Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет99/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

СЫРЫМ БАТЫРДЫҢ ХАНДЫ ШАБУЫ
Нұралы атасы Әбілқайыр хан дүниеден қайтқан соң оның орнына Жайықтың шығыс бетіндегі кіші жүз нәсілдері — Әлімұлы, Байұлы, Жетіруға хан болып тұрады. Нұралы Руссия патшасына қадірлі хан болып, сырт би-лікті Руссия патшасьша беріп, елді қысьш, мықтап ұстайды. Өзі даңқты, әрі білімді, бай һәм саясатқа жетік болады. Көп әйел алып, отыз ұлды, қырық қызды Нұралы хан атанады. Әр қатынның баласы басқа-басқа тәрбиеде өседі. Балалары ер жетіп, өз тізгінін ұстаған соң олардың жақсылары да, жамаңдары да байқала бастайды. Мысалы, бір қатынның баласы Бөкей кіші жүздің бір тармағын билеген. Енді бір қатынның баласы Қаратай, Есім, Орман — «бес бөрі» атанған сотқар болған. Енді бір қатынның баласы Сығалы, Қисық дегендер өте тентек, ел бүлдіргіш болған, тағы сол сияқтылар. Сығалы, Қисық «хан баласымын» деп елге азар береді, еріксіз мал сойғызьш, қыз-келіншегі бар үйге ықтиярсыз қонады. Біреудің тәуір малы болса, - берсе қолынан, бермесе жолыңан қолдап алады, ондай малдарын халық ханға айтуға қорқып, кіші жүз Байұлы Байбақты руынан шыққан Дат баласы Сырымға айтады. Сырыммен хан құда екен. Сырым Нұралының Есімхан деғен баласьша қыз берулі. Сырым Нұралыға балаларының елге берген жәбірін айтып, тыйым салуын талап етсе, Нұралы «балалардың ойын-күлкісін айтьш не керек» деп, Сырымның сөзін аяқсыз қалдырады. Екінші, ханның өзі де елдің жарамды атын қоймайды һәм үй басына алым-салық салады. Үшіншіден, Нұральщың бел баласы, Сырымның күйеу баласы Есімхан Сырымның аулына келіи қонак, больш жатьш, түнде Сырымның қызының бір тұлымын Ісесіп әкетеді. «Есімханды ұстап берсін» деп Сырым Нұралыға кісі жібереді. Бірақ оны Нұралы хан тыңдамайды. Сөйтіп батыр мен хан араз болып, ел арасында жік шығады, ел қозғала бастайды. Ақырында Сырым Хиуаның ханына барып, ханның қазысынан:

  • Әділ болуға шартпен тұрған ханды өлтірсе құны не болады?—деп сұрайды. Сонда хаңның қазысы айтады:

  • Әділ болуға шартпен тұрған ханды өлтірсе, оңың құнын төлеуге дүние жетпейді,— дейді. Сонда Сырым айтады:

  • Егерде сол шартпен тұрған хан шартынан айнып, екі заңға бірдей қарсылық етсе, оның құны не болады?— дейді. Сонда қазы айтыптьі:

  • Екі заңға бірдей қарсы болып, шартын бұзған ханды өлтірсе, оның құны жоқ,— депті.

Сонан кейін Сырым елге келіп жігіттерге жел беріп, көп халықты ұйымдастьфып, Нұралыны шаппақ болып аттанады. Бұл хабардк есітіп, Сырыммен қарсыласуға төтеп бере алмай һәм үкіметтен жәрдем ала алмай Нұралы хан қашады. Сол қашудан қайта орнын көре алмай Уфа шәһәріне барып, башқұрттармен бірге болып, ақырында сол башқұрттардың арасында дүниеден қайтады. Сырым Нұралының ауылын шауып, Есімхан деген баласын өлтіріп, Нұралының орнына 1785 жылдан кейін «хан» болады. Сырым қазақ халқына жағымды жақсы хан бола тұрса да, Руссия патшасына бағынбай, үкіметпен қарсы болып, ақы-рында жауласып, өкіметтен жеңіліп, Хйуаға ығысьш кетеді. Хиуаның ханымен дұрыс тұра алмай, әр түрлі амал-қулық-тарына қарсы больш, амал көрсеткен себепті ақырында зынданға алынып, сол түрменің ішінде өз қолымен у ішіп, дүниеден қайтқан екен, қабірі сол Хиуа шәһәрінде.

ХАН МЕН СЫРЫМ

Хан Сырымнан:

  • Өтірік пен шындық арасы қандай?—деп сұрадты,

  • Өтірік пен шындық арасы төрт-ақ елі. Құлақ естіген өтірік, көз көрген рас,— дейді Сырым.

  • Жазғытұры жер бетінде 60 түрлі қурай шығады, қайсысы асыл болады?—депті хан.

-— Көкпек деген шөп асыл болады. Басқасы күзде қурап, ұшып кетеді. Бұл қыста да көктеп тұрады, азбайды,— деп жауап беріпті Сырым.

  • Тым сөзің көп екен,— депті хан.

  • Сөзі көпті айыптасаң 220 қағазы, 440 беті бар құранды айыпта. Менің сөзім құранның сөзінен көп емес, кем де емес,— депті сонда Сырым батыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет