Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет52/82
Дата05.11.2022
өлшемі2,07 Mb.
#156697
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым ж не жо ары білім министрлігі

Әдебиеттер:
1.Әбішев Қажымұрат. Философия . А., 2020.
2.Философия тарихы. Т.Х.Рысқалиев. А.,2015.
3.Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы: 3-ші том. Қазіргі заман философиясының бастауы: А., 2019. https://openu.kz/ru/book/batys-filosofiyasynyng-zhanga-tarihy-3-tom


Дәріс 21.22. Өнер философиясы
Негізгі мақсаты: Өнер философиясының қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтарын айқындау. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихына тоқталу.
Негізгі түсініктер: эстетика, этика, катарсис, пайдея, мәдениет, сезім, тәрбие, жақсылық, асқақтық, әсемдік, сұлулық.

1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
2. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель).
3. Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми).
4. Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).
5. Ренессанс эстетикасы, сипаты, ерекшеліктері және әлем мәдениетіндегі маңызы.
6. Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнер мүмкіндіктері.
7. Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің этикалық және эстетикалық бастамалары.

1 Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие.


Этимологиялық түбір әлі күнге дейін "анестезия" сөзінде кездеседі. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің көрініс саласы өнер деп қарастырған.
Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.
Өнердің шығу тегі туралы теориялар: «Мимезис» немесе «имитация» теориясы Өнер – бұл мимезис, имитация (грек тілінен «mimesis» - еліктеу, қайталап өндіру; көне үнді санскрит тілінен «im eto» - «еліктеу). Әуелгі кезде «мимезис» шарап ішу құдайы Диониске табынушылықпен байланысты көне грек абыздардың ритуалды билерін белгілеген. Пифагоршылар музыканы «аспандағы әуендердің үйлесімділігіне еліктеу» деп түсінген. Мимезис теориясын Платон және Аристотель дамытқан. Өнердің шығу тегі туралы биологиялық теория бойынша, адамның өнерге қабілеті табиғи эволюция жолымен қалыптасып, туа біткен қабілетке айналды. Эротикалық теория бойынша өнер - «әшекейлеу инстинктіні» жүзеге асыру, басқа жынысты өзіне қарату тәсілі деп түсіндіреді Ч. Дарвин, О. Вейнигер, К. Грос және т.б. Ойын теориясының негізін қалаушылар – Ф. Шиллер, Г.Спенсер, Г.Аллен, К.Гросс, К. Ланге: «өнердің шығу себебі – бос уақыттың болуы және адамның еңбекте жойылмаған қүш-қуатын өзіне ұнайтын ермекке жұмсау қажеттілікте. Ойын ретіндегі өнер – «еліктеу». Мәдениет туралы, сонымен бірге, өнер туралы ойын концепциясын біртұтас түрде тұжырымдаған Голландияның тарихшысы Йохан Хейзинга «Homo ludens» («Ойыншы адам») атты еңбегінде. Өнердің шығу тегі туралы прагматизм теориясы Джон Дьюи: «өнердің туындысы – әлеуметтік теңсіздік жағдайда адамдар араласуының жалғыз тәсілі».
Өнердің нақты-тарихи сипаты: Ипполит Адольф Тэн (1828-1893) француз философы, өнертануда мәдени-тарихи мектептің негізін қалаушы «Өнер философиясы » (1869). Ипполит Тэн: «…қайсы-бір көркем шығарманы, сүретші-ні немесе сүретшілер мектебін түсіну үшін, сол замандағы ақыл-ойдың және өнегелі-ліктің даму деңгейін дәлме-дәл көз алдымызға елесте-туіміз керек». Өнердің тұлғалық сипаты: Өнерді тұлға жасайды және өнердің үндеуі тұлғаға бағытталады. Өнер адамның барлық сезімдерін, уайымдарын жеткізеді, адамның мінез-құлқысының, қылықтарының себептерін ашып береді. Суретші құбылыстардың, оқиғалардың ішкі мән-мағынасын индивидуалды бітім, кейіп түрінде көрсетеді. Өнер философиясының мәселелері адамның психикасы мен психология мәселелерімен тығыз байланысты. Көркем шығармашылықтың субъектісі: Бұл - жасаушы, суретші; егер өзінің жасампаз қасиеттері ең жоғарғы деңгейде көрініс берсе, ол - гений. Ол суреттерде, фрескаларда, мүсіндерде, музыкада, әдебиетте әсемдікке ұмтылысты білдіреді. Оның дарындылығы, таланты – оның көркем әрекетінің алғышарты. Оның шығармашылы-ғының стимулы - қиялында қалыптасқан бейнелерді сезімдермен қабылданатын түрде бейнелеп жеткі-зуге рухани қажеттілік.
2 Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында белгілі бір кеңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек еткен. Әрі сол күйлердің әлемге деген таза танымдық қатынастан өзінің сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" және "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Эстетикалық ойдың даму тарихына философиялық ғылымдардың пайда болған жері Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдіктің адамзат әлемінен орын алғандығы туралы баяндайтын көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен, яғни әз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Адамның өнері макроғарыштың, үлкен ғарышқа ұқсап бағуынан, еліктеуінен, яғни мимезистен (грек тілінде "мимесші - "еліктеу") туады. Осылайша грек ойшылдарының көбі өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған. Грек эстетикасын грек мәдениетінің архаикалық немесе гомерлік (Гомердің "Илиада", "Одиссеясы" дүниеге келген уакыт) кезеңінен басталады.
Антикалык эстетиканың орталық категориясының бірі "гармония" ұғымы Гомердің "Одиссеясында" өзінің бастапқы нақты заттық мағынасында беріледі. Онда "гармония" деп қайық жасалған ағаш кесінділерін біріктіруші қыстырғышты, шегені айтатын болған. Ал "Илиадада" "гармония" қосымша мағынаға ие болып, адамдар арасындағы келісім, тыныштык, бейбітшілікті білдіретін болған. Осылай бастапқыда тікелей әлеуметтік өмірдің ортасынан алынған сөз бірте-бірте философиялық, эстетикалық категория деңгейіне дейін көтерілген. Эстетикалық категория тұрғысындағы "гармония" ұғымын тұңғыш Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері ілімінде әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімділікті танытады.
Антикалық софистердің өнер философиясы. Софистердң сұлулықты түсінуінің ерекшеліктері:
- субъективизм: «әркім сұлулықты өзінше түсінеді»,
- релятивизм: «сұлулық салыстырмалы сипатта»
гедонизм: «сұлулық – бұл көзге және құлаққа жағымды нәрсе»
Софистер әсемдіктің көзі деп «дүние емес, бір нәрсенің сұлулығын қабылдауға қабілеті бар адам», - деп санаған. Өнер софистер үшін «елес, иллюзия, сағым, «алдап көтермелейтін өтірікті» жасау. Өнердегі образдарды (бітімдерді, кейіптерді) адам жасағандықтан, олар дүниенің бейнесі емес».
Сократ өнер туралы (б.д.д. 470- 399), «өнер - бұл құбылыстарды жәй көшіру емес, ол дүниені еліктеу арқылы бейнелеу. Суретші дүниені зерттеп, көптеген жалқы заттардың белгілерін таңдап, жинақтап, жалпылайды. Осындай әрекет арқылы өзгертілген табиғат идеалға дейін көтеріледі. Сократ өнерде адамның рухани қасиеттерін, яғни түрі-түсі де, пропорциясы да болмайтын жанның қалпысын бейнелеу мүмкін бе? - деген сұрақ қояды». Сократ өнер философиясына «калокагатия» ұғымын (грекше: «калос» – «әдемі; «кагатос» – «ізгі») еңгізді. Аристотельдің өнер философиясы: «Әдеміліктің негізгі белгілері – кеңістіктегі тәртіп, ұйқастық және анықтылық» (Аристотель «Метафизика»). Өнер, Аристотельдің пікірінше, дүниені «мимесис», яғни еліктеу арқылы бейнелейді Аристотель өнердің өнеге-тәрбиелік маңызын «катарсистен» (адам жанын күйзеліске түсу арқылы тазартудан) көрген.
3.Мұсылман әлеміндегі өнер.VII ғ. пайда болған ислам сурет пен мүсін өнерінде адамдар мен Аллаh кейіпін бейнелеуге тыйым салды Оның екі негізгі себебі:
табынушылықты тудыратын пұттарды (идолдарды) жасауға жол бермеу;
«Жаратушыға ұқсатуды» айыптау.
Бұл тыйым салу Мухаммед-пайғамбардың хадистерінде айтылған:
«Әрине, адамның және Құдайдың суретін салғандар, Құдай Соты күні азап шегеді. Оларға айтылады: «Өздерің жасағандарыңды, тірілтіңдер»
«Құдай Соты күні бітім жасау қабілеті жағынан өздерін Құдайға ұқсататындар ең ауыр азап шегеді» .Бұл тыйым салу нәтижесінде сәулет өнері, каллиграфия, мозаика, миниатюра, өрнектер салынған керамика, көркем шыны, кілем тоқу өнері гүлденіп шықты. Әл Фараби әдеміліктің көзін шын дүниеден, табиғаттан, адамнан көрген. Ол «еліктеу» мен «үйлесімділік» деген ұғымдарды талдайды, әсіресе, «Музыка туралы үлкен кітапта» музыкалық үйлесімділікке көп көңіл бөледі. Бұл кітаптың негізгі идеясы - музыканы қабылдауда сезімнің және эмоциялық қабылдаудың рөлін көрсету. Адамның дауысы барлық музыкалық аспаптар үшін үлгі ретінде қарастырылады. Әуеннің үйлесімділігі дыбыстардың үндестігіне байланысты. Осыған қарап, жетілген және жетілмеген әуендерді ажыратады. Абу Насыр әл-Фараби өзі «кипчаги» деп атаған музыкалық аспапты жасап шығарған. Омар Хайям (1048-1131), фарсы философы. Омар Хайямның поэзиясында шарап пен махаббаттың бейнелері өмірдің рәміздері ретінде қолданылады. Шарап бейнесінде болмыстың шын құндылығы көрсетіледі. Шарап – өмірге қуаныштың, көңілденудің, жастық шақтың, ақсақалдар даналығының рәмізі. Шарап құмырада сақталады. Адам денесі де қыштан жасалған құмыра. Ерте ме, кеш пе, дене топыраққа айналады, одан жаңа құмыра жасалады. Осылай даналық ұрпақтан ұрпаққа өтіп жатады. Омар Хайям кез-келген жағдайда адам болуға шақырады. Абдуль Валид Мухаммад ибн Ахмад ибн Рушд (1126-1198). Ибн-Рушд поэзия өнерінің тәрбиелік рөліне назар аударады: ол «кең әлеуметті» тура жолға салуға пайдалы, адамдарды дұрыс қылықтарды жасауға бағыттайды және жаман қылықтардан бас тартқызады. Поэзия мен риториканың айырмашылығы мынада: егер біріншісі «ол қандай» десе, екіншісі «ол не болып табылады» дейді. Риторикамен салыстырғанда, поэзияда рационалдық дәлелдердің орнын бейнелер алады. Сондықтан, поэзия сөзінің ақиқат пен жалғандыққа ешқандай қатысы жоқ.
4. Христиандық ортағасырлық өнер. Батыс еуропалық ортағасырлық көркем сананың ерекшелігі – азапкер адамның кейіпі.
Өнер сюжеттері қарапайым адамның, қайыршының, елкезбенің азап шегуімен байланысты. Ортағасырлық өнер Құдайдан берілген нұрлану ретінде түсіндірілген, діни сипатта болған. Сәулет өнерінде екі негізгі стиль қалыптасты: романдық ((X-XII ғғ.) және готикалық (XII-XVI ғғ. Романдық стильдің ерекшелігі —оның аласа, тапал, салмақты сипатында. Үйлердің негізгі типтері серілердің қамалы, монастыр жүйесі, шіркеу болған. Готика стилі құдайға табынушылықты білдіріп, жоғарғы құдіретті күшке, мәңгілікке бағытталған. Сондықтан готика стиліндегі негізгі ғимарат - көпшілік жиналатын шіркеу, яғни «собор» - болған. Собор – қаланың қоғамдық өмірінің орталығы болатын. Ол Христос патшаның жоғарғы билігінің көрінісі ретінде танылған. Аврелий Августиннің әдемілік туралы тұжырымдамасы. Августин Құдайды абсолютті әдемілік ретінде түсінеді. Құдай дүниені сұлулық пен парасат-тылық тәртіп заңдары бойынша жаратқан. «Әсемдік және соған сәйкестік» атты еңбегінде Августин адам жанының әсемдігі ізгілікте көрініс береді және игілікпен ажыратылмас байланысты дейді. Августин, Аристотельдің іліміне негізделіп, әсемдіктің негізгі белгілерін - форма, тәртіп, ұйқастық пен бірліктен - көреді. Августиннің ілімі бойынша, әсемдікті қабылдаудың негізгі жолдары - құлақпен есту және көзбен көру. Августин аспандағы Жоғарғы суреткер Құдайдың шығармашылығы мен жер бетіндегі суреткер шығармашылығының ұқсастығын көрсетеді. Христиандық өнер, бір жағынан, Құдайдың даңқын, атын шығарады, екінші жағынан, адамды Құдай берген қағидаларға - сүйіспеншілікке, ізгілікке, әділдікке, қайырымдылыққа шақырудың тиімді тәсілі ретінде қызмет атқаруы керек. Августиннің пікірінше, адамның ақыл-ойы өнерді шығару жолына сөзден бастап құлақпен естуге, естуден көзбен көруге, грамматикадан - диалектика мен риторикаға, әрі қарай - музыка мен поэзияға жетеді. Иоанн Дамаскин (675-753 гг Мансур ибн Серджун ат-Таглиби) қасиетті бейне туралы теорияның негізін қалаушы, икона салу өнерінің ережелерін ресми түрде бекіткен:
- Әулие адамның суретін салуға болады, бірақ символдық және аллегориялық түрде.
- Әулиенің өмірінде шын болған (Қасиетті кітапта баяндалған) оқиғаларды бейнелеуге болады және керек.
- Христосты жер бетінде, адамдар арасында жүрген түрінде суретке салуға болады, бірақ Құдай-Әкені бейнелеуге болмайды.
- Әулиелердің бейнелері адамдарға керек – олар шіркеуді әсемдейді, сауатсыздарға кітаптың орнын толтырады, Құдайға сенім үшін көрсетілген ерлікті еске салып тұрады. Біз иконаны көргенде суреткердің шеберлігіне емес, суреттелген қасиетті «алғашқы кейіпке» құрмет көрсетеміз
- Иконалар ғажайып іс жасайды, өйткені оларда суреттелген әулиенің құдіретті күшінің бір бөлігі бізге өз әсерін тигізеді.
5 Ренессанс эстетикасы, сипаты, ерекшеліктері және оның әлем мәдениетіндегі маңызы. Қайта Өрлеу кезеңін антикалыққа қайту ретінде қарастырамыз. Бірақ ол кезеңнен адамды түсінумен және орталыққа қоюмен ерекшеленеді. Адамның дамуына ешқандай шек қоймайтын кез, шығармашылық шабыттары да шексіз. Ерте капитализм дамыған уақыт. Қайта өрлеу кезі өнер титандарына бай. Дәуір идеалдары шеберлер. Өнер иелері бірнеше тілді меңгерген, Леонардо да Винчи мүсінші, инженер, ақын, суретші, философ, өнер теоретигі. Дантенің «Құдайы комедиясы», Боккаччонің «Декамероны» адами қасиеттерді көрсетіп, шіркеуді сынаған. Осы уақыт философиясы өнер мәселелерін қамтыған. Өнер дүниетанымдық қызметті атқарған. Джованни Пико делла Мирандоланың атақты «адамның қадір-қасиеті туралы» сөзінен төмен келтірілген үзіндіден елестетуге болады. Мирандола (1463-1494) Құдай адамды жаратып, оны әлем орталығына қойып, оған былай деген сөздермен: «біз саған, о, Адам, белгілі бір орын, өз бейнесін, орын және адам, сенің еркі мен сенің шешіміне сәйкес, өз қалауың бойынша, өз қалауың бойынша болмаймыз. Басқа да туындылар бейнесі біз белгілеген заңдар шегінде анықталған. Сен ешқандай шектерде ұялмай, өз бейнемізді өз шешіміңмен анықтайсың, оның билігіне мен сені таныстым». Ол керемет объективті критерийлерді іздеуден кетеді және рахат сезімінің субъективті негіздерін іздейді.
Ренессанс мәдениеті адамның назарын жер дүниесіне және оның әсемдігіне көз ашып, құпияларды танымда белсенді қарым-қатынас қажеттілігін қалыптастыра отырып, сондай-ақ шығармашылық қайта қалыптастыру және оның бейнесін көркем-эстетикалық құралдармен қалыптастыруға аударды. Әлемнің сұлулығы суретшілердің шығармашылық қалыптастырушы қызметінің эстетикалық үлгісі болды, оған жоғары (биік, ұлы) дыбысталуын және қайталанбас сұлулығын және жер заттарын тануға қызығушылықты, шіркеудің даусыз беделінің бұрылуын, мәдениеттегі зайырлы элементтердің өсуін зерттеушілер тән белгі деп атайды.
XVғ. ренессанстық гуманизм идеялары, дүниетанымдық принциптері мен эстетикалық-көркемдік принциптері басқа елдерде таралды. Батыс Еуропа, зайырлы мәдени парадигманың қалыптасуын куәландырады. Идеялардың басымдылығы ауқымында өсті.
Философиядағы, гуманитарлық ғылымдардағы, жаратылыстанудағы, эстетика мен өнердегі, өмір стиліндегі, дәуірдің этикалық және эстетикалық идеалдарындағы Ренессанс, Қайта өркендеу алдымен Италияда Данте Петрарка, Боккаччо, Альберти, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело, Буонаротти, Марсилио, Фичино, Джованни шығармашылығынан басталады.
Қайта өркендеу алдыңғы антик және орта ғасыр дәуірлері эстетика идеяларының заңды жалғасы болып табылады, атап айтқанда антикалық уақытта ол табиғи әлем мен адамның біртұтас, тәжірибелік-сезімтал және ақыл-ой көзқарасын бейнелейтін түпнұсқа құбылыс болып табылады. Қайта өрлеуде жаңа дүниетанымдық парадигма қалыптасты. Ол адамды жер бетіндегі өмірде барлығын жасайды, жаратады, идеалды және нақты рухты деп қарастырады, Қайта өрлеу ортағасырлық аскетизмді жеңіп, оған көркем-әдемі формадағы өмірлік толық көріністерді береді.
6 Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнер мүмкіндіктері. Күнделікті өмірде адам өнер қоршауында болады. Адам өмірін өнерсіз елестету қиын. Алғашқы қауым өкілдері жартастарда сурет салуды, еңбек құралдарын жасауды, дыбыстарды шығаруды үйренген кезде, өнер адамзаттың өмірінен орын тепкен.
Үздік өнер тұлғаларының шығармалары баға жетпес мұра боп қалды: Бах, Моцарт, Бетховен және т.б. Кез келген өнер түрінде кескіндеме, әдебиет, музыка, театрдасезім салынған. Авторлар өз сезімдерін, ойларын қосады. Жылдар бойы мәдениет, онымен бірге өнер өзгерді.
Өнер адамдарға өзін ашуға, өзін жүзеге асыруға, өзінің ішкі әлеміне кетуге көмектеседі, өз ойлары мен арман-армандары әлеміне енуге жетелейді. Ол адамның бар шындықтан алшақтап, қарама-қарсы әлемге енуіне көмектеседі. Сондықтан өнердің рөлі адам өмірінде баға жетпес.
Адамның міндеті – өнерді сақтау. Иә, кейінірек жаңа нәрсе жасауға болады. Біз бар нәрсені бағалауымыз керек. Егер бұл болмаса, егер адамдар өнерді бағалай алмаса, әлем өлімге ұшырайды.
Өнер арқылы тұлғалар қазіргі әлемнің ең өзекті мәселелерін қоғамға жеткізеді. Мүсіншілер, суретшілер, жазушылар XXI ғасырдың адамдарын көрсетіп, олардың шығармаларынан әркім өзін көріп, біліп, көре алады.
Өнер адамды өзгерте алады және тек жақсы жағына ғана. Ол адамды өзіне, қоршаған ортаға және жалпы әлемге мүлдем басқаша қарауға мәжбүр етеді. Өнер өзінің барлық көріністерінде адамды ең алдымен рухани дамытуға қабілетті, мәселелер мен көптеген нәрселерге жаңаша қарауға және оларды басқаша қабылдауға көмектеседі. Кез келген өнер түріне тікелей қатысы бар адамдар неғұрлым білімді, эстетикалық дамыған болады. Біздің әлемдегі өнердің маңызды мәні – бұл, әрине, адамда мәдениетті тәрбиелеу, сондай-ақ өзін-өзі көрсету мүмкіндігі.
Өнер барлық уақытта адамды өзгертті. Осы арқылы адамдар әлем туралы өз білімдерін, жаңа идеялар мен ойларды басқаларға берді. Тіпті, бүгінгі күнде де, сапалы жаңа ойлап табуға болады, өйткені бәрі маған дейін біреу құрған, өнер әлі күнге дейін бір почтальон функциясын атқарады. Сондай-ақ, күнделікті үрейде біз өзекті мәселелерді шешуге алаңдаушылық танытамыз, бұл біз өмір сүріп жатқан әлемді көруге ұмытпаймыз. Өнер адамды әдеттен көтере алады, өмір, бұл, шын мәнінде, керемет нәрсе екенін еске салып, сәтті бағалай алады. Сонымен қатар, адам қандай да бір өнер саласында бос болмаған кезде, бұл онда шығармашылық бастама мен ойлауды дамытады, әлемді сәл басқа көздермен қарауға көмектеседі және, мүмкін, бұған дейін шешілмеген сұрақтарға жауап табуға көмектеседі. Қазіргі уақытта бірінші орында материалдық игіліктер тұр. Әркім мүмкіндігінше көп ақша табуға, жеткілікті өмір сүруге тырысады. Бірте-бірте адам «жаңартылады» қызығушылықтар барынша азаяды. Тек өнер ғана ішкі әлемге назар аудара алады және ең бастысы – адамның өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі тануы екенін еске салады.
7. Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің этикалық және эстетикалық бастамалары. Қазақ халқының этноэстетикасының жалпы бағдарын түйсінудің бір қыры – көптеген халықтардың дүниетанымына ортақ үдеріс дүниені көркемдік тұрғыдан игерудің байырғы ұлттық бейнелеріне үңілу болып табылады. Әлемді образдық-аллегориялық, рәміздік-көрнекілік тұрғыдан байыптаудың негізгі түпмәні логикалық ақиқат пен ғылыми тұрғыдан түйсінудің бірден-бір баламалық нұсқалары болып ыңғайласуында екендігін атап өткен жөн. Ақиқат көркемдік танымда тек демифологизация, экспликация, герменевтика арқылы ғана емес, олардың ішкі мәніне көпсатылы деңгеймен тереңдеп ену арқылы да ашылады. Мұнда кейде обьективті ақиқатқа жетелейтін қосымша мәліметтер беру де басшылыққа алынатын тәрізді. Немесе сол көрініс шамамен формасы бойынша құрастырылады.
Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Қазақ жеріндегі жырау толғаулары олардың өмір сүрген дәуірінің айнасы іспеттес. Жырауларда үлкен - эмпирикалық тәжірибелер, халықпен қоян-қолтық араласуы нәтижесінде өзіндік байқау жағы мол болғаны білінеді. Бірақ та батыс философтарындай, әсіресе, Гегель мен Кант Секілді абстракциялық тұжырымдардың кездеспейтіндігін айту қажет.
Бұлар өздерінің көзбен көргенін және тікелей естігендерін ғана, суырыпсалма ойлауының негізінде, көшпенділерге тән ерекшелігінің төңірегінде өрбітеді. Қазақ ақын–жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен Ақтамберді. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген ақылгөй, қамқоршы бола білгені байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықылас ел қамы, ар, намыс үшін күрес, әділдікті, туралықты құдірет тұту олардың шығармаларынан өзекті орын алған.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған Шоқан Уәлиханов «көшпенділер философы» атаған Асан қайғы өз заманының үлкен ойшылы болған. Заманымыздың көрнекі ойшыл ғалымы, әдебиет тарихын терең зерттеп, тексерген академик Мұхтар Әуезов айтқандай, Асан қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарымынан да бірталай көрініс - елес, білік – дерек береді». Асан қайғы толғауында қазақ жерінің бүлінбеген экологиясы; аса көркем жан семірткен табиғат байлығы, осындай жағдайда өмір сүрген қазақ халқының сол кездегі жан дүниесінің сұлулығы тамаша көрініс тапқан. Мұндай жәйт сол кезде өмір сүрген Қазтуған жыраудың толғауларында да өте әсерлі, көркем тілмен суреттелген. Бұқардың көптеген жырлары отбасылық қарым-қатынас, адамгершілік мәселелеріне арналған. Қарт жырау адам өмірінің ең қызықты кезеңі, ойына алған ісін қайратымен іске асыратын, ақыл, қайрат пен талаптың тасыған шағы жиырма бесті іздесең де таппайсың, жас өміріңді дұрыс пайдалана біл деп ақыл айтып отыр. Оған қарама – қарсы «кәрілік ел қонбайтын шөл, екі жағы ор, түпсіз терең көл, алдың белгісіз қараңғы тұман түн» деп қорытынды шығарады. Жырау өскелең ұрпақты шынайы достыққа, ар - ождан, адамершілік қасиеттерді өмір бойы қастерлеп өтуді айта отырып, өлмейтін, өшпейтін нәрсе жоқ, қоғам, табиғат, тіршілік үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген пәлсапалық топшылау жасап келеді де «өлмегенде не өлмейді?» деп, өзі сұрақ қойып оған: Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді –деп жауап береді.
Абай қазақ халқының этикалық-эстетикалық санасына жаңа ашып, еңбек ұғымын негіздеді. Оның ойынша, еңбек – тек функция емес, адам болмысының іргелі принципі. Сондықтан еңбек қоғамды дамытуда, жеке тұлғаны қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Абай өмірмәнді гуманистік идеяларды ұсынды. Ол адамның шығу тегі, қоғамдағы орны, білімдігі мен байлығы емес, адамның рухани әлемін бағалауға, құрметтеуге шақырды. Абай үшін адам философияның мәні мен шегі, өйткені адам – жаратылыстың шыңы, әлемнің орталығы, қоғамның негізі мен тамыры. Абай адамды жаңартудың жолын іздеді, адамзатты адамгершілікті жетілдіруге шақырды, оның күші мен мүмкіндігіне шексіз сенді.
Ақын-ойшылдың этикалық идеалы эстетикалық көзқараспен тығыз байланыста. Абайда рухани жетілуі – этикалық және эстетикалық бірлікте, ол белгілі эстетикалық құндылыққа ие. Сұлулық пен жақсылық ол үшін өте жақын ұғымдар, ал мейірімді адам – әдемі. Ойшылдың түсінігіндегі тамаша – бұл ең алдымен үйлесім, табиғат үйлесімі, адам өмірінің үйлесімі. Ж. М. Әбділдиннің пікірінше: «табиғаттың тамаша құбылыстары туралы, әдемі тұлпар туралы, әдемі қыз туралы қазақтар Абайға дейін де айтқан. Абай дың жаңалығы мынада: адам ғана тамаша табиғатқа қарайды, тек адам ғана адами қарым-қатынас үшін алаңдайды немесе қуанады. Адам денесі оның адамгершіліктік сұлулығымен гармонияда қарастырылады».
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Фәлсафа дәстүріндегі өнердің ерекшелігі неде?
2. XVI-XVIII ғғ. эстетика және практика., олардың ерекшелігі неде?
3. Классикалық эстетиканың классикалық еместен ерекшелігі қандай?
4. Қазақ халқының ұлттық аспаптарының ерекшеліктері?
5. Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің мәдениеттегі ролі?.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет