жыл әзірлену керек дегені екен. Күш жиып, ханды шабу үшін ру басы адамдарының аттарын атайды. «Солар арқылы қол, қару-жарақ жйнап аттанғайсың?»—дейді қарт. Аталған ру басыларының ішінде Беріштің Жонбай себегі Саржала бар екен. Оны атағанда Сырым Саржаламен көңілдері қоңырқай болып жүргенін айтыпты. Оның мәнісі былай болса керек, Сырым батыр әкесі Дат қайтыс болған соң, оның сүйегін Беріштің бір атақты қорымына қояды. Басына биік етіп мола соғады. Даттың моласы алыстан көрінеді, қорым Даттың атымен атала бастайды. Мұны естіген Беріштің биі Саржала 40 адаммен барып, Даттың моласын құлатып, тасын ұсатып айнала шашады да, Беріштің моласын сылап-сипап қалпына келтіріп қайтады.



Сырым батыр Саржаланың бұл ісіне іштей наразы болып жүреді екен. Соны айтқанда Алдар би: «Саржала екеуіңнің араларыңдағы болған көңілдің қоңырқайлығы халықтың қас дұпшаны Нұралыны шабуға кесірі жоқ. Негізгі мақсат ханды құрту ғой! Оны орындап шығу үшін Саржалаға барып айту керек. Ол елден қол жинасып көмектеседі!» деген. Ақырында «қартайьщ отыр» деп ханға қарсы аттанарда шалынды ұмытып кетпе, мен де күресіңе үлесімді қосамын,— депті қарт.

Елден қол жинап болып, Сырым батыр Алдар биге келсе, қару-жарағымен, ат-азығымен жүз жігіт әзірлеп қойған екен. Жинаған қалың қолмен барып Сырым Нұралы ханды шабады. Үлын ұрымға, қызын қырымға жібереді. Ханның қатын-баласының ішінен тек бір ханымды ел Сырымнан сұрап алып қалады. Оның аты Жұмсақ ханым деседі. Ал Нұралы ханның қарақан басы қашып құтылып, Жайық бойындағы казак-орыс байларына барып тығылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет