Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет29/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Эвакуация дегеніміз - ол, күтпеген сұрапыл жағдайда дайын болудың нәтижесінде тұрғындарды, құрал-жабдықтар мен қондырғыларды, кәсіпорындар мен мекемелерді қауіпсіз аймаққа көшіру рәсімін айтады.
Мысалы, 1941-1945 ж Ұлы Отан соғысы кезінде зауыттыр мен фабикалар және мекемелер басқа қауіпсіз жаққа көшірілгені туралы айтуға болады.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады. Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі.
Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.
Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.
Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру болады.
Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.
Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
- көшіру - төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардың құндылықтарды ұйымшылдықпен әкетуді айтады;
- қоныстандыру - соғыс жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылар мен қызметшілердің (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен көшіру және орналастыру болады.
Қауіпсіз аймақ - ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралаық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары көшірілетін алшақты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақты айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет