Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет6/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)
С бағдарламалау, Лекция-3.-Производные-ароматических-кислот-и-их-солей, Ана тілі кітабы, экология, 2сынып Қазақ тілі 14-15 саб
Материализм бұл философиядағы ағым, дүниенің негізі ретінде материяны (табиғатты) мойындайды. Үнді философиясында материализм ежелгі Чарвака – Локаята мектебінде, Грек философиясында – Милет мектебінде, Гераклит, Демокрит, жаңа кезеңдерде – Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Фейербах, Маркс, Герцен, Чернышевский және Ленин, француз ағартушыларының ілімдерінде дамыды. Материалистік ілім бойынша дүние, табиғат мәңгілік, ол жаралмайды, жойылмайды да, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді.
Материализм тарих дамуында бірнеше сатыдан өтті:

  1. Стихиялық материалистер – ертедегі Үндістанда, Грекияда құлдық қоғам тұсында, ғылыми білімдердің әлі дами қоймаған кезінде пайда болды. Фалес – суды, Анаксимен – ауаны, Анаксимандр апейрон, Гераклит – отты, Ксенофан – топырақты дүниенің негізі деп ойлаған.

  2. Метафизикалық (немесе механикалық) материализм XVII-XVIII ғ. жаратылыстану ғылымдарымен, әсіресе механикамен өзара тығыз байланыста дамыған. Механика заңдарын абсолюттендіріп, бүкіл табиғатты, тіпті әлеуметтік құбылыстарды да механика заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылғандықтан, бұл материализм механистік деп аталған. Оның өкілдері: Бэкон, Гоббсс, Гассенди, Спиноза, Ламетри, Дидро, Гельвецкий, Гольбах, т.б.

  3. Диалектикалық материализм. Маркстік материализм бұрынғы философияға қарағанда мазмұны жағынан да, өзінің қоғамдық өмірдегі рөлі жағынан да сапалы, жан-жақты дамыған. Материализм мен диалектиканың органикалық бірлігіне сүйеніп, қоғамдық құбылыстарды да қамтиды.

Антропологиялық материализм. Адам психофизиологиялық тірі организм ретінде рух пен материяны біріктіреді. Бірақ, адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі – қоғамдық – тарихи практика екенін мойындамайды. Өкілдері: Фейербах, Чернышевский.
Материализмде ерекше бөлінетін бағыт – тұрпайы (вульгарный) материализм. Олар ойлауды, сананы, психиканы материямен теңестірді, бауырдың – өтті, бүйректің – сұйық дәрет шығаратыны секілді, ойда «мидан шығады-мыс» деп ұйғарады. Сондықтан ойлау осы мағынасында материалдық болып табылады. Бұл – өрескел қате. Өкілдері: К. Фогт, Я. Молешотт, Л. Бюхнер (ХІХ ғғ.).
Материализмнің әлсіз жағы – сананың белсенді мәнін түсіндірмеуі, толық дәлелдей алмауы. Материализм философиядағы үстемдік етуші ағым ретінде демократиялық – грекияда, XVII ғ. – ағылшында, XVIII ғ. – францияда және ХХ ғ. – СССР мен социалистік мемлекеттерде өмір сүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет