Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет3/3
Дата25.01.2017
өлшемі3,6 Mb.
#7782
1   2   3

ТАБЫЛДЫРЫҚТАН БИІК ТАУ ЖОҚ
Нұралыны шаппақ болып жүргенде, Сырым батырға ағайындары бөгет жасай беріпті. Сонда Сырым: «Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыңнан берік тау жоқ» деген екен.

СЫРЫМНЫҢ МӨҢКЕНІ ЖЕҢУІ

(2-нұсқа)

Сырымға бір жолаушы «Шекті елінің бір малшысы сізге «бере сал» деп еді,:—деп екі жапырақ ескі шүберек береді. Сырым шүберекті Тана Қоске би мен Бөкен биге көрсетеді. Сонда Бөкен би былай дейді:

  • Мынаны шаршылап кесіпті-ау! Шаршының шеті екен. «Басым байлаулы, аяғым тұсаулы» дейді ғой шамасы. Мынаны үшкілдеп кесіпті, көйлектің шеті-ау, сірә! Адамның тәніне көйлектен жақын не бар? Сенің тәнің, ренің сүйегің-мін дейді ғой!

  • Бұл біздің елдің шектіде қорлық-кемдікте жүрген бір әйел адамы болар. Сырым, сен барып алып қайт. Көзіңе шарапшын ки, қарт-жас екеніңді білдірме, айтыса қалса Мөңкенің алдына бар,— дейді Қоске қарт.

Сырым шекті еліне барып, «осы елге бір қарындасым еріксіз кеткен екен, алыр қайтайын деп келдім» деген соң, шектінің билері: «Адамыңның ата-тегін, аты-жөнін айт» дейді. Сырым атай алмайды. «Ендеше, саған ел аралатпай-мыз, адам бермейміз»—дейді. Сырым айтысып Мөңкенің алдына барады. Мөңке:

  • Сырым, қуып келгенің қара дау екен, қараңғы билік беремін,— депті.

  • Разымын,— дейді Сырым.

  • Сырымға киіміндей киім кигізіп, атындай ат мін-гізіп, қырық жігіт қосыңдар. Сырымның қарындасының қасына бір түсті киіндіріп қырық қыз-келіншек қойындар. Аулына барғанда қарындасы ағасын танып атын ұстаса, қарындасын қайырындар, жаңылса жазығы өзіне,, адам бермеңдер,— деп билік қылады.

Сырым қырық кісімен аулына жетіп барғанда:

  • Батыр ағам, аман келдің бе?—деп қарындасы Сырымның шылауына орала кетеді.

Бұл — Байұлынан шектінің ұрылары барымтаға әкеткен Дәуіт қызы Нұрғаным еді. Мөңке би Нұрғанымнан:

  • Сен осынша көптіңішінен ағаңды қалай таныдың?— дегенде:

  • Басқа жігіттер аударысып ойнап келеді екен, менің ағам төмен қарап мұңайып келеді екен,— депті.

  • Қырық қыз-келіншектің ішінен қарьшдасыңды .«сен қалай таныдың,— дегенде:



  • Мең қыз-келіншектердің киіміне емес, өңіне қарадым. Қарындасымның өңі сынық, назары пәс екен,— депті Сырым.

Сырым көзінің шарапшынын шешкенде:

Бала, қара дауға жастай үйір екенсің, ұзақ жасамассың,— деп Мөңке жас адамнан жеңілгенін ауырлап, жантая қеткен екен.

СЫРЫМНЫҢ ӘЙЕЛГЕ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

(1-нұсқа)

Ерте заманда Табын руынан Жетірудың Барақ деген ауылынан бір қызды арғын батырларына бір генерал күшпен тартып алып берген екен. Оңдағы мақсаты Алшын мен Арғынның екі арасын араздастырып екі жар етіп жау-ластыру болса керек. Күндерде бір күні осы Алшынның екі адамы сол Арғын жаққа барып, ауылға қайтып келе жатқанда, жолда қой бағып жүрген бір әйелге тап болып, жөн сұрайды. Сонда әйел: «Сіздер Сырым дегенді білесіз-дер ме?»— деп сұрайды. Бұлар білетін брлып шығады. Сонда әйел басындағы шаршы орамалының ұіпынан, үстіндегі көйлегінің қолтығынан екі жапырақ шүберек жыртып беріп: «Осыны Сырымға тапсырыңдар»— деп өтінеді.

Бұлар ауылға келгеннен кейін жаңағы әйелдің екі жапырақ шүберегін Сьфымға әкеліп береді. Сьфым оны өздігінен шеше алмай, баяғы Есентемір Бөкен би мен Тана Қоске билерге әкеліп беріп, мән-жайды айтадш. Сонда Бөкен; би «мен жастаумын шй мына Қосекеңе бер» дейді. Сонда Қоске:

  • Басындағы орамалынан бергені — басым байлауда жүр, мені осы тұтқыннан құтқар дегені. Ал көйлегінің қолтығынан жыртып берсені — денеге көйлек жақын ғой, мен сенің жақыныңмын дегені,— деп шешеді.

Бөкен мен Қоске:

  • Шырағым, сен бала болғанмен бастай едің, дауға шебер едің, қасыңа жолдас ертіп, сол әйелге барып алып қайт, бермейміз деп айтыса қалса, сол елдің Мөңке деген биі бар, соның алдына барарсың,— дейді.

Сырым жолдастарымен Арғынның Мөңке биіне барып:

  • Сіздің қарауыңызда менің жақын қарындасым қой бағып құлдықта жүрген көрінеді. Сол қарындасымды босатып ауылға алып қайту үшін келдім,— дейді.

Сонда Мөңке Сырымға былай дейді:

  • Өзіңмен қырық жігітті бір түстен киіндірем, біреуі сен боларсың. Ал ол жақтан қырық қызды бір түстен киіндіріп қарсы шығарам, біреуі сенің қарындасың болады. Қарсы келгенде екеуің біріңді-бірің тани кетіп, табанда көріссеңдер, қарындае сенікі, болмаса бере алмаймын,— дейді.

  • Сол қалпымен қырық жігіт, қырық қыз қарсы келгенде әлгі тұтқын әйел: ,

  • Арыстаным, аман келдің бе?— деп Сырымның қолын алады. Сонда Сырым:

Асылым, аман жүрмісің?—деп қолын береді. Екеуі танысқаннан кейін қайтадан Мөңке биге келеді.

Сонда Мөңке әйелге:

  • Сіз, көп адамның ішінен Сырымды қайдан таныдыңыз?— дейді. Сонда әйел тұрып:

  • Келе жатқан жігіттердің біреулері жан-жағына қарайды, ал біреулері күліп-ойнап келеді. Мына менің ағам Сырым бір қалыпта тұнжырап келеді екен. Жоқ жоғалтқандай, дұшпанда кеткен кегі бардай, түсі тұнжырап келе жатқан алшынның арыстаны осы болар деп көрістім,— дейді.

Сырымға «сіз қайдан таныдыңыз!»— дейді. Сонда Сырым:

  • Қайғысыз адамның бетіңде жарығы бар, қайғылы адамның бетінде салығы бар, мен содан таныдым,— депті.

Мөңке би әйелді Сырымға береді, Сырым ауылға алып келгеннен кейін төркіндері:

  • Сіз өзіңіз осы қызды жаттан алып келдіңіз, енді өзіңіз өкіл аға болып, өз қолыңыздан ұзатыңыз,— дейді.

Сырым өз қолынан қызды ұзатып, өз теңіне Әлім Дербісәлі дегеннің баласына қосады.

БАҚАЙ ҚАРТ ПЕН СЫРЫМ

Сырым батыр 14 жаста Нұралы ханды шапқан себепті өкімет тарапынан жер аударылып, онан да аман-есен келген соң халқы үлкен той жасап, Сырымды хан қоймақ болады. Сонда 91 жасында көзі көрмей, нардай шөгіп жатқан Бақай дейтін сыншы қарт:

  • Ау, жаным халық-ау, бір жас балИны хан сайлайМыз деп жатырсыңдар, сол баланы маған бір көрсетіңдерші, аруағы қандай, жасы қандай екен, байқап көрейін,— дейді.

Қарт қыңқылдап қоймаған соң, халықтың тапсыруымен Сырым келіп сәлем береді.

Сырым дейтін сен боласың ба?— дейді Бақай.

  • Иә, аға, болсақ болармыз,— дейді Сырым.

  • Сырым сен болсаң,

Жоқтан бар болдың.

Айырдан нар болдың,

Көлденең ұрып озады,

Көнді қамқа тозады,

Атадан ұл озады,

Анадан қыз озады,—

депті қарт. Сонда Сырым:

Жоқтан бар болсам,



Құдай берген болар.

Айырдан нар болсам,

Атам үлек болар.

Көнеден дәурен озса,

Асырауы кемірек болар.

Көнді қамқа тозса,

Киісі салақ болар.

Атадан ұл озса,

Еркіндігі болар.

Анадан қыз озса,

Шіркіндігі болар,—

деген екен. Бақай би разы болып:

  • Жарайды Сырым, өмір жасың ұзақ болсын!— деп бата беріпті.



АҚМОНШАҚ AT

Сырымның қарт атасы Шолпан батырды төрелер қы-лыііітап өлтіреді. Шолпаннан дат іште қалып дүниеге келгесін, қара қазақ жиналып, төрелерменен арадағы зіт1 ұмытылмас үшін жас баланың атын Дат қояды. Дат атасының кегін ала алмайтын төмен, өзі тентек болып өседі.

  • Ей, Дат сенің атың заманында қойылған еді-ау, есіміңе келісің лайықты емес, тек бір қоя салынған ат еді-ау!—деп, қазақтың қарітары Датты бетіне соғып жүреді.

Дат өсіп бір тәуір әйелге үйленеді, одан Сырым туады.*

Сырым өеіп ат арқасына мініп, ағайын аралап жүріп Бай-бақтының Сасай дейтін атасының ауылына келеді. Келсе ағайындары қаумалап ортаға алып, жылап қря береді.

  • Мына атаңа нәлет Нуралының баласы Есім сұлтан біздің бір ағайынның Ақмоншақ деген .жүйрік атын лауға, мінемін деп ұстатып альні еді; енді бәйгеге қосып, Есімнің Ақмоншағы атанып, атағын шығарып жүр. Міне, биыл екі жыл болады, талай рет кісі жіберіп сұрадық, берер емес. Бүгінде «құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ ал» дейтінді шығарды,— дейді.

  • Ақмоншақты бір жесірге балайтын едік, бүтін Бай-бақтының атағын шығарған ат еді. Шырағым, сол атқа сен бар, саған берер,— дейді ағайындары.

  • Ей, ағайын, сіздер мені Нұралыға жұмсамаңдар, ол ит маған да .бермес. Берсе құп жақсы, егер бермесе мен онан тегін қайтпаспын бір жанжал туып кетер,— дейді Сырым. Ағайындары қаумалап болмайды, ақырында Сьфым баратын болады, барып Нұралы ханның өз үйіне түседі.

  • Сырым, жай жүрмісің, жұмысьщ не?— Дейді ^ Нұ-ралы.

  • Сіздің Есім сұлтаныңыз менің бір ағайынымның атын ұстап лауға мінген екен, оған екі жыл толыпйі. Мауқы басылса, сол аттың сүйегі болса да альш кетейін деп келіц едім,— дейді Сьфым.

  • Жарайды, олай болса Есімді шақыртып айтайын,— дейді хан.

  • Есім шырағым, мына Сырым Аққұсты сұрап келіпті, бірталай міңдің ғой, енді берсейші!— дейді Нұралы ба-ласына.

  • Ағайыннан бір ат міне алмасам, мен несіне сұлтан болып жүрмін? Мен атты беремін деп алғаным жоқ. Сырымға ат керек болса, құлаққа — құлақ, тұяққа — тұяқ алсын да кетсін,— дейді Есім.

  • Менің де есітейін дегенім осы сөз еді,— деп, Сырым табалдырықтан сыр еткізіп үйден шыға жөнеледі.

Нұралы хан Сырым кеткен соң, Есімді қайта шақыртып алып:

  • Шырағым Есім, сен түсін, мына Сырым бір тайдың құнына келіп жүрген жоқ, бұл соғысқалы келіп жүр. Сен білмейсің, бұның атасы Шолпаң біздің бабаларымыздың қолынан жазымдалған, бұл арам соны әлі ұмытпай жүр екен, атын беру жөн болар,— дейді.

Есім Сырымның артынан кісі шаптырып: «Келіп қонақ болып, атын алып кетсін»— дейді.

Атаңа нәлет Есімнің есігіне бір тай үшін екі барып еңкейсем-ау! Ханыңа сәлем айт, келіп қонақ болатьга күнімді өзім айтармын,— деп Сырым қайрылмай кете барады. Ағайындарына келіп атты әкеліп берсе аларсыңдар, өздері әкеліп бермесе' енді сұрамаңдар,— деп жүріп кетеді.

Сырым аулына келіп атын тастап, Есімнің ызасынан желмаяға мініп, ханды шабуға Сарыарқаның қазағынан көмек сұрай елге сауын айтады. Сөйтіп жүргенде елдің ақсақалдары кеңесіп, Сырымды Бақай сыншының алдынан өткізбекші болады. Сонда, екеуі кездескенде Бақайдың Сырымның қолын ұстап түрып айтқаны:

  • Иә, Сырым бала, жоқтан бар болды,

Айырдан нар болды.

Көнеден дәурен озды,

Көнді қамқа тозды.

Атадан ұл озды,

Анадан қыз озды,

Боздан. бурыл озды.
Осыған тоқталмай жауап берші, шырағым,— дейді.

Сонда Сырым батыр:

  • Иә, Бақай ата!

Жоқтан бар болса,

Қүдайдың'құдіреті болар,

Айырдан нар болса, атасы үлек болар.

Көнеден дәурен озса, күтімі кем болар.

Көнді қамқа тозса, киюі салақ болар.

Атадан ұл озса, еркіндігі болар,

Анадан қыз озса, шіркіндігі болар.

Боздан бурыл озса, жүйріктігі болар,—

депті.

  • Ей, Сырым, әкең сенің Дат төмен, тентек, шылғауын асына малып ішетін еді. Шешең Қараторы қайратты, күндіз келген жиырма кісіні, "түнде келғен жиырма кісіні қонақ қылып аттандыратын еді. Сен шешеңе тартып туған екенсің-ау, балам,— дейді Бақай сыншы.

  • Иә, Бақай ата, әкем Дат тентек болса, болған болар, шешем күндіз келген жиьфма адамды, түнде келген жиырма' адамды қонақ етіп аттандырса, қырықтың бірі қыдыр деген онда мен қыдьфдан жаралған болармын.

Өзін өзі езген ит,

Өзен бойын кезген ит.

Өзі болған жігіттің

Түп атасын қазған ит,—

деп еді, депті Сырым.

Сонда Бақай сыншы сөзден жеңіліп, батырды үйіне қонақ етіп, астына ат мінгізіп, иығына шапан жауып, батасын беріп аттандырыпты.

БАЛАБИ МЕН СЫРЫМ

Сырым бір жылы орта жүзге барғанда сол елдің Балаби деген биіне кез келеді. Сьірым мен Балаби екеуі көп әңгі-мелеседі. Балаби Сырымға бірнеше сұраулар қояды, Сырым жауап береді.

  • Сіз ағайынды нешеу едіңіз?— дейді Балаби.

  • Мен ағайынды екеумін,— дейді Сырым.

  • Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік.

  • Сіз түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенім рас, бірақ та олардың маған қанша керегі бар? Менің ағайынды екеумін дегенім — біреуі өзім, екіншісі — халқым.

- Сөз анасы не,

Су анасы не,

Жол анасы не?— дейді Балаби.

Сөз анасы — құлақ,



Су анасы—бұлақ.

Жол анасы — тұяқ,— деп жауап береді Сырым.

  • Өтірік пен шынның арасы төрт елі. Көз бен көргеннің арасы, құлақ пен естігеңнің арасы неше щақырым деп мені алдамаңыз,— дейді Сырым.

-- Ақылды қаңдай адамға айту керек?

  • Ақылды ұққанға айту керек.

-- Ат не үшін шабады? ......

Ер не үшін шабады?

.-- Ат шабысына қарай шабады,

Ер камысына қарай шабады.

  • Бұл дүниеде не тәтті?— дейді Балаби.

  • Аста түз тәтті,

Адамда дос тәтті,— дейді Сырым.

МӨҢКЕНІҢ СҰРАҒЫНА СЫРЫМНЫҢ ЖАУАБЫ

Мөңке би Сырымға үш сұрақ қойыпты:

Таудан бйік не бар?-



Судан терең не бар?

Оттан өткір не бар?

Оған Сырым былай деп жауап қайырыпты:

  • Таудан биік көңіл бар,

Теңізден терең ғылым бар.

Оттан өткір қайғы -зар.

КӨПЕС ПЕН СЫРЫМ

Бір көпес Сырымнан: «Қазақ бай ма, орыс бай ма?»— деп сұрапты. Сырым: «Қазақ бай» депті. Сонда көпес: «Қазақ қайдан бай болады, бүтін қазақтың малы бір менің малыма жетпейді?»—депті. Сырым: «Ой, сенің байлығын бар болсын, сен бір каладан бір қалаға күндік жерге шықсаң арқаңнан қабың, қалтаңнан наның қалмайды. Қазақ айшылық жолға азықсыз шығады»— депті. Көпес ойланып қалыпты.

СЫРЫМ МЕН ЗІЛҒАРА

(/ -нұсқа)

Сырым аулының бір жігіті Зілғара ауылынан қыз айттырады да, қалыңдық ойнап жүріп алатын жылы айниды. Қыз, үйде жүкті болып қалады. Зілғара мен Сырым айтысып, ұлы жүздің бір биіне жүгінеді.

Сонда Сырым:

  • Құда болдым даңқымен,

Сыйласуға халқымен.

Екі-қара нар бердім,

Қос жорғаны пар бердім,

Үш жиырма мал бердім.

Күміс деп айттырып едім, мыс шықты,
Алтын деп айттырып едім, таты шықты,
Айтуға болмайтын аты шықты.


Сол себепті төреге барып, төбеге шығып, мұның қызын алмай жүрмін;— дейді,

Сонда Зілғара: -

  • Рас, құда болды даңқыменен,

Сыйласуға халқыменен.

Екі қара нар берді.

Қос жорғаны пар берді.,

Үш жиырма мал берді.

Құлындай байлады,

Тайдай жайлады.

Алты жыл қалыңдық ойнады,

Алмаймын дегенді биыл ойлады,—

дейді. Төреші Сырымға екінші рет сөз бермей: «келініңді ал!» деп кесім айтыпты.

СЫРЫМ БАТЫР МЕН БАЙСАЛ БИ

(2-нұсқа)

Сырым батыр шеркеш Байсал бимен құда болысады. Сырым батыр Байсалдың баласына қыз бермек болып, бес жиырма мал алады, балалар ер жетіп, аларына келісіп, күйеу бала малын әкеліп беріп, есік ашып, ұрын келіп жүреді. Сөйтіп жүріп екі жастың ынтымағы жараспай қалады. Байсалдың баласы:

  • Әке, мен Сырымның қызын алмайтын болып келдім, енді Сырымның босағасын аттамаймын, малыңды қайтып ал,— дейді.

  • Шырағым балам, Сырым бізге мал қайырмайды, тентек болып, айрылыспалық,— дейді Байсал баласына.

  • Жоқ, әке, айтқан антым бар, айтқаным айтқан. Мал солай кетсе де, алмаймын дедім, алмаймын,— дейді баласы. Шара жоқ, Байсал Сырымға адам жібереді.

  • Құдаңыз сәлем айтты, өз көңілімде ещ нәрсе жоқ, балалардың дәм-тұзы жараспай қалыпты, малымды беріп жіберсін деді құдаңыз,— дейді Сырымға барғаң адам.

  • Өй, атаңа нәлет! Мен Байсалдың малын бағып беруге алып па екем?— деп адамдарын Сырым қуып жібереді.

Бірер аптадан кейін Байсал құданың өзі келеді. Сырым баяғыша қонақ етеді.

  • Ал, Байсал, сенің жұмысың маған белгілі ғой, ал бұл туралы ханға барып жүгінелік, диуан саған тисе, малыңды қайырамын,—дейді, Байсал «жарайды» деп екеуі жолдастасып жүріп отырады.

Сырым хан аулына жақындап қалғанда: ,— Ей, Байсал, екеуіміз балалар жаста құда болып, су мен сүттей араластық. Енді хан аулына барып айтысып жатсақ, ұят болмай ма? Ордада келімді-кетімді кісі де көп болар. Онан да басқа біреуге жүгінейік,— дейді. Бұны Байсал да мақұл көреді. Екеуі жолдан бұрылып, Адай-Атақозы биге жүгініске келеді.

Сендердің араларыңда арғы-бергі сөз көп болар, оның бәрі маған керек емес, сендер бес ауыздан тақпақ сөзбен, арыздарыңды айта қойыңдар. Байсал, сен талап иесі ең ғой: Сөз алдымен саған беріледі, әуелі сен айт,— дейді Атақрзы. Сонда Байеал:



  • Сырымға құда болдым даңқыменен,

Араласып сыйласуға халқыменен;

Бес жиырма мал бердім бұрынғы ата-бабаның салтыменен.

Қара нарға қалы кілем жауып бердім,

Арғымақ жылқының асылын тауып бердім.

Күндердің күнінде

Алтын дегенім мыс болды,

Мыс дегенім жез болды,

Сондықтан малымды іздеп келген талапкермін,— дейді. ,

  • Байсалдың құда болғаны рас даңқымменен,

Араласып сыйласқаны да рас халқымменен.

Бес жиырма мал алғаным да рас бұрынғы ата-баба салтыменен.

Бұның баласы үш жылдай қалыңдық ойнады,

Құлындай байлап, тайдай жайлады.

Өз мақсаты біткен соң алмаймын дегенді енді ойлады.

Мен онысына көнбедім,

Төре биді іздедім.

Төресін әділ берер деп,

Алдыңызға келгенім,—

дейді Сырым.

  • Ал, шырағым Байсал, балаң үш жылдай қалыңдық ойнаған болса, малың қайтқан екен, енді саған мал тимейді. Алсаң жесіріңді аласың, алмасаң үйіңе барасың,— дейді Атақозы.


СЫРЫМ МЕН БАЙСАЛ

(3-нұсқа)

Байбақты Сырымның қызын Алаша Байсал би көп мал беріп баласына айттырады. Бұлар бірнеше жыл өткеннен соң Байсалдың баласы Сырымның қызын алмайтын болады. Байсал Сырымға кісі жібереді.

  • Балам қызыңды алмаймын дейді, менің берген ма-лымды қайтарып берсеңіз екен,— деп.

  • Мен Байсалдың малын бағып беруге алғаным жоқ, алса қызымды берем, алмаса өзі білсін,— дейді Сырым.

Сонан кейін екеуі хан алдына барып айтыспақ болады. Екеуі жолда келе-жатып кеңеседі:

Ханның. аулында жақсы да, жаман да жиналған, ел көп болу керек, екеуміз барып ханға жүгінуіміз жараспас, біз Атақозы биге барып соның үкіміне риза болсақ қайтеді,— деседі.

Бұл байлауға риза болысып, аттарын бұрып, Атақозы-ның ауылына келеді. Атақозыға жай-мәністерін айтқаннан кейін, Атақозы айтады:

  • Сіз екеуіңіз белгілі Сырым менен Байсалсыздар ғой, сіздер ұзақ дау айтпай-ақ, екі-үш ауыз сөзбенен қыбқаша жұмыстарыңызды айтыңыз,— депті. Сонда талап иесі Байсал мына сөзді айтыпты:

  • Қозеке мен Сырымға құда болып едім даңқымен,

Араласып сыйласуға халқымен.

Бес жиырма мал бердім,

Бұрынғы ата-бабамның салтымен.

Қалы кілем қара нарға жауып бердім,

Арғымақ жылқының асылын тауып бердім,

Алтын дегенім мыс шығып,

Күміс дегенім жез шығып,

Сондықтан малымды іздеп келген талапкермін.

Сонан соң Сырым айтады:

  • Байсалдың менімен құда болғаны рас, даңқыммен,

Араласып сыйласты да халқыммен.

Бес жиырма мал бергені рас,

бұрынғы ата-баба салтымен.

Мұның баласы үш жыл қалыңдық ойнады,

Құлындай байлады, тайдай жайлады.

Бар мақсаты біткен соң,

енді алмаймын деген қиял ойлады.

Мен бнысына көнбедім,

Сіздей әділ биді іздедім.

Төресін әділ берер деп,

Осы еді алдыңызға келгенім,

Атақозы диуанды Сырымға беріпті.

Мұнан кейін «Сырым мен Байсал Атақозыға жүгініп, Атақозы диуан беріпті» деген сөзді хан естіпті. Хан бұ-ларға ашуланып, Сырым мен Байсалға еш нәрсе айта алмай, Атақозыны шақыртады. Атақозы ханның аулына келсе^ хан үйінің алдында жүр екен. Атақозы келіп аттан түсіп, «бас тақсыр» деп, ханның қолын алады.

Сонда хан қолын ұстап тұрьш, «ойда орысты, қырда қазақты олжалап жүрсең де, шыр бітпеген бір қасқа екенсің ғой»—депті де, «үйге жүріңіз» деп жүре беріпті. Сонда:

Тақсыр, тұра тұрыңыз, үйге әлгі сөзіңіздің жауабын беріп кірейін депті де, ханның етегінен ұстай алып, мына сөзді айтыпты:



Өлеңді жерде өгіз семіреді,

Өлімді жерде молда семіреді.

Қаралысының алдында қатын семіреді,

Халқының қамын ойламаған хан семіреді.

Сіздің семіз болуыңыз халық қамын ойламағаныңыздан болар. Мен қайтсем топтан торғай шалдырмаймын деп, қазақтың жалғыз тайын қалмаққа алдырмаймын деп, бір түнде тоғыз оянамын, тоқсан толғанамын, маған қайдан шыр бітсін,— депті.

Хан жұмған аузын аша алмай үйіне кіргізіп, қонақ етіп, сыйлап шығарып салыпты.

СЫРЫМ БАТЫР МЕН АҚСУАТ БИ

Байұлының Әлім еліңде жүріп бір кісісі өлген екен. Соның қүнын алуға Байұлынан — Байбура Сырым, Есентемір Бөкен, Қылыш Кестен, Шеркеш Арыстанбай, Амандық Қаракемпір, Шеркеш Асау мен Тұрлан, Беріштен Айтуар бас болып, небәрі 12 кісі болып жүріпті. Құн алатын ауыл Бұйырған деген жайлауда отырады. Оның Ақсуат деген биі бар екен. Ақсуатқа ел тек құн мәселесімен барады екен. Би аулынан екі-үш шақырым жерге жолаушы ат байлайтын ағаш белдемесін жасатып, аулына аттылы кісі келтірмейді екен. Байұлының адамдары белдеме ағашқа келгенде, Сырым батыр:

  • Бұл ағашқа атты байламайық, екі-үш шақырым жерден жаяу-жалпылап баратын біз Әлімге келіңбіз бе? Неде болса ауылына атпен барып түсейік,— дейді. Ауылға келген соң, Ақсуат би алдарынан шығып:

  • Елмісіңдер, жаумысыңдар! Алдарында құрулы ағашты көрмей, ауыл үстін тал түсте шаңдатып жүрген не қылған көргенсіз едіңдер?— деп ақырыпты.

Сонда Сырым батыр ат үстінде тұрып:

  • Ел десең — елміз, жау десең — жаумыз. Айдаладағы ағашқа атын байлап аулыңа жаяулап келетін бізді ұры деп тұрсың ба, не Әлімнің келіні деп тұрсың ба? Би, бізбенен дұрыстап сөйлес,— депті.

  • Өздерің нешеусіңдер?—депті Ақсуат даусын бәсең-

детіп.

  • Он екі ағайындымыз,— депті Сырым мен Бөкен

қатарласа беріп.

Ақсуат би сонда ауыл жігіттеріне:

  • Түсіріңдер, он екі ата Байұлы атқа мінген екен,— депті.

Аттан түсіп жайғасқаннан кейін де би еөз қата қой-маған соң Сырым:

  • Би, жөн сұраса отырайық!— дейді.

  • Менің не жөнімді сұрайсың? Өз атым — Ақсуат, жерімнің аты — Бұйырған, Әлімнің қаққан, қазығынан, маған тірелмей іс кетпейді,— депті.

Сонда Сырым:

  • Би, жөн білсең, суатпын деп мақтанба! Су жаманы "суат, қасынан соқпақ кетпейді. Қазықпын деп мақтанба,

мүлік жаманы қазық, басынан тоқпақ кетпейді. Жерім Бұйырған деп мақтанба! Бұйырған деген шөп болады, жеген жылқы тоқ болады. Тоқ жылқыны сойылдап алар-ман айдаса, жоқ болады,— депті.

  • Ал, жігіттер, жайларыңа түсіндім, енді жұмыстарың-ды айта отырыңдар,— депті сонда Ақсуат би.

Сырым тақпақтап:

Тірі малдың өзі қайтсын, Өлі адамның құны қайтсын. Өткен өрелі болсын, Қалған салауат болсын!—



депті.

Сонда Ақсуат:

  • Айтуыңыз рас, Байұлының бір кісісі бізден өлуі рас. Ердің құны мың қой, үлесе келсе үй басына бір қой, не қысырақ. Адамның құны 40 қысырақ, айыбы қалы кілем жапқан қара нар болсын,— депті. Байұлы осыған келісіп, бітісіп қайтыпты.



ТАСЫП ЖҮРГЕНІМ ЖОҚ... САСЫП ЖҮРМІН

Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алма-дың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара ал-мадың»— депті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым аман-даспай жүре береді.

Сонда Нұралы:

  • Батыр, бұрылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау!—депті.

Сонда Сырым:

  • Хан, тасып жүргенім жоқ, қара қазақ баласының басьш қоса алмай сасып жүрмін,— депті.


СЫРЫМНЫҢ МАЛАЙСАРЫМЕН АҚЫЛДАСУЫ

Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Байбақты деген руына басшы болған Бұлан деген кісі қартайған кезінде бір жиында жұртқа: «Мен қартайып жасым жетті, мына алдымдағы піскен қойдың басын біреуің келіп ұстап, Байбақтыға бас болып, елді бастаңдар»—депті. Сонда жұрт қаңтарылып кідірген соң, аяқ жақтан Сырым шығып:

  • Бәлі аға, би де, басқарушы да, бастаушы да болам,— деп Бұланның алдына келіп отырыпты.

Сырым сонда 20 жастағы уыздай жігіт екен. Хаған қарт батасын беріп, содан бастап Сырым Байбақтыға би болыпты.

Сырым содан кейін елдің қарияларынан ақыл алу үшін атқа мініпті. Қараман, Тана, Малайсарьі биден ақыл, бата алуға жолға шығыпты.

Малайсарының аулы төменгі Тоиайды қаласының аузында екен. Малайсарының шаруасы шағын болса керек. Ауылына келгенде қарт азғантай қойының алдында тұр екен. Сырым сәлем беріп:

Аға, кім болдыңыз!— деп сұрапты,



Малайсары:

Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй Танамыздағы,— депті. Сонда Сырым:

  • Тананың қайсысысың. Жеті үй — Жиембетпісің? Бес үй — Бессарымысың? Тышқан құлақ — Асанбысың? Төлеуден алған — Құнанбысың?— дегенде, Малайсары:

  • Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың! Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген бір баласы желігіп атқа мінді деп естіп едім. Сен, сірә, сол бала боларсың!—депті.

Сонда Сырым:

  • Бәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда Сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған бір шалы ғой деп күлкі қылайын, ұтылсам, ат мінгізіп, шапан жауып, батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз — мына астымдағы ат, шапаным мынау!— деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті. Малайсары екеуін де алмай, былай депті:

  • Шырағым, үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең халқың соңыңнан қалмас, ұмытсаң артыңа ермес. Ол үш сөз: ұят, борыш, обал! Одан кейінгі бір ақылым: «Жақынды жаралама, Алысты қаралама!»


ТҰЯҚҚА Т¥ЯҚ
Орта жүз бекг кіші жүздің арасында бір барымта дауы болып, орта жүз адамдары неіііе рет келіп малын ала алмайды. Соңғы рет келе жатқанда жолаушыларға Сырым жолығып, жөн сұрапты.

  • Уа, ағайындар, жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушыларсыңдар?— дейді Сырым.

Жолаушылар жай-мәнісін айтады. Сырым қосыла жүреді. Кіші жүздің ханына келіп, елдің дауын айтады, бірақ екі елдің арасы бітімге келе алмайды. Сонда Сырым екі ел арасының бітімін көздеп ханға:

  • Бір дауды шеше алмасаң, несіне хан болып отырсың, құлаққа құлақ тұяққа тұяқ емес пе?—дейді.

Хан сөзден тосылып, малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, орта жүзді разы ғып қайырыпты.

НҰРАЛЫ МЕН СЫРЫМНЫҢ ҚҰДАЛЫҒЫ
Нұралы хан мен Сырым екі жақ болады. Кедейлер Сырым жағына шағып, ал байлар мен төрелер Нұралы жағына шығып, ел екіге бөлініп, көтеріліс бола берген. Сол замандағы билер мен ақсақалдар Сырым мен Нұралыны табьістыру үшін Нүралының баласы Құлтайға Сырымның Қансұлу деген қьізын беретін болып, Нұралы мен Сырымды құда қылады. Құда болғаннан кейін де Нұралының билігіне, берген төресіне Сырым қарсы келе береді.

Бұл қүда болғанмен дұшпаңдығын қоймайды екен,— деп Нұралы Сырымды тұтқынға алмақ болып, Оралдың губернаторьіна шақыртады. Сырымның Оралға кетуімен байланысты Нұралының баласы Сырымның қызына барып. қол ұстамақ болады, қыздың жеңгелері қазақ әдетін жасамақ болады. Сонда қыз: «Мен ол ханның баласына бармаймын, аулына қайтып жүре берсін»— дейді.



Нұралының баласы: «Қыздың қояр не кінәсі бар екен,, өзі келіп менімен сөйлессін»—дейді. Қыз келеді, сонда Құлтай:

  • Маған қояр қандай кінәң бар, менсінбейсің бе, теңсінбейсің бе?— дейді.

  • Мен сенімен жолдас бола алмаспын. Қасқыр мен қойдың жолдас болғанын қайдан көрдің? Сенің әкең менің әкемнен артық емес, хандығы болмаса, ал сіз менен артық емессіз, еркектігіңіз болмаса. Сенің әкең менің әкемді, Оралдың. түрмесіне жабамын деп жүргенде, мен саған қандай пәнде болмақпын,дейді қыз.

Ханның баласы Құлтай сөзден ұтылып, ауылына келіп, жай-мәністі шешесіне баяндайды. Нұралының әйелі Оралға кісі жіберіп, Сырымды босатуды сұрайды. Нұралы Сырымды босатып алады. Енді Сырым дәлелі болмай қызын Нұралының баласына бермек болып жүргенде, ханға қарсы тағы көтеріліс басталады. Сонда Сырым:

«Нұралыны өлтірсеңдер де баласы Құлтайды өлтірмеңдер, бата бұза алмаймын» деп тапсырады жолдастарына.

Сырымның жинаған қолы Нұралыны шапқанда Құлтай төрелердің әскерімен бірге қашады. Сөйтіп жүргенде Сұл-тансымақтың алаша руынан шыққан аталықтың балалары Құлтайды өлтіреді. Сырымның қолына қосылмай, төрелердің әскеріне барып босқа өліп қалғандықтан «Құлтайдың сорындай» деген сөз халық аузында мақал болып қалған.

Содан кейін Сырым қызын Адай Мәмбетәлі деген батырдың баласына береді. Сырымның ондағы ойы Адайды өзіне қаратып, көтеріліске жақтастарын көбейту болған.

СЫРЫМ МЕН НҰРАЛЫНЫҢ ҚАҚТЫҒЫСУЫ

Нұралы хан Сырыммен жарасқысы келіп, араға кісі салып, ордаға шақыртады. Сырьш Нұралының елшісіне екі сұрақ қояды:

  • Құс көлге бара ма? Кел құсқа бара ма?

  • Әрине, құс көлге барады,— дейді елшілер.

  • Қонақ ордаға қеле ме? Орда қонаққа келе ме?

  • Әрине, қонақ ордаға келеді.

  • Ендешедейді Сырым.— Халық — көл, хан —- құс. Ел — орда, хан — қонақ.

Көл құссыз да күнелтеді, құс көлсіз күнелтіп көрсін. Орда қонақсыз да өмір сүреді, қонақ үйсіз өмір сүріп көрсін. Менің ханда ісім жоқ, ісі болса өзі келсін!

Сөзден тосылып, жолдас-жораларымен Нұралы хан Сырым батырға келеді. Сырымның аулы отырған жерде биік қара төбе болады екен. Хан мен батыр сол төбенің басында жолығыс жасайды.

  • Аттың торысы көп пе, төбелі көп пе?~ дейді Сырым.

  • Әрине, торысы көп,— дейді Нұралы.

  • Зордан да зор бола ма?— дейді хан.

  • Зордан да зор шығады.

Екі көзің сонда шығады,— дейді батыр. Сырым Нұралының аузын аштырмайды, бір сөзін асырмайды. Халық пен хан арасындағы бұрыннан білтелі жара бітіспей, қайта шиеленісе түседі. Сырым қарттармен ақылдасып, халықты күреске әзірлей береді.

СЫРЫМ БАТЫРДЫҢ НҮРАЛЫ ХАНДЫ ШАПҚАНЫ

(2-нұсқа)

Сырым жас өспірім бала күніңде-ақ қой бағуды қойыпты. Жігіттік дәуіріне жетісімен хан, билердің кеңесінде болып, билікке кірісіп сөз айтпағанмен, сөзін тыңдап отыруға құмар болыпты.

Бір күні ханның ордасында бір жұмыспен жиналып отырған қазақтардың біреулері ханның ілулі тұрған ішігін көріп:

«Жарықтық, бұл нендей аңның терісі екен»— деп таңырқасады. Сонда хан отырғандарға жекіріп: «Атаңа нәлет қазақ деген неткен көргенсіз халықсыңдар, бір тышқанның терісіне сонша неге естерің кетті?»— дейді. Сырым сол жерде ханның сөзіне шыдай алмай ұшып тұра келіп:

Япырмай, мына сарттың тасуын қара, қазақты аяғына басуын қара! Құдай тағала 6666 аяғы, 114 басы бар бір мақұлық жаратты, сен соны білемісің? Үш күннщ ішінде осы сөздің мағынасын тап, егер таппасаң басыңды аламын,— депті де, дойырын табалдырықтан шұбатып, үйден шыға жөнеліпті.



Сырым әр жақтағы Асан Таубай дейтін биден ақыл сұрапты: «Ңұралы хан солай деді, мен былай дедім» деп. Сонда Таубай: «Хан тасқан екен, оиы шаппақ керек» деп ақыл айтыпты. Сонан соң Нұралы ханның ұлын Үрым­ға, қызын қырымға жіберіп, Сьфым батыр іпауып альшты. Нұральгқашып Уфаға тығылып, ақырында сонда өліпті Сырым батыр 34 жас шамасында Нұралы ханды шапқан себепті үкімет тарапынан жер аударылып, онан аман-есен қелген соң, ханға қарсы күресті бұрынғыдан да күшейте түсіпті.


СЫРЫМНЫҢ ҢҮРАЛЫ ХАНДЫ ШАБУЫ

Сырымның жинаған қолы Нұралыны шапқанда Құлтай төрелердің әскерімен бірге қашады. Сөйтіп жүргенде Сұл-тансымақтың алаша руынан шыққан аталықтың балалары Құлтайды өлтіреді. Сырымның қолына қосылмай, төрелердің әскеріне барып босқа өліп қалғандықтан «Құлтайдың сорындай» деген сөз халық аузында мақал болып қалған.

Содан кейін Сырым қызын Адай Мәмбетәлі деген батырдың баласьіна береді. Сырымның ондағы ойы Адайды өзіне қаратып, көтеріліске жақтастарын көбейту болған.

СЫРЫМ БАТЫРДЫҢ НҰРАЛЫ ХАНДЫ ШАПҚАНЫ

(2-нұсқа)

Сырым жас^өспірім бала күніңде-аққой бағуды қойыпты. Жігіттік дәуіріне жетісімен хан, билердің кеңесінде болып, билікке кірісіп сөз айтпағанмен, сөзін тыңдап отыруға құмар болыпты.

Бір күні ханның ордасында бір жұмыспен жиналып.4 отырған қазақтардың біреулері ханның ілулі тұрған ішігін көріп:

«Жарықтық, бұл нендей аңның терісі екен»— деп таңырқасады. Сонда хан отырғандарға жекіріп: «Атаңа нәлет қазақ деген неткен көргенсіз халықсыңдар, бір тышқанның терісіне сонша неге естерің кетті?»— дейді. Сырым сол жерде ханның сөзіне шыдай алмай ұшып тұра келіп:

Япырмай, мына сарттың тасуын қара, қазақты аяғына басуын қара! Құдай тағала 6666 аяғы, 114 басы бар бір мақұлық жаратты, сен соны білемісің? Үш күннщ ішінде осы сөздің мағынасын тап, егер таппасаң басыңды аламын,— депті де, дойырын табалдырықтан шұбатып, үйден шыға жөнеліпть



Сырым әр жақтағы Асан Таубай дейтін биден ақыл сұрапты: «Ңұралы хан солай деді, мен былай дедім» деп. Сонда Таубай: «Хан тасқан екен, оиы шаппақ керек» деп ақыл айтыпты. Сонан соң Нұралы ханның ұлын Үрым­ға, қызын қырымға жіберіп, Сьфым батыр іпауып альшты. Нұральгқашып Уфаға тығылып, ақырында сонда өліпті Сырым батыр 34 жас шамасында Нұралы ханды шапқан себепті үкімет тарапынан жер аударылып, онан аман-есен қелген соң, ханға қарсы күресті бұрынғыдан да күшейте түсіпті.

СЫРЫМНЫҢ ҢҮРАЛЫ ХАНДЫ ШАБУЫ

(3нұсқа)

Сырым Жайық беріші Алдар бимен кеңеседі. Ол туралы ел аузында мынадай сөз сақталған: .

Хандардың ең ақыры Нұралы еді,

Төренің «Арқар» деген ұраны еді.

Хан ұлын батыр Сьфым шабарында,

Ақылды Алдар биден сұрап еді.

Нұралы ханды шабамын деуің дұрыс. Ол халықтың қас дұшпаны екені рас. Оны шабу үшін тайың құнан шықсын, құнаның дөнен шықсын,— депті Алдар би. Онысы бір-екі жыл әзірлену керек дегені екен. Күш жиып, ханды шабу үшін ру басы адамдарының аттарын атайды. «Солар арқылы қол, қару-жарақ жйнап аттанғайсың?»—дейді қарт. Аталған ру басыларының ішінде Беріштің Жонбай себегі Саржала бар екен. Оны атағанда Сырым Саржаламен көңілдері қоңырқай болып жүргенін айтыпты. Оның мәнісі былай болса керек, Сырым батыр әкесі Дат қайтыс болған соң, оның сүйегін Беріштің бір атақты қорымына қояды. Басына биік етіп мола соғады. Даттың моласы алыстан көрінеді, қорым Даттың атымен атала бастайды. Мұны естіген Беріштің биі Саржала 40 адаммен барып, Даттың моласын құлатып, тасын ұсатып айнала шашады да, Беріштің моласын сылап-сипап қалпына келтіріп қайтады.



Сырым батыр Саржаланың бұл ісіне іштей наразы болып жүреді екен. Соны айтқанда Алдар би: «Саржала екеуіңнің араларыңдағы болған көңілдің қоңырқайлығы халықтың қас дұпшаны Нұралыны шабуға кесірі жоқ. Негізгі мақсат ханды құрту ғой! Оны орындап шығу үшін Саржалаға барып айту керек. Ол елден қол жинасып көмектеседі!» деген. Ақырында «қартайьщ отыр» деп ханға қарсы аттанарда шалынды ұмытып кетпе, мен де күресіңе үлесімді қосамын,— депті қарт.

Елден қол жинап болып, Сырым батыр Алдар биге келсе, қару-жарағымен, ат-азығымен жүз жігіт әзірлеп қойған екен. Жинаған қалың қолмен барып Сырым Нұралы ханды шабады. Үлын ұрымға, қызын қырымға жібереді. Ханның қатын-баласының ішінен тек бір ханымды ел Сырымнан сұрап алып қалады. Оның аты Жұмсақ ханым деседі. Ал Нұралы ханның қарақан басы қашып құтылып, Жайық бойындағы казак-орыс байларына барып тығылады.

СЫРЫМ БАТЫРДЫҢ ХАНДЫ ШАБУЫ
Нұралы атасы Әбілқайыр хан дүниеден қайтқан соң оның орнына Жайықтың шығыс бетіндегі кіші жүз нәсілдері — Әлімұлы, Байұлы, Жетіруға хан болып тұрады. Нұралы Руссия патшасына қадірлі хан болып, сырт би-лікті Руссия патшасьша беріп, елді қысьш, мықтап ұстайды. Өзі даңқты, әрі білімді, бай һәм саясатқа жетік болады. Көп әйел алып, отыз ұлды, қырық қызды Нұралы хан атанады. Әр қатынның баласы басқа-басқа тәрбиеде өседі. Балалары ер жетіп, өз тізгінін ұстаған соң олардың жақсылары да, жамаңдары да байқала бастайды. Мысалы, бір қатынның баласы Бөкей кіші жүздің бір тармағын билеген. Енді бір қатынның баласы Қаратай, Есім, Орман — «бес бөрі» атанған сотқар болған. Енді бір қатынның баласы Сығалы, Қисық дегендер өте тентек, ел бүлдіргіш болған, тағы сол сияқтылар. Сығалы, Қисық «хан баласымын» деп елге азар береді, еріксіз мал сойғызьш, қыз-келіншегі бар үйге ықтиярсыз қонады. Біреудің тәуір малы болса, - берсе қолынан, бермесе жолыңан қолдап алады, ондай малдарын халық ханға айтуға қорқып, кіші жүз Байұлы Байбақты руынан шыққан Дат баласы Сырымға айтады. Сырыммен хан құда екен. Сырым Нұралының Есімхан деғен баласьша қыз берулі. Сырым Нұралыға балаларының елге берген жәбірін айтып, тыйым салуын талап етсе, Нұралы «балалардың ойын-күлкісін айтьш не керек» деп, Сырымның сөзін аяқсыз қалдырады. Екінші, ханның өзі де елдің жарамды атын қоймайды һәм үй басына алым-салық салады. Үшіншіден, Нұральщың бел баласы, Сырымның күйеу баласы Есімхан Сырымның аулына келіи қонак, больш жатьш, түнде Сырымның қызының бір тұлымын Ісесіп әкетеді. «Есімханды ұстап берсін» деп Сырым Нұралыға кісі жібереді. Бірақ оны Нұралы хан тыңдамайды. Сөйтіп батыр мен хан араз болып, ел арасында жік шығады, ел қозғала бастайды. Ақырында Сырым Хиуаның ханына барып, ханның қазысынан:

  • Әділ болуға шартпен тұрған ханды өлтірсе құны не болады?—деп сұрайды. Сонда хаңның қазысы айтады:

  • Әділ болуға шартпен тұрған ханды өлтірсе, оңың құнын төлеуге дүние жетпейді,— дейді. Сонда Сырым айтады:

  • Егерде сол шартпен тұрған хан шартынан айнып, екі заңға бірдей қарсылық етсе, оның құны не болады?— дейді. Сонда қазы айтыптьі:

  • Екі заңға бірдей қарсы болып, шартын бұзған ханды өлтірсе, оның құны жоқ,— депті.

Сонан кейін Сырым елге келіп жігіттерге жел беріп, көп халықты ұйымдастьфып, Нұралыны шаппақ болып аттанады. Бұл хабардк есітіп, Сырыммен қарсыласуға төтеп бере алмай һәм үкіметтен жәрдем ала алмай Нұралы хан қашады. Сол қашудан қайта орнын көре алмай Уфа шәһәріне барып, башқұрттармен бірге болып, ақырында сол башқұрттардың арасында дүниеден қайтады. Сырым Нұралының ауылын шауып, Есімхан деген баласын өлтіріп, Нұралының орнына 1785 жылдан кейін «хан» болады. Сырым қазақ халқына жағымды жақсы хан бола тұрса да, Руссия патшасына бағынбай, үкіметпен қарсы болып, ақы-рында жауласып, өкіметтен жеңіліп, Хйуаға ығысьш кетеді. Хиуаның ханымен дұрыс тұра алмай, әр түрлі амал-қулық-тарына қарсы больш, амал көрсеткен себепті ақырында зынданға алынып, сол түрменің ішінде өз қолымен у ішіп, дүниеден қайтқан екен, қабірі сол Хиуа шәһәрінде.

ХАН МЕН СЫРЫМ

Хан Сырымнан:

  • Өтірік пен шындық арасы қандай?—деп сұрадты,

  • Өтірік пен шындық арасы төрт-ақ елі. Құлақ естіген өтірік, көз көрген рас,— дейді Сырым.

  • Жазғытұры жер бетінде 60 түрлі қурай шығады, қайсысы асыл болады?—депті хан.

-— Көкпек деген шөп асыл болады. Басқасы күзде қурап, ұшып кетеді. Бұл қыста да көктеп тұрады, азбайды,— деп жауап беріпті Сырым.

  • Тым сөзің көп екен,— депті хан.

  • Сөзі көпті айыптасаң 220 қағазы, 440 беті бар құранды айыпта. Менің сөзім құранның сөзінен көп емес, кем де емес,— депті сонда Сырым батыр.


ХИУА ХАНЫ МЕН СЫРЫМНЫҢ ҚАҒЫСУЫ

Сырым қалың қолмен Ңұралыны шауып алысымен ханға патшадан көмекке көптеген солдат келеді. Сырымды әскерлер жеңіп, Сырымның бірнеше жолдастарын тұтқьшға алады. Сөйтіп Сщрым бастаған көтеріліс басылады. Қалған жолдастарымен Сырым бұл жақтан кетіп, Түрікпен, Бес-қала, Хорезм қалаларына барып көмек сұраиды., Ханды қайта шаппақ болады. Бірақ ол жақтың хандары мен бектерінің көпіпілігі төрелер екен. «Еңбектен қашеа дөң-бекке» дегендей, ол жақтағы төрелермен жауласып, бұл жақтан көмек алам десем, бұл жақта да төрелер екен ғой,— дейді Сырым батыр. Ол елдің де төрелерімен, хандарымен үйлесе алмайды. Нашар адамдарға зорлық жасағанына шыдай алмай хандарға қарсы шығады. Артына ерген ел адамдары жорықтан қажып, елге қайта бастайды.

Хорезм хандары Сырымды озса құтылу, қалса өлтіру әрекеттеріне кіріседі. Бір күні Хорезм хандары мен билері мешітте намаз оқиды. Намаз артынан қол жайып батиқа жасағанда Сырым бұшпақ ішігінің жеңімен бетін сипайды. Сонда хандар:

  • Әй, қазақ, сен батаны жеңіңмен жасағаның қалай?— дейді.

  • Менің жеңімнен бата өтпей қалса, сендердің оқыған намаздарың мешіттен өтпей қалады ғой дейді Сырым.

Күндерде бір күні хан Сырымды сөзден тоқтату мақсатымен:

  • Әй, қазақ ағайын, сіздің елдің тілдері қалай? Жалғама сөздер көп болады екен. Мысалы жігіт-мігіт, ас-мас, қыстау-мыстау дейді. Ол не сөз?—дейді.

Ханның сұрауларына Сырым былай деп жауап берген екен:

Қазақ балуанға түскенде жықса, ел үшін еңбек етсе, елін жауға алдырмаса, соны «жігіт» дейді. Жоғарыдағы айтылғандар қолынан келмесе оны «мігіт» дейді.

АЛДАР БИДІҢ СҰРАУЫНА СЫРЫМНЫҢ ЖАУАБЫ

(2-нұсқа)

Сырым Есімханды өлтіріп келгенде, Алдар би:

Қарадан хан болдың,



Айырдан нар болдың,

Жоқтан бар болдың.

Көнеден дәурен озды,

Кандей қамқа тозды.

Атадан ұл озды, ,

Анадан қыз озды,—

депті.

Сырым сонда былай деп жауап қайырған екен:

  • Қарадан хан болсам,

Халқым қалаған болар.

Айырдан нар болсам,

Атам жараған болар.

Жоқтан бар болсам,

Құдайым қараған болар.

Көнеден дәурен озса,

Жасы жеткен болар.

Көндей қамқа тозса,

Күтімі кеткен болар.

Атадан ұл озса,

Еркіндігі болар,

Анадан қыз озса,

Еркелігі болар.

Сонда Алдар би: «Жарайсың балам, жарайсың, қадамың қайырлы болсын!»— деген екен.
СЫРЫМНЫҢ ҮРГЕНІШ ШЕШЕНІМЕН АЙТЫСЫ
Сырым Үргеніштің ханына барып, жүз көріс қылған, хан Сырымның атағын сырттан: «Қазақтың өзі шеыіен, өзі батыр кісісі» деп есітеді екен. Хан Үргеніщ шешені мен Сырымды айтыстырыпты.

Үргеніш шешені:

  • Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не?—

деп сұрайды.

Сырым батыр:

  • Сөз анасы құлақ,

Су анасы бұлақ.

Жол анасы тұяқ!—

деп жауап береді. Үргеніш шешені:

  • Дау мұрады не?

Жауда мұрады не?

Қыз мұрады не?

Жол мұрады не?—

дейді.

Сырым Батыр:

  • Дау мұрады — біту,

Сауда мұрады — ұту.

Қыз мұрады — кету,

Жол мұраДы — жету,—

дейді.

Үргеніш шешен:

  • Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не?—деп сұрайды.

Сырым батыр:

  • Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз?— дейді.

Үргеніш шешені: ,

Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме?—



дейді.

Сырым батыр:

  • Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді,—дейді.

Үргеніш шещені:

  • «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген, сіз қонақсыз, өз елінізге барғанда біздің халықты қандай ел көрдім деп барасыз?— дейді.

Сырым батыр сонда:

Ешкісі семіз қойы арық —


Мал сорлысы сонда екен.
Жері сортаң, суы ащы,


Жер сорлысы сонда екен.

Қатыны семіз, ері арық —

Ел сорлысы сонда екен,—

деп барамыз да, өтірік айтар дейсіз бе?— деген екен.

МОЛДА МЕН СЫРЫМ

Сырым жол жүріп қеле жатьш бір мешітке кез болып, намаз оқуға мешітке кіреді. Сырымнын жеңінің ұзындығы етегімен бірдей екен. Мешітке кіріп иамаз оқығанда жеңін - түрмей, қолын жеңінен шығармай оқиды екен. Молда Сырымның бұл қылығына наразы болып, шариғат кітабын қолға алып, намаз оқығанда қолды шығарып оқу керек деп ескертеді.

  • Қолды жеңнен щығармай оқудың қандай зияны бар?—деп сұрайды Сырым

  • Қолыңды шығарып оқысаң, қолға^ нұр құйылады, алақаныңмен бет сипағанда сол нүр бетіңе жағылады,— дейді молда.

- Ол нұр қайдан келеді?— деп сұрайды Сырым.

Көктен қеледі — дейді молда.



  • Япырауу молдеке мен бұл шариғатыңызға түсіне алмадым. Сіздің айтуыңызша, жеті қат көктен, үш кабат мещіттің төбесінен өткен нұр менің жалаң қабат шекпенімнің жеңінен өте алмас дейсің бе?— депті.

Молда қысылып, жауапқа сөз таба алмай қалыпты.

СЫРЫМ МЕН ИШАН

Сырым батыр бір жолы Бұхарға барады. Сол күні молдалар мешіттё жұма намаз оқып жатьф екен. Сырым мешіт жанынан өгіп бдра жатса бір молда жанына келіп:

  • Ей. қазақ, намазға жүрі—деп, Сырымдм ертіп апарып ишанның артына тұрғызып қояды. Батыр неден бастарын білмей, аузына тускенін айта береді. «Көндірмеске көндірген қудай көрінгеннің артына төндірген құдай!..» дей бергенде, артта тұрған молда естіп, Сырымды желкеден нұқып калады. Сырым да алдындағы ишанды желкеден бір түртіп қояды. Ишан намазын бұзбай оқи береді. Намаз оқылып болған сон ишан:



  • Мені ұрған кім?—дейді.

  • Мен, - дейді Сырым.

  • Ә, неге ұрдың?—дейді.

  • Мен сахарада сркін өскен қазак едім. Мына кісі мені әкеліп намазға тұрғызып қойды. Не дерімді білмей аузымды күбірлетіп тұр едім, артымнан түртіп қалды. Намаз кезінде алдыңгысын артымдағы кісі түртіп түратын әдеті екен ғой деп, менде сізді бір түйіп қалдым, -дейді Сырым.

-- Сахара қазағын әкеліп намазға тұрғызған акымак,
деп ишаи молғаға дүре-салғызыіпты.


ХИУА ХАНЫ МЕН СЫРЫМ

3-нүсқа

Сырым батырды Хиуа ханы қайта-қайта қонаққа шақырып қоймайды. Бөкен би Сырымға: «Хан тұқымы қара ниет болады, барма» дейді. «Батыр аңқау, ер көдек» деген емес пе, Сырым «неде болса, бір барып қайтайыншы, не қылар дейсің?»—деп баруға бел байлап, бет алады.

  • Барсаң — бар, қасыңа Таумұратты ал, өзіңдей ер көңілді, жарлының жайсаңы ғой, жауға жалғыз тастамас, дұщпаныңа таба қылмас. Бірақ жат жерде жалғыз жүрме, алдымен иесі ауыз тимей, асын ішпе, жазым боласың,— дейді Бөкен би.

Сырым батырдың келе жатқанын естіген хан алдынан үй тіккізіп, құрмет көрсетіп, алдап қолға түсіруді ойлайды. Ең болмаса елге күлкі ғып, абыройын түсіріп жібергісі келеді.

Сырым хан ордасынынң табалдырығын аттай бергенде хан:

  • Батыр, аяғыңызда нәжіс бар ғой!— дейді.

  • Тақсыр, ордаңыз дін ашылған жер екен десем, боқ басылған жер ме еді!— деп аяғын кілемнің шетіне сүртіп өрлеп келіп отырады.

Хан амандасқаннан кейін:

  • Батыр әр түрлі қызық тамашамыз бар. Сізді соның ішінде болсын деп шақыртып едім. Балуанға түсетін жігітіңіз, бәйгеге шабатын жүйрігіңіз, айтысатын шешеніңіз бар ма?— дейді.

  • Хан, хабарсызбыз, қамданып келгеніміз жоқ. Сөйтсе де ат асіымызда, жігіт қасымызда, хөз аузымызда, ақыл-дасып көрерміз,— дейді Сырым.

Хан ертеңіне жүйрік аттарың, палуан жігіттерін, шешен билерін жинай бастайды.

Сырым жолдасына ақылдасқанда, Таумұрат былай дейді:

  • Кісі белін ұстап көрсен пенде емёспін, бірақ шөл-дегенде жыңғылдың бұтағын бұрап, суын сығып сусындай беретін едім. Атым ?да бұрын бәйгеге қосылған емес, бірақ күніне қырық киік соққанда да шабысынан танып көрген емес. Күрес десең күресем, шап десең шабамын. Жалғыз-ақ күресетін кісінің белбеуі мықты болсын, ат ай-дайтын жер алыс болсын. Тақрбас деген палуанмен күресіп, қабырғасын сындырады. Таумұраттың жирені үш күншілік жерден күн жарым бұрын келеді. Ат бәйгесі мен палуан күресінен жеңілген хан ең болмаса сөзден сүріндірейін деп Сырымға үш сұрақь береді:

Сырым палуан күрестен де, ат жарыстан да, ақыры айтыстан да жеңіп, бас бәйге алып, еліне абыроймен қайтады. Жат жерде жалғыз жүрмей, алдымен иесі ауыз тимеген асты ішпей, аман-есен келе жатқанда, ханның жансызы бір мыстан кемпір «қош, балам» деп қу шыбықтың ұшымен батырдың үзеңгісін түртеді. Ауылдан шыға бере батыр атқа отьфа алмай: «Уландым, Таумұрат елге хабарла!»— дейді.

Бөкен би: «Аяғынан уланған екен, маңдайынан жақ» деп шапқыншыға нар күміс деген дәрі береді. Бірақ дәрі алып Таумұрат жеткенше, Сырым батыр қайтыс болады.

СЫРЫМНЬЩ ХИУА ХАНЫН СӨЗДЕН ЖЕҢУІ

(2-нүсқа)

Сырым елдің барымтада кеткен малын даулауға Хиуа
хаңдығына бармақшы бопты. Кіші жүздің атақты билері:
Қоске, Көсеу, Бөкен, Малайсары: «Барма, малды бермес,
өзіңе бір қатер қылар» депті. Бұларға болмай, қасына
Дәуқараның баласы жас жігіт Есқара батьфды ертіп,
Қоңырат барыпты.
а .,

Қоңьфаттың ханы: «Малың жоқ шығар, болса берер-міз»—. дегей сөзбен жұбатып көп жүрген. Осы көп жүрген уакдэітта хан Сьфымды қайткенде де тне істен, не сөзден мүқатуға әрекет жасай беріпті.

Бір жиында көгіпен бірге мешіт намазына хан Сырымды да шақырыпты. Үйге кірерде Сырымның жольша сиырдың жас жапасы» тастатыпты. Сырым жапаны абайламай басып, үйге кіріп келгенде, хан «қонақ, аяғыңда нәжіс бар екен» дейді.

Сырым: «Хиуа, Бұхар шариғаттың ашылған жері екен десек, боқтың шашылған жері екен ғой!»—депті.

Намаздың батасын Сырым қолын жеңінен шығармай істепті. Сонда хан: «Қазақ қонақі Жеңіңізбен бата еткеніңіз қалай? Ол шариғатқа келмейтін нәрсе емес пе?»— дегенде Сырым батыр:

  • Жеті қат көктен өтіп тұрған құдайдың рақымы — менің шүберек жеңімнен өтпесе амалым қанша?—депті.

Хан тағы да бір улкен жиын-той жасайын деп Сырымға:

  • Қазақтың «ас-мас», «ат-мат», «жігіт-мігіт» деген сөздері бар, сол не деген сөз?— деп сұрайды.

  • Сұрағыңызға тойдан кейін жауап берейін,— дейді

Сырым.

Сырым ер қосшысы Есқара батырдан «Атың бәйгеге қосуға жарай ма?»— дейді.

Есқара: «Қайдан білейін, тарланым екі киік қуғанда болдырмай соғатын. Мұны қоссаңыз ат қосатын жерді алыстан сұраңыз, ұзаққа шабатын»— депті. Ат алыстан жіберіліп, тарлан алдымен келіпті..

Бәйгеден кейін балуан шығарғанда Сырым Есқараға:

Күшің қалай, күресіп көріп пе едің?— депті.



  • Үш жылғы қу тобылғыны бұрағанымда майы тама-тын еді, күресіп қарайын,— депті Есқара.

Ханның палуанын Есқара белбеуінен ырғап-ырғап тарт-қанда палуан отыра кетіпті.

Тойдың ойын-қызығы бітіп, табақ тартылғанда, Сырым ханға: «Сұрау ыңыздың шешуін айтуға' рұқсат етіңіз»— депті. Рұқсат етілген соң батыр: _

  • Біздің қазақ той жасағанда, қой сойып — құйрық, жылқы сойып — қазы тартады. Сусынға қымыз береді, мұны «ас» дейді. Сіздің табаққа салып тартқан жеміеіңізді, суеынға берген шайыңызды —<мас» дейді. Жылқыны сы-найтын ұлы бәйгеден шауып озған атты «ат» дейді. кейін тезек теріп қалған атты —«мат» дейді. Алқа топтан палуанға шыққанда алып ұрып жыққанды «жігіт» дейді, жер қауып жығылғанда «мігіт» дейді. Қазақтың «ас-мас», «ат-мат», <<жігіт-мігіт» деитіні осы еді, хан!— депті.

Содан кейін Хиуа ханы Сырым мен Есқара туралы «Адамның қызыл-қайың желі мен сьфттаны екен. Бүл екеуінің ел шабу қолынан келеді екен» деп қалай да

өлтіруді ойлапты.

Хиуаға кетерде Малайсары бидің Сырымға айтқан

ақылының бірі: -

Асын үй иесі өзі бастамай, сей ішпе!—дегён екен.



Сырым, Есқара екеуі ыссыда келе жатып, бір ауылдың үстіне келгенде, бір кемпір:

  • Ернің бозарып, таңдайың кеуіп келе жатыр екең, балам, мына сусыңды іше ғой!— деп ұсынғанда Есқара:

  • Сыреке, Малайсарының ақылы қайда?— дейді.

  • Ой, осы шешем алдап тұр дейсің бе?—деп Сырым сусынды ішіп жіберіпті. Ішінде у араласқан қымыз екен. Сырым содан өліпті.


СЫРЫМ БАТЫРДЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫ

Сырым батыр Малайсары биден бата сұрап барыпты. Малайсары батасын былай деп беріпті.

Менің батам жеті атаңа жететін болсын, үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін, құлағыңнан сыбыр кетпесін. Одан соң мына үш сиыққа зияның тимесін, бұл үш сиықта үш қасиетті адам бар. Соларға жолай көрме! Олар: бірінші — тана Қоске би, екінші — Әлім Көсеу би, үшінші — Есен-темір Бөкен би.



Сырым өзіне өзі жетіп болған соң: «Малайсары маған осыларға барма деді, басқадан бұлардың несін бөліп алды, неде болса барайын»—деп ойлайды. Сөйтіп, Қоске биге келеді. Сонда Қоске би айтады:

Ай, Сырым, атаң сенің Дат еді,



Дат деген бір қоя салған ат еді.

Саған жолбасшылық еткен бір бата еді,

Бата беру де бір қате еді.

Әлім Көсеу биге барады. Көсеудің ұлы жоқ, екі қызы бар екен. Қыздары батырды әбдең сыйлайды. Жатарда далаға төсек салып:

Қонақтар, тысқа жатыңдар. Сырым үйге жатсын,— дейді. Сырым үйге келсе, қьіздар кереуетке төсек салып қойыпты. Қыздар «мұнда жатыңыз» дейді. Сырым барып жатқан соң, қыздар жанына барып, бірге жатып:

Ақылы бар адал кісі тек жатады,

Ақылы жоқ арам кісі бір нәрсе деп жатады.

Деп жатқанда таң атады.

Соның мырза қайсысын аласың?—

Сырым ұялып тек жатуды алады. Сырым ішінен «Көсеудің қызы мұндай, өзі қаңдай білгір екен?» деп аттаныпты.

Сырым Бөкен биге барыпты.


  • Үш сиықтың баласы көше ауғанда, Хиуада ақтылы жылқы, аяқты малы көп қальш еді, соған барайын деп шықтым,— дейді Сырым. Оған Бөқен би разы болмапты.

  • Хиуа хандығы қастандық қылар, барма,—дейді Бөкен.

  • Жоқ, бет алып қалдым, барып қайтамын,— деп Сырым жүріп кетеді.

Есқара батырды жолдастыққа алады. Барған соң Хиуаның ханы Сырымды алдап:

  • Оның дұрыс, бір жылға мұрсат бер, еліммен сөйлесейін,"келер жылы кел,— деп қайырып, аттанарда үзең-гісіне у жағып жібереді. Шыға бере Сырьшның аяғы іседі.

  • Есқара, аяғымды кес,— дейді Сырым батыр.

  • Жоқ, аяғынды кеспеймін, Бөкеннің тілін алмадың,— дейді Есқара. Ақыры Сырым содан қайтыс болыпты.



СЫРЫМНЫҢ ӨЛІМІН ЕСТІРТУ

Сырым Хиуада жүріп қайтыс болады. Ел жиналып бала-шағасына естірту үшін Жетірудың шетінен ¥рышта деген биді алдырады. Ұрышта келген соң халық қабарды айтып, Сізді Сырымның өлімін қатын-баласына естірту үшін алдырдық. Енді солай баралық, барып естіртелік, сөзді сіз бастаңыз,— дейді.

Сырымнаң аулына барып, бір-екі күн қонақ болғасын Ұрышта би:

Шырағым, Қазыжан!



Қарт атаң сенің Дат еді-ау.

Есіміне жесімі лайық емес,

Тек бір қоя салған ат еді-ау!

Өз есімің Қазы еді-ау,

Қысың да сенің жаз еді-ау!

Әкең сенің Сырымды,

Кебеже қарын, кең құрсақ

Іші толған білімді.

Бір ғана қазақ жұрты емес,

Билегендей ер еді-ау,

Қытай менен Қырымды.

Әкең Сырым аман келсе,

Сүйіншіге берер ме едің

Олжатай мен Сүгірді.

Сол секілді Сырекемнің

Арғымақ аты сүрінді,—

деген екен.

ХАН МЕН ҚАЗЫ
Бір хан Сырым батырдың Қазы деген баласын тұт-қынға алып: «бес сұрақ беремін, соған жауап берсең боса-тамын:

  • Қатын деген не?

Бала деген не?

Қыз деген не?

Мал деген не?

Инабат деген не?—

дейді.

Сонда Қазы былай деп жауап қайырған екен:

  • Қатын — тұрақ емес пе?

  • Бала — шырақ емес пе,

  • Қыз — өріс емес пе,

  • Мал — керіс емес пе?

  • Инабат ердің азығы емес пе,

  • Инабатты ер — елдің қазығы емес пе?

Хан Қазыны осы сөзінен кейін тұтқыннан босатыпты.

ҚАЗЫНЫҢ ТӨРЕЛЕРГЕ ҚАЙТАРҒАН ЖАУАБЫ
Сырым батырдың баласы Қазы бір күні бір үйде отырған төрелердің үстіне кіріп келеді. Сонда төрде отырған төрелердің біреуі:

  • Амансың ба Қазы би,

Шекесі жалтыр тазы би?—

дейді.

Сонда Қазы отырмастан:

  • Аманшылық төрелер!

Ат жақсысы боз болар,

Құс жақсысы қаз болар.

Жер жақсысы саз болар,

Ер жақсысы таз болар,

Тазға тауып тидім деп,

Кейбір тентек мәз болар.

Отқа күйген таңлақты.

Төрелер таз деп күлгенің

Аталарың Нұралыны

Атам Сырым шапканнан

Жүректеріңде жүрген наз болар,—-

деп жауап қайырады. Сөзден ұтылған төрелер сонда:

Төрлет, Қазы, төрлет! - деп ығысып орталарынан орын берген екен.



ҚАЗЫНЫҢ ШЕКТІНІҢ ШАЛЫНАН ЖЕҢІЛУІ

Сырымның баласы Қазы би Баймағамбет еұлтанға еріп, Әлім үлынын еліне барыпгы. Баймағамбет Қазыға:

Мына жиналған жұртқа угіт айт, сенің Қазы деген атың көпке мәлім ғой,— депті.



Қазы көпке біраз үгіт айта келіп, сөзінің аяғында:

Аухал ханға қарсы, бите ерсі болмаңдар! — депті.



Сонда Шектінің бір шалы:

Ай. Қазыжан-ау, мынау сөзің атаң Сырым айтар үгіт екен, ол күнде ат жалын тартып міне алмай атаңнан жас қалып, енді мұны бізге айтып тұрсың-ау?— дегенде, Қазы би жер шұқып отырып калыпты.



ШОҚАЙ MEН ҚАЗЫНЫҢ ӘЗІЛІ

Бір жылы шаруасы шақталып, қоныс аударып елінен Шоқай көшіп кетеді, үш-төрт жылдан кейін ел caғынып, салт қыдырып елге келеді.

Сөйтіп жүріп Баймағамбет ханнын, үйіне түседі. Келсе, ханның үйінде Қазы би отырады. Оғаи аман-саудан кейін Қазы:

  • Иә, Шөке, құс Жәнекеге қыстайды, қысы жақсы болса, түлен үшады, қыс жаман болса, жүдеп ұшады деуиіі еді, барған жеріцізден қалай келдіңіз?—- дейді.

  • Әй, Қазыжан-ай, біреуді рызық айдайды, біреуді ажал айдайды. шырағым. Мен шашылған рыздығымды теріп жүрмін,—дейді Шоқай.

  • Шөке. енді осыпың арғы жағын айтпай-ақ қойыңыз. меиен бір.ат, шапан айып, хаиыиыздаіі бір ат, шаиан айып алыңыз,— дейді Қазы.

Шоқай жатып қонак больш, ертеңіне екеутен екі ат,

екі шапан алмп кетеді.

-- Ау, Қазы-ау, әлгі шалға неден айыпты болдык, сен ат екі шапан беріп жатқан соң, мен де бере салдым,-
дейді Баймағамбет.

  • Ой, ханым-ай, сен еш нәрсеге түсінбеген екенсің ғой, енді бірдеме десең арғы жағыңды қоқытайын деп отыр ғой. Сенің әкең мен менің әкемнің екеуінің екі жақта қаңғып жүріп өлгенін айтайын деп отыр. Осынша жұрттың ішінде оны естігенше, онан да ат-шапан айып беріп құтылғанымыз жақсы ғой,— дейді Қазы би.

  • Япырай, бізді құдай сақтаған екен,— деп, Баймағамбеттің зәресі ұшады.



ҚАЙЫРЛЫ БИ МЕН МҰХТАР ӘКІМ
Сырым батырдың ұрпағы Мұхтар орта жүзде ме, әлде кіші жүздің бір шетінде ме, әкім болыгі тұрады. Өзі өте тәкаппар, елге, сүйкімсіз дегенді естіп Қайырлы деген би оны іздеп барыпты. Түс мезгілі екен, үйіне кіріп барса, Мұхтар терде мамык жастық жастанып, әйеліне аяғын сипатып жатыр екен. Қайырлымен басын көтеріп аман-дасыпты. Әйелі Қайырлы әрі-бері отырған соң ақ құй-ып береді. Қайырлы ақтан ауыз тиіп, аяғын жерге қойып, бата беруге қолын жайып:

Арғы атаң сенің Дат еді,



О да бір қойылған ат еді.

Одан туған Сырым еді,

Жауына қарсы тұрып еді.

Одан туған Қазы еді,

Біреуге қыс, біреуге жаз еді.

Одан туған Омар-ды,

Аударылмас томар-ды.

Одан туған сен Мұхтарсың,

Кісіменен ісің жоқ,

Жатасың да ұйқтайсың.

Сенен ел билейтін әкім шықпас.

Одан да елге қайт!

Биссімелла алла әкпар!—

деп бетін сипап, тұрып жүре беріпті.

  • Япырмай, сен тұрсайшы, мынау тегін адам емес қой,— дейді әйелі. Сонда Мұхтар ұшып тұрып:

  • Жіберме, щақыр, қонақ болсын,— деген. Әйелі ілесе шығып:

  • Аға, сізге Мұхтар кетпесін, қонақ болсын деп, шақырып жатыр,— дейді.

Қайырлы тоқтап, бірнеше күн жатып, Мұхтарға ақыл айтып, содан кейін Мұхтар түзеліп, дүрыс ел билеген әкім болыпты.

TYCIHIKTEP
ШЕШЕНДІК АРДАУ СӨЗДЕР

АСАНҚАЙҒЫ МЕҢ ӘЗ ЖӘНІБЕК

ОҒҚ, ҚҚ, п. 613.

Нұсқа Павлодар облысы, Майқайың станциясыньщ тұрғыны Омар Иманбаевтың 1962 жылы тапсырған материалынан алынды.

МАЙҚЫ БИ МЕН АЛАША ХАН —

оғқ. ққ. п. біз:



О. Имагібаев қолжазбасынан.

Майқы —XII—XIII ғасырларда өмір сурген қоғам қайраткері, Қазақ шешендік өнерінің негізін салушы.

БАЙДАЛЫ МЕН АЙҒАНЫМ Нұсқа Тиесовтың «Жиделібай» (1959) жинағынан алынды. Байдалы Орталық Қазақстанда ХҮІІІ—XIX ғасырларда өмір сүрген шешен- би. Ал Уәли хан (1781—1821) Абылайдьщ үлкен ұлы. Айғаным (1783— 1858) Уәлидің кіші әйелі, Шыңғыс сұлтанның шешесі, Шоқан Уәлиханов-тың әжесі.

ЖИДЕБАЙ МЕН ҚАРАМЕНДЕ

ӘӨИ, ҚҚ. п. 140. .

Қарағанды облысы, Қоңырат ауданының тұрғьіны Әлихан Мұқажан-ұлынан Жағыфар Хұсайынов 1950 жылы жазып алған.

Әлтеке Жидебай —ХҮШ ғасырда өмір сүрген батыр. Тобықты Қараменде — белгілі шешен би.

\ ҮШ сыншы

ӘӨИ, ҚҚ, п. 502.

Нұсқа Жезқазған облысы, Мойынты станциясыііың тұрғыны Қази Сәулебаевтан жазып алынған.

ЕЛДІ БЕКЕМ БИЛЕЙДІ, БЕКЕМДІ ШЕШЕМ БИЛЕЙДІ ОҒҚ, ҚҚ, п. 502.

Кітапханаға 1946 жылы түскен. Бекболат — Қазыбектің баласы, ХҮШ ғасырда өмір сүрген шешен би.

БЕКБОЛАТ ПЕН БІР ТӨРЕ

Тарихта екі Бекболат би болған. Біріншісі — Қаракесек Қазыбек бидің баласы, екіншісі соның замандасы Қарауыл Қанай бидің баласы. Мұңда аталатын Қанай баласы Қарауыл Бекболат шешен.



«ШЕРНИЯЗ АҚЫН МЕН ЕДІМ» ӘӨИ, ҚҚ, п. 139.

Ел аузынан жазып алған Б. Адамбаев. Шернияз Жарылқасұлы
(1817—1881)— белгілі ақын әрі шешен. ^ ,


«БІЗ СІЗДІ ІЗДЕП ҚЕЛДІК БАЯНАС ДЕП»

ӘӨИ, ҚҚ, п. 139. .

Ел аузынан жазып алған Б. Адамбаев.

ШЕРНИЯЗДЫҢ БАЙСАҚАЛҒА АЙТҚАНЫ

Сонда.

ЖЕТЕС ШЕШЁНІҢ ӘБІЛҚАЙЫРҒА АЙТҚАНЫ ӘӨИ, ҚҚ, п. 140.

Нұсқа Қарағанды облысы, Қоңырат ауданында тұратын Мұхамед-жаннан жазып алынған.

ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ ОҒҚ, ҚҚ, п. 1061.

Нұсқа О. Иманбаевтың -қолжазбасынан алынды.

ДОСБОЛДЫҢ ӘЙЕКЕГЕ АЙТҚАНЫ ОҒҚ, ҚҚ, п. 1059.

Жинаущы Байысов 1944 жылы тапсырған. Әйеке Бекежанұлы Қызыл-орда қазақтарына болыс болған шұбыртпалы арғын, ақын Нартайдың аталары.

БШКПІН ДЕП МАҚТАНБА

Нұсқаны Петропавл қаласының тұрғыны Мұхамеджан Меңдібайұлы-нан К. Қаңтарбаев 1962 жылы жазып алған. Құнанбай Өскенбайұлы (1804—1886)—Қарқаралыға аға сұлтан болған шешен бй, Абайдың әкесі, руы — тобықты.

ЖҮМЫРБАЙ АҚЫННЫҢ ЖӘҢГІР ХАНҒА АЙТҚАНЫ

ӘӨИ, ҚҚ, п. 139.

Орал, Гурьев облыстарына ғылыми сапар кезінде (1957) ел аузынан жазылып алынған.

ШИЫРБАЙ ЖЫЛҚЫШЫНЫҢ СӨЗДЕРІ

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1057.

Б. Алманов 1936 жылы тапсырған.

ЫБЫРАЙДЫҢ ЕСЕНБЕРЛІГЕ АЙТҚАНЫ

ӘӨИ, ҚҚ, п. 140.

Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, Баянауыл советінде тұратын Ермұхан Жамықұлынан Ж. Хұсайынов 1950 жылы жазып алып, институ-шд сол жылы тапсырған, көп нұсқалы сөз.

ТӨЛЕ БИ ШИТҮЛКІ БАЛА

ОҒҚ, ҚҚ, п.,1060.

Ғылыми кітапханаға Отарбай 1947 жылы тапсырған.

СӨЗДЩ АТАСЫ МЕН АНАСЫ ОҒҚ, ҚҚ, п. 1061.

Ғылыми кітапханаға X. Байысов 1931 жылы тапсырған.

ӘРКІМ АЗСА, ҚАТАРЫМЕН АЗАДЫ ОҒҚ, ҚҚ, п. 1061.

ЖАРЛЫНЫҢ ПІРІ — ЖАЛТАҢ AT A - ОҒҚ, ҚҚ, п. 1059.

ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ ОҒҚ, ҚҚ, п. 1062. ? (

Мұнда аталатыны Әз Жәнібек — қазақтың алғаніқы хандарының бірі, Қарабас шешен туралы дерек жоқ. Сөз баспаға бірінші рет ұсынылып отыр. ,

ҮЙСШБАЙ ШЕШЕН МЕН ТӨРЕ

ӘӨИ, ҚҚ, п. 502.

Қарағанды облысына ғылыми сапар кезінде Б. Адамбаев ел аузынан
жазып алған. . -


«ЯПЫРМАЙ, МЫНА ТОҚТЫ ЕМБЕГЕН БЕ?»

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1061.

Әркімнің атынан айтылатын, елге көп тараған сөз.

«БАҚЬІТ ҚҮСЫ ҚАРА ШЫБЫНҒА АЙНАЛДЫ»

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1059.

X. Байысов 1939 жылы тапсырған.

КЕДЕЙЛІКТЕН ЖАМАН ЖОҚ

Қ. Қаңтарбаевтың қолжазбасынан алынды. Сөздің «Байдалы би айтты» дейтін және басқа да нұсқалары бар.

ЖОЛДАСТЫҢ МЫҢЙН АЛМА, БІРШ АЛ -ОҒҚ, ҚҚ, п. 1058.

Ел аузынан Бозтай Жақыпбаев жазып алған, кітапханаға 1940 жылы түскен.

БІЛГЕНДЕРДЕН ҒИБРАТ АЛ

С. Сейфуллин. «Қазақ әдебиет!», ҮІ-том, Алматы, 1964.

АҚТАЙЛАҚ ПЕН ҚАНАЙ ШЕШЕН

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1057.

Сөзді Ғали Әбетов ақын Иманжан Жылқайдаровтан 1948 жылы жа-зып алған.

Ақтайлақтан Сабырбай, одан Қуандық (қыз), одан белгілі Төлеу ақың туады, атамекендері — Аякөз маңы.

Қарауыл Қанай ійешен — Тоқсейіт бидің баласы, ХҮШ ғасырда жасаған. Қанайдан Жаманқара, Есімхан, Есімханнан Бекболат. Бекбоііат тұқымы Көкшетау облысында, көбісі «Игілік» колхозында тұрады.

ҚАТЫН АЛМА, ҚАЙЫН АЛ ОҒҚ, ҚҚ, п. 1065.

Ел арасына көп тараған белгілі сөз. Бұл Тоқа Беріш Аманжол би айхты деген нұсқасы. Ел аузынан жазып алған ақын Мәриям Хакімжа-нова.

«ЖАР БАСЫНА ҮЙ ТІКПЕ»

С. Сейфуллин, «Қазақ әдебиеті», Алматы, 1964.

МЕН КЕДЕЙЛІКТЕН ӨШІМДІ АЛДЫМ

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1057.

Т. Ысмайылов кітапханаға 1974 жылы тапсырған. «Мүсет бидің совет-ник Тұрлыбекке айтқаны» дейтін сөз.

ЖҮЙРІКТЩ БІР МШІ БАР

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1065.

Әр түрлі нұсқада әркімнің ойынаи айтылатын. сөз. Бұл нұсқасы
Омбы облысы, Азов ауданы, «Жолбасшы» колхозының мүшесі Қ. Ақ-
қожаұлынан жазып алынған. •
ч

ҚАС ЖАҚСЫНЫҢ БЕЛГІСІ ОҒҚ, ҚҚ, п. 1057. Жамансары батыр айтқан деген сөз.

АҚ САУЫТТЫҢ БЕЛГІСІ Қ. Ақбергенов чгапсырған материалдардан алынды.

СУАЛМАЙТЫН СУАТ ЖОҚ

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1068:

Омбы облысы, Азов ауданы, Банзе аулының тұрғыны Күлмақай Аққожаұлынан отызыншы жылдары жазып алынған.
ЖІГІТ ЕДІМ, МҮНДАЙ БОЛДЫМ 0, Иманбаевтың қолжазбасынан алынды.
СУДА СУАТ ЖАМАН ЕКЕН ОҒҚ, ҚҚ, п. 1064.

Кітапханаға 19.46 жылы түскен. Қызылқұрт Теке би айтқан дейтін

сөз.
АТЫҢ ЖАМАН БОЛСА...

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1068. Қ. Аққожаұлынан жазып альшған."

БІРЕУДЕН АЛСАҢ АМАНАТ

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1063.' Белгілі мәтел сөз. «™

ТОСЫЛМАС ЖҮЙРІК БОЛМАС

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1063. Белгілі мәтелге айналып кеткен сөз.

ТАМАН ЖАРЛЫ ЖИЫЛСА...

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1060.

БІЛГЕН ЕРГЕ ҚҮН ЖЕТПЕЙТІН КҮН БОЛАДЫ

Қаз.ақтың Абай атындағы педагогикалық инетитутының кітапханасы. Ә. Мәмбетованың диссертациясынан алынды.

БІЛШ АЙТҚАН СӨЗГЕ ҚҮН ЖЕТПЕЙДІ Ә. Мәмбетованың диссертациясынан алынды.

ҮШ ШЫРАҚ ПЕН ҮЩ ИТ

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1061.

ҮШ РИЯЛ МЕН МЫЛЖЫҢ

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1061.

ЖЕТІ ЖОҚ

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1061.

БАТЫРЛЫҚТАН HE ПАЙДА?

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1067.

Ел аузынан жазып алған Төкіш Жанкісіұлы.. Бағаналы Ерден батыр Сандыбай баласы ХІХғасырда өмір сүргең, аға сұлтан болған.

ҚАРАТАУ ТӨБЕ БОЛАР ТАС КЕТКЕН СОҢ

оғқ; ққ, п. Ю61.

ҚҰТ БІТЕЙІН ДЕСЕ

Ә. Мәмбетованың диссертациясынан алынды. Сөздің алғашқы нұсқасын ел аузынан 1939 жылы Б. Жақыпбаев жазьш алған.

ІЛГЕРІ БАСҚАН АДАМҒА

ӘӨИ, ҚҚ, п. 612.

С. Мұқановтың қолжазбасынан алынды.

МШСІЗ БАР МА?

ОҒҚ, ҚҚ, п. 613.

О. Иманбаевтың материалынан алынды.

ЕЛУ — ЕРДЩ ЖАСЫ ОҒҚ, ҚҚ, п. 1063. '

ЕКІ ЖАҚСЫ ДОС БОЛСА...

оғқ, ққ, п. 1068. ;

Бала бидің атынаң айтылатын сөз. ' .,

ӘДІЛ БИДІҢ КЕГІ ЖОҚ

ОҒҚ, ҚҚ, п.

Қ. Қаңтарбаев материалынан алынды. Ноғай қарауыл Шауыпкел батыр ХҮІІІ ғасырда жасаған, батырлығымен бірге шешен болған.

БАТА СӨЗ

A. В. Васильевтьщ «Образцы киргизской народной словесности» (Оренбург, 1898, с. 22.) деген жинағынан алынды.

ӘРБІР ПӘЛЕҢНЕН САҚ^ГА!

Ә, Оспанұлы мен Қ. Қаңтарбаев материалынак алынды.

АҚҚУ ҮШЫП КӨЛГЕ КЕТТІ

С. Сейфуллин. «Қазақ әдебиеті» (1932, 1964).

ТҮЯҒЫ БҮТІН ТҮЛПАР ЖОҚ

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1064.

Ел арасына көп тараған.

ТЕҢІЗ БАСТАН БЫЛҒАНДЫ

С. Сейфуллин. «Қазақ әдебиеті» (1932, 1964). Нұсқада аталатын Шыңғыс хан (1156—1227), шын аты Тимушин Есугейұлы, монғол жұртының ұлы -ханы, қолбасы, қазақ хандарының түп атасы.

АҚСАҚ ҚҮЛАН, ЖОШЫ ХАН

С. Сейфуллин, «Қазақ әдебиеті» (1932, 1964). Нұсқада аталатын Жошы хан (1187—1227) Шыңғыс ханның үлкен ұлы, 1219—1221 жыл-дарда Ертістен Еділге дейінгі жерді меқендейтін Дещті Қыпшақ ұлысын басқарғаң. Өлген жері, басына орнатылған сағанасы Үлытау бойында, Кеңгір өзенінің жағасында.
АРҒЫМАҚ AT СҮРІНДІ

Жинаушы Т. Ауатановтыі< материалынан алывды.
УА, БАЙҒАРА, БАЙҒАРА!

С. Сейфуллин, «Қазақ әдебиеті» (Алматы, 1932, 1964).
АУРУ КӨҢІЛІН КІМ АШАР?

ОҒҚ, ҚҚ, п. 613. / О. Иманбаев тапсырған материалдан алынды.

ҰЛЫ ӨЛМЕГЕН РУДА ЖОҚ

Д. Шаханұлы мен Қ, Қаң^арбаевтың материалынан алынды. Нұсқада аталатын Тезек төре Нұралы Әділұлы Жетісуда Албан елін билеген әкім әрі ақын, Шоқан Уәлихановтьщ қайынағасы, қартайып 1880 жылдары қайтыс болған. ;



ШОРМАН МЕН ҚҮДАЙМЕНДЕ ОҒҚ, ҚҚ, п. 1063.

Көп нұсқалы сөз. Бұл нұсқасы Қ. Ақбергеновтың қолжазбасынан алынды.

" I . , ■

ҚАЙРЫСЫЗ, МҮҢСЫЗ ЖАН БАР МА? ОҒҚ, ҚҚ, п. 1063.

Нұсқада аталатын Ерден Саңдыбаев — аға сұлтан болған. Ш. Уәлиха-новтың замандасы. Қаржас Шорман — Шоқанның туған шешесі Зей-нептің әкесі, шешен би болған.

ӨЛІМДІ ЕР КӨТЕРЕДІ

ОҒҚ, ҚҚ, п. 1065.

Кітапханаға ақын Қалижан Бекхожин 1936 жылы тапсырған. УА, ЕРДЕН!

, Жинаушы Қ. Қаңтарбаев Көкшетау облысы, Октябрь ауданы, Марьевка қыстағында тұратын Дүйсен Жапаровтан 1932 жылы жазып алған.

ТҮЛПАР БАР МА ТҰЯҒЫ МАЙРЫЛМАҒАН?

, Көкшетау облысы, «Бишікөл» совхозының тұрғыны Қазкен Ораз-бекұлынан 1962 жылы жазып алынған.

САБЫРЛЫҚ КЕРЁК ҚАЗАҒА О. Оспанұлы мен Қ. Қаңтарбаев материалынан алынды.
ШЕШЕНДІК ТОЛҒАУ СӨЗДЕР

- " - ■ ■

БҮЛ ДҮНИЕДЕ HE ЖЕТІМ? ОҒҚ, ҚҚ, п. 1057.

БҮЛ ДҮНИЕДЕ HE ЖАМАН? ӘӨИ, ҚҚ, п. 139.

Гурьев облысына ғылыми сапар кезінде Шевченко ауданы, Ерәлиев атыңдағы колхоздың мүшесі Бүркітбай Сәрсенбаевтан Б. Адамбаев жазып алған.

БАЙҚАСАҢ, ЖАҚСЫ ҚАНДАЙ, ЖАМАН ҚАНДАЙ?

Нұсқа Қ. Қацтарбаев материалынан алынды.

БИІК ТАУҒА ЖАРАСҚАН

С. Сейфуллил, «Қазақ әдебиеті», (1932, 1964).

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет