Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Дін – көзқарастың бір түрі. Дін



бет3/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)
С бағдарламалау, Лекция-3.-Производные-ароматических-кислот-и-их-солей, Ана тілі кітабы, экология, 2сынып Қазақ тілі 14-15 саб
Дін – көзқарастың бір түрі. Дін – табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделінген сенім. Ол адам өміріне және қоршаған ортаға ықпал етеді. Діни көзқарас қоршаған ортаны сезімдік, бейнелік – эмоционалдық түрде қабылдауды сипаттайды.
Дін қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерден: христиан, ислам, буддизм және көптеген ұлттық діндерден: синтоизм, иудаизм, индуизм, тәңірлік, конфуцийлік, даосизм, т. б. тұрады. Дін адамдардың үлкен топтарын – халықтарды біріктіріп, қоғамды идеялдар арқылы тұрақтандырады. Ол мәдениеттің кеңістікте тарауына мүмкіндік туғызды да, ортақ салт-дәстүрлердің қалыптасуына ықпал етеді. Өнегелік-тәрбиелік саласы да жақыныңа сүйіспеншілік, қайғысына ортақтасу, адалдық, төзімділік, парасаттылықты міндет деп санайды. Дін адамды адамгершілікке, тазалыққа үйретеді.
Діни сенім заңды, тарихи түрде қалыптасады. Тотемдік сенімнен табиғаттан тыс күшке (құдай, сайтанға) сенудің арасында табиғаттың дүлей күштеріне (найзағай, теңіз, ай, күн) сену жатыр - оны пұтқа (заттық формадағы нәрсеге: икона, сурет, мүсіндерге) илану деп санайды. Шынайы дін жеке заттан бүкіл аспанға, әлемдік ғарышқа табыну (тәңірге сену, конфуциялық ілім), абстрактылық күштер күресі (зооастризмдегі жарық пен түнектің мәңгі шайқасы, кезектеле жеңіске жетуі) идеялары арқылы жетіліп, қазіргі әлемдік діндерде қалыптасты. Бұл негізінен сананың жетілуі, абстракциялық ойлаудың, жақсы мен жамандық идеялдарын құрастыра білу мүмкіндігінің пайда болу жемісі. Идеалдар да жоқтан алынған жоқ, ол реалдық адам болмысының қарама-қарсы бастауларын жинақтаудың нәтижесі. Жамандық – адам бойындағы биологиялық заңдылықтар (тек өз қамын ойлау, жануарлық инстинктіге бағыну, ұмтылыстарына жету үшін күшке, алдауға сүйену, т. б.), жақсылық – тәрбиеден алынған әлеуметтік заңдылықтарды пір тұтып дамыту. Адам бойындағы реалды қасиеттер топтастырылып, бірі – сайтан жолы, екіншісі – құдай, имандылық жолы аталып, олардың мәңгілік күресі мойындалды. Тек қоғамда ғана адам болып туып, өмір сүре алатындығы ескеріліп, оның тұрақтылығын, бейбіт дамуын қалайды. Бірақ, үстемдік етуші әулеттер, тап пен ұлттар, елдің көңілін ішкі теріс шешімдегі мәселелерден басқаға аудару үшін, діндердің әртүрлі көзқарастарды ұстанатынын, бұқара халықтың ғылыми білімнен алшақтығын пайдаланып, өздерінің саяси-экономикалық тартыстарын діни соғыстарға аударуға тырысатындығы да тарихта жиі кездеседі.
Діни көзқарас, сана мен сенім – қарапайым халықтың философиясы деуге де болады, яғни оның қоғамға қажеттілігі әлі де жоғалған жоқ. Егер рационалдық ғылыми білімнің әрқашан бүгінде шешімі жоқ бір нәрселерге тап болып отыратындығын, ал сенім – тек тұтастық ретіндегі көзқарастың жемісі болғандықтан, жетіспеген білімді адамдар мифологиямен толықтыратынын пайымдасақ, дінді мәңгі қоғамдық құбылыс деу орынды. Оның тәрбиелік мәні өте зор, себебі әрбір жаңа ұрпақ биологиялық заңдылықтардан тек өз күшімен, ақылымен арылуы қиын, ал мемлекет тарапынан күш көрсету – көбіне кері нәтижелер әкеледі. Сондықтан, оның мифологиялық бастамаларын символдар ретінде қарап, біртіндеп рационалдық күйге көшіріп, әлемдік діндердің алшақтаған идеологиясынан құтылып, діни сенімді адам көзқарасының қажетті бастауларының бірі санауға ұмтылған жөн. Діннің үш элементі бар: діни түсініктер, діни сезімдер, діни табыну мен әдет-ғұрып жоралары. Олар әлеуметтік жағдайларға байланысты әртүрлі болып келеді. Дін дүниені екіге бөледі: о дүние және бұл дүние. Дін өз нұсқауларын құдай атымен мәңгі-бақи бекітпекші болатын неғұрлым консервативтік идеологияның формасы болып табылады, яғни оны реформалау асығыстықты қаламайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет