Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты


АЛДАР БИДІҢ СҰРАУЫНА СЫРЫМНЫҢ ЖАУАБЫ



бет101/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

АЛДАР БИДІҢ СҰРАУЫНА СЫРЫМНЫҢ ЖАУАБЫ

(2-нұсқа)

Сырым Есімханды өлтіріп келгенде, Алдар би:

— Қарадан хан болдың,



Айырдан нар болдың,

Жоқтан бар болдың.

Көнеден дәурен озды,

Кандей қамқа тозды.

Атадан ұл озды, ,

Анадан қыз озды,—

депті.

Сырым сонда былай деп жауап қайырған екен:

  • Қарадан хан болсам,

Халқым қалаған болар.

Айырдан нар болсам,

Атам жараған болар.

Жоқтан бар болсам,

Құдайым қараған болар.

Көнеден дәурен озса,

Жасы жеткен болар.

Көндей қамқа тозса,

Күтімі кеткен болар.

Атадан ұл озса,

Еркіндігі болар,

Анадан қыз озса,

Еркелігі болар.

Сонда Алдар би: «Жарайсың балам, жарайсың, қадамың қайырлы болсын!»— деген екен.
СЫРЫМНЫҢ ҮРГЕНІШ ШЕШЕНІМЕН АЙТЫСЫ
Сырым Үргеніштің ханына барып, жүз көріс қылған, хан Сырымның атағын сырттан: «Қазақтың өзі шеыіен, өзі батыр кісісі» деп есітеді екен. Хан Үргеніщ шешені мен Сырымды айтыстырыпты.

Үргеніш шешені:

  • Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не?—

деп сұрайды.

Сырым батыр:

  • Сөз анасы құлақ,

Су анасы бұлақ.

Жол анасы тұяқ!—

деп жауап береді. Үргеніш шешені:

  • Дау мұрады не?

Жауда мұрады не?

Қыз мұрады не?

Жол мұрады не?—

дейді.

Сырым Батыр:

  • Дау мұрады — біту,

Сауда мұрады — ұту.

Қыз мұрады — кету,

Жол мұраДы — жету,—

дейді.

Үргеніш шешен:

  • Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не?—деп сұрайды.

Сырым батыр:

  • Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз?— дейді.

Үргеніш шешені: ,

Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме?—



дейді.

Сырым батыр:

  • Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді,—дейді.

Үргеніш шещені:

  • «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген, сіз қонақсыз, өз елінізге барғанда біздің халықты қандай ел көрдім деп барасыз?— дейді.

Сырым батыр сонда:

— Ешкісі семіз қойы арық —


Мал сорлысы сонда екен.
Жері сортаң, суы ащы,

Жер сорлысы сонда екен.

Қатыны семіз, ері арық —

Ел сорлысы сонда екен,—

деп барамыз да, өтірік айтар дейсіз бе?— деген екен.

МОЛДА МЕН СЫРЫМ

Сырым жол жүріп қеле жатьш бір мешітке кез болып, намаз оқуға мешітке кіреді. Сырымнын жеңінің ұзындығы етегімен бірдей екен. Мешітке кіріп иамаз оқығанда жеңін - түрмей, қолын жеңінен шығармай оқиды екен. Молда Сырымның бұл қылығына наразы болып, шариғат кітабын қолға алып, намаз оқығанда қолды шығарып оқу керек деп ескертеді.

  • Қолды жеңнен щығармай оқудың қандай зияны бар?—деп сұрайды Сырым

  • Қолыңды шығарып оқысаң, қолға^ нұр құйылады, алақаныңмен бет сипағанда сол нүр бетіңе жағылады,— дейді молда.

—- Ол нұр қайдан келеді?— деп сұрайды Сырым.

— Көктен қеледі — дейді молда.



  • Япырауу молдеке мен бұл шариғатыңызға түсіне алмадым. Сіздің айтуыңызша, жеті қат көктен, үш кабат мещіттің төбесінен өткен нұр менің жалаң қабат шекпенімнің жеңінен өте алмас дейсің бе?— депті.

Молда қысылып, жауапқа сөз таба алмай қалыпты.

СЫРЫМ МЕН ИШАН

Сырым батыр бір жолы Бұхарға барады. Сол күні молдалар мешіттё жұма намаз оқып жатьф екен. Сырым мешіт жанынан өгіп бдра жатса бір молда жанына келіп:

  • Ей. қазақ, намазға жүрі—деп, Сырымдм ертіп апарып ишанның артына тұрғызып қояды. Батыр неден бастарын білмей, аузына тускенін айта береді. «Көндірмеске көндірген қудай көрінгеннің артына төндірген құдай!..» дей бергенде, артта тұрған молда естіп, Сырымды желкеден нұқып калады. Сырым да алдындағы ишанды желкеден бір түртіп қояды. Ишан намазын бұзбай оқи береді. Намаз оқылып болған сон ишан:



  • Мені ұрған кім?—дейді.

  • Мен, - дейді Сырым.

  • Ә, неге ұрдың?—дейді.

  • Мен сахарада сркін өскен қазак едім. Мына кісі мені әкеліп намазға тұрғызып қойды. Не дерімді білмей аузымды күбірлетіп тұр едім, артымнан түртіп қалды. Намаз кезінде алдыңгысын артымдағы кісі түртіп түратын әдеті екен ғой деп, менде сізді бір түйіп қалдым, -дейді Сырым.

-- Сахара қазағын әкеліп намазға тұрғызған акымак,
деп ишаи молғаға дүре-салғызыіпты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет