Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет41/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Сигналдар – жануардың өз қимылдарын білдіретін дыбыстар шығаруы (құстардың әні, мысықтардың мияуы, жыртқыш аңдардың ырылдауы).

  • Адамдардың бір-бірімен қатынасы үшін ойлап тапқан әртүрлі белгілер.

  • Табиғи белгілер – табиғат сигналдары (найзағай, күннің күркіреуі).

  • Жасырын әдіспен, кодпен жазу, сөйлеу. Көпке түсініксіз ғылыми тіл, дін тілі, жаргон - жеке топтар тілінің сөздері;

  • Белгілердің белгісі, атаулардың атауы – әмбебаптық ұғым, түсініктер.

    Гоббс механикалық материализмнің өкілі ретінде қоғамдық құбылыстарды механикалық жаратылыстану тұрғысында қарады. Оның пікірінше геометриялық, математикалық әдістер әмбебаптық ғылыми әдістер болып есептеледі. Сондықтан адам және қоғам саласында қолдануға болады. Адам мен жануарлар - күрделі машина, адамның аяғы мен қолдары – доңғалақ, жүрегі мотор механизімі деді. Қоғамды, мемлекетті үлкен механизм ретінде қарады. Олардың негізгі элементтерін жіктеп, оны қарапайым табиғат заңдарымен түсіндіреді.
    Гоббс қоғам тарихын екі кезеңге бөлді: Табиғи, Азаматтық. Табиғи дегеніміз – адамдардың қоғамға дейінгі жағдайы, адамдар табиғат заңдарына сай өздерінің құштарлығына бағынады. Табиғат бізге, бәрін береді деген пікір басым болады. Табиғи кезде адам адамға қасқыр, бұл жағдайда олардың жойылып кетуі мүмкін.
    Гоббс философияның маңызды проблемасы, қоғам мен мемлекет деп есептеді, мемлекеттің теориясын дайындады. «Левиафан» (Чудовище – құбыжық жәндік) деген философиялық еңбегінде алғашқы мемлекеттің пайда болуында қоғамдық келісім жатыр деген идеяны ұсынды: 1. Адам қоғам мен нақты мемлекетте қызмет істеп, өмір сүреді. 2. Адамның табиғатында ең бастан-ақ зұлымдық бар. 3. Адам әрекетінің қозғаушы күші – жеке басының қамы, ол эгоизм, құмарлық, қажеттілікті тудырады, долдану – аффектілер қысқанда, естен адастырады. 4. Әр адамның барлығына және басқаларға назар аудармауы, оның еркі, бірақ ол «бәрінің бәрімен соғысына» әкеледі. Бұл жерде жеңіп шығу қиын, адамдардың бірігіп өмір сүруі және экономикалық прогрестің болуы мүмкін емес. Қоғам құру үшін адамдардың келісімін алу, қоғамдық шартқа отыру, билеушілерге өз еркімен бағыну керек. Бұл – мемлекет, қоғамның өмірін жөнге салу механизмі. Адам өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін мемлекет қуатты болу керек. Гоббс бойынша мемлекеттің үш түрі бар: демократия, аристократия, монархия. Философтың ойынша ең жақсысы ─ монархия, монарх әр уақытта өзінің халқының рухани және материалдық тұрғыдан озық болуын, экономикалық дамуын, моральдық дәрежесін көтеруді мақсат тұтады, әрі қамтамасыз етеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет