Философияның негізгі бөлімдері (тараулары):
Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) – болмыс туралы ілім.
Гносеология (гр. gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім.
Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.
Философияның пәндері:
Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б. философиялық мәселелері).
Антропология философиясы - адам болмысы.
Мәдениет философиясы - мәдениет әлемі.
Тарих философиясы.
Құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі.
Дін философиясы.
Болмыстың бастамасы туралы сұрақ философияның негізгі мәселесі болып саналады. Оны ашық түрде алғашқы анықтаған марксизм, ол монизм, дуализм, плюрализм ұғымдарымен тығыз байланыста болды. Монизм (гр mones – біреу, жалғыз) – дүниенің негізінде бір ғана бастама бар деп танитын философиялық бағыт, идеалистік ілімдерде – рух, материалистік ұғымда – материя. Монистер деп – барлық дәйекті материалистерді (Демокрит, Фалес, Анаксимен, Анаксимандр, Гераклит, Дидро, Гольбах, Маркс, Ленин) және барлық дәйекті идеалистерді (Августин, Фома Аквинский, Кант, Гегель, Юм) санайды. Дуализм (лат. Duo – екеу) (И. Кант, Р. Декарт) – дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын, тепе-тең екі нәрседен – рух пен материядан басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым. Плюрализм (лат. Plurais – көптік) – дүниенің негізі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ мәндерден тұрады дейтін ілім. Болмыстың негізінде көптеген (жер, су, рух, т.б.) нәрселер бар деп санайды.
Дүние негізінің сапасына сай, философия – материализм және идеализм болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |