Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет102/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

ХИУА ХАНЫ МЕН СЫРЫМ

3-нүсқа

Сырым батырды Хиуа ханы қайта-қайта қонаққа шақырып қоймайды. Бөкен би Сырымға: «Хан тұқымы қара ниет болады, барма» дейді. «Батыр аңқау, ер көдек» деген емес пе, Сырым «неде болса, бір барып қайтайыншы, не қылар дейсің?»—деп баруға бел байлап, бет алады.

  • Барсаң — бар, қасыңа Таумұратты ал, өзіңдей ер көңілді, жарлының жайсаңы ғой, жауға жалғыз тастамас, дұщпаныңа таба қылмас. Бірақ жат жерде жалғыз жүрме, алдымен иесі ауыз тимей, асын ішпе, жазым боласың,— дейді Бөкен би.

Сырым батырдың келе жатқанын естіген хан алдынан үй тіккізіп, құрмет көрсетіп, алдап қолға түсіруді ойлайды. Ең болмаса елге күлкі ғып, абыройын түсіріп жібергісі келеді.

Сырым хан ордасынынң табалдырығын аттай бергенде хан:

  • Батыр, аяғыңызда нәжіс бар ғой!— дейді.

  • Тақсыр, ордаңыз дін ашылған жер екен десем, боқ басылған жер ме еді!— деп аяғын кілемнің шетіне сүртіп өрлеп келіп отырады.

Хан амандасқаннан кейін:

  • Батыр әр түрлі қызық тамашамыз бар. Сізді соның ішінде болсын деп шақыртып едім. Балуанға түсетін жігітіңіз, бәйгеге шабатын жүйрігіңіз, айтысатын шешеніңіз бар ма?— дейді.

  • Хан, хабарсызбыз, қамданып келгеніміз жоқ. Сөйтсе де ат асіымызда, жігіт қасымызда, хөз аузымызда, ақыл-дасып көрерміз,— дейді Сырым.

Хан ертеңіне жүйрік аттарың, палуан жігіттерін, шешен билерін жинай бастайды.

Сырым жолдасына ақылдасқанда, Таумұрат былай дейді:

  • Кісі белін ұстап көрсен пенде емёспін, бірақ шөл-дегенде жыңғылдың бұтағын бұрап, суын сығып сусындай беретін едім. Атым ?да бұрын бәйгеге қосылған емес, бірақ күніне қырық киік соққанда да шабысынан танып көрген емес. Күрес десең күресем, шап десең шабамын. Жалғыз-ақ күресетін кісінің белбеуі мықты болсын, ат ай-дайтын жер алыс болсын. Тақрбас деген палуанмен күресіп, қабырғасын сындырады. Таумұраттың жирені үш күншілік жерден күн жарым бұрын келеді. Ат бәйгесі мен палуан күресінен жеңілген хан ең болмаса сөзден сүріндірейін деп Сырымға үш сұрақь береді:

Сырым палуан күрестен де, ат жарыстан да, ақыры айтыстан да жеңіп, бас бәйге алып, еліне абыроймен қайтады. Жат жерде жалғыз жүрмей, алдымен иесі ауыз тимеген асты ішпей, аман-есен келе жатқанда, ханның жансызы бір мыстан кемпір «қош, балам» деп қу шыбықтың ұшымен батырдың үзеңгісін түртеді. Ауылдан шыға бере батыр атқа отьфа алмай: «Уландым, Таумұрат елге хабарла!»— дейді.

Бөкен би: «Аяғынан уланған екен, маңдайынан жақ» деп шапқыншыға нар күміс деген дәрі береді. Бірақ дәрі алып Таумұрат жеткенше, Сырым батыр қайтыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет