Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


тақырып. Қоғамды төтенше жағдайдан қорғау негіздері мен қағидалары. Жаппай қырып жою қаруынан қорғану



бет28/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
5 тақырып. Қоғамды төтенше жағдайдан қорғау негіздері мен қағидалары. Жаппай қырып жою қаруынан қорғану

1. Қоғамды төтенше жағдайдан қорғау негіздері мен қағидалары.


2. Жаппай қырып жою қаруынан қорғану.


1. Қоғамды төтенше жағдайдан қорғау негіздері мен қағидалары
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының төтенше жағдайдан қорғау заңнамасын іске асыру және қалыптастыру мәселелері үлкен дәрежеде елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты. Себептер негізінде, қазіргі таңда, халық пен аумақтарды қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою өзекті мәселелерге айналды.
Объективті қиындықтарға байланысты, заң тәжірибесінде алғаш рет осы мәселелерді түсіну маңыздылығын арттырады, атап айтқанда, техногендік авариялар мен апаттардың, табиғи апаттар, экологиялық апаттар немесе азаматтардың құқықтық шарттары мен өкілді және атқарушы органдармен өзара іс-қимыл ұйымдастыру нысандарына әкеп соқтыратын басқа да түрлі төтенше жағдайлар оқиғалары көрініс табады.
Төтенше жағдайларда аймақтар мен халықтың қауіпсіздік мәселелерін реттеудегі заң шығару жүйесінде 2014 жылдың 11 сәуір күні бекітілген Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңы енгізіліп, бұрын қолданылған «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Өрт қауіпсіздігі», «Құтқару қызмет және құтқарушылар туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Мемлекеттік материалдық резервтер туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», Заңдар өз күшін жойды.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған:
- адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру;
- соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.
Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындардың толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.
Уақытша көшіру шаралары:
- ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін – өндіістік принцип бойынша;
- халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
- көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету, шығару[12, 30 б.].
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.
Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.
Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.
Бытыраңқы орналастыру –соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады.
Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.
- бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;
- азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;
- эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;
- халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
- көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
- станцияларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;
- халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау,барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;
- жерасты құрылғыларын, жекпелерді және басқа да халықты жасыруға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;
- азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;
- қауіпсіз аумақта ауылдық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.
Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:
- әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;
- қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;
- орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);
- жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар тәртібі;
- эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру мерзімдері;
- жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен шығарылатын халық саны;
- халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;
- халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару кезектілігі;
- эвакуациялық жинау пункттері және оған бекітілген ұйымдар мен пәтер иеленушілердің кооперативі;
- халықты көлікке отырғызу пункттері;
- оны қауіпсіз аймаққа түсіру;
- халықты қауіпсіз аймақта қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі шаралар;
- қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі қорғану жайларын дайындау тәртібі мен мерзімдері, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар;
- халықты эвакуациялаудың аралық пункттерінен және түсіру пункттерінен оларды орналастыру орындарына жеткізу үшін аудандардың көлігін пайдалану;
- эвакуациялық шараларды жүргізу кезінде бақылауды басқаруды және байланысты ұйымдастыру;
- ұмысшылар ауысымын қауіпсіз аймақтағы орналастыру аудандарынан қалаға және кері қарай тасымалдау тәртібі;
Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:
-орналастыру мен эвакуациялауға жататын жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің саны;
-орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері ;
-жұмысшылар, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерін көлікпен ( транспорт түрлері бойынша) және жаяу тәсілмен әкетілетіні;
-эвакуациялық шаралар үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары;
- жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін жаяу тәсілмен шығару маршруттары эвакуацияның бастапқы пункттері, демалу аудандары, аралық пункттері;
- ұйымдар бекітілген немесе өрістірілген эвакуациялық жинау пункттері, олардың нөмірлері мен орналасатын орындары, ұйымдардың эвакуациялық пункттерін өрістету уақыты;
- жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің эвакуациялық жинау пунктіне келген уақыты;
- жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларын отырғызуға және тасымалдауға жауапты эшалондардың бастықтары, автомобиль легінің басқарушысы және басқа лауазымды адамдар, жаяу саптың бастықтары;
- адамдарды көлікке отырғызуды ұйымдастыруға бөлінген пункттер мен қауіпсіз аймақтағы аралық эвакуациялық пункттері;
- қауіпсіз аймақта жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін қабылдауды ұйымдастыру;
-халықты түсіру пункті мен эвакуациялаудың аралық пункттерінен орналастыру орындарына жеткізу тәртібі және ол үшін бөлінетін көлік ( саны, сыйымдылығы, келетін уақыты, бөлген адам);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет