Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет63/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

ҚАНАЙҰЛЫ БЕКБОЛАТ ШЕШЕН

Абылай ханның тұсында Қарауыл Қанайұлы Бекболат би Қаздауысты Қазыбекке, Шақшақұлы Жәнібекке еріп, Кіші жүз алшынға бір дауға барады.Бітім сөйлесуге Кіші жүзден бір кісі шығады. Амандықтан кейін әлгі кісі алақа-нын ашып үндемей тұрады^ Бекболат: «құп болады» дейді. Тағы да алақанын жұмып қолын созады, Бекболат: «құп» дейді. Саусақтарын жазып, қолын созып тұрады, Бекболат: «құп» дейді. Екі қолын түйістіріп, бірінің үстіне бірін салып тұрады, Бекболат: «құп» дейді. Тағы да сегіз саусағын көрсетеді, Бекболат: «құп! дейді. Содан кейін Кіші жүздің кісісі кетіп қалады. Бекболат қасыңдағы билерге: «дау бітті, біз енді елге қайтайық» дейді. Елге келген соң Абылай Қаздауысты Қазыбек пен Шақшақұлы Жәнібектен бітіс-тіңдер ме?—деп сұрайды. Сонда екі биі төмен қарайды.

  • Уа, неге төмен қарадыңдар? «Қатын ерге, ер жерге қарайды» дегендей, мен сендерді дауға жіберіп едім ғой,— дейді Абылай. Сонда екі би:

— Мына Бекболат деген «құп» ұстап қайтты,— дейді. Абылай Бекболатқа қарап:

  • Барушы да өзің, сөйлеуші де өзің көрінесің, енді өзің айтшы,— дейді.

  • Дауды көп сөйлескеміз жоқ, ол жақтан билікке шыққан адам қолымен біраз ишара көрсетті, еоны мен өзім^-ше ұққанымды айтайьш деп ишара қылған түрін айтты да былай деді: «Бірінші — алақанын ашқаны: «алысуға да жараймын» дегені-еді. Екінші — қолын жұмғаны: «ашсаң аяңда, жүмсаң жұмырыңда, тату-тәтті тұрайық» дегенЬ Үщінші — қолын созғаны: «атса, шапса, қылыш, мылтық сенде де бар, менде де бар, жанжалды қоялық» дегені. Төртінші — бір қолын екінші қолынық үстіне салып түйіс-тіргені: «құшақтап көрісейік» дегені. Бесінші — саусағын көрсеткені: «сегіз күнде ханның алдына тарту-таралғымен барамыз» дегені. Сонда Абылай:

— Уай, бәрекелді-ай, алдамаса игі еді?— дейді.

Бекболаттың айтқанындай, Кіші жүздің кісілері сегіз күн дегенде тарту-таралғысымен Абылай ханның алдына келіпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет