Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу



бет37/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу



  1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: 1969-1972.

  2. Абеляр П. История моих бедствии. М.: 1992.

  3. Августин А. Исповедь. М.: 1992.

  4. Августин А. О граде божие. М.: 1994.

  5. Боэтций. Утешение философией. М.: 1992.

  6. Избранные произведения мыслителей стран Ближнего и

Среднего Востока. IX-XIV вв. М.: 1961.

  1. Кентерберийский Ансельм. Сочинение. М.: 1995.

  2. Мир философии: Хрестоматия в двух частях. М.: 1991.

Әдебитеттер тізімі



  1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. т.б. Философия және

мәдениеттану. Алматы, 1998.

  1. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұхамбетали Қ. Философия

тарихы. Алматы, 2000.

  1. Әл-Фараби. Философские трактаты. Алма-Ата, 1970.

  2. Әбішев Қ. Философия. Ақыл кітабы, 2000.

  3. Әлемдік философиялық мұра. 1-20 тт. 2-5 Алматы.

Мектеп, 2005-2007.

  1. Есім Ғ. Фәлсәфа тарихы. Алматы. Раритет, 2004.

  2. Ибн-Сина. Избранные философские произведения. М.:1980.

  3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы. 2003.

  4. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Оқу құралы.

Алматы. КазГЗУ.2002.

  1. Майоров Г. Г. Формирование средневековой

фиилософии. М.: 1979.

  1. Мәдени-философиялық, энциклопедиялық сөздік.

Т.Х.Ғабитов, А.Т. Құлсариева. Алматы. Раритет 2004.

  1. Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат. Қостанай, 2000.

  2. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы.

Алматы, 1999.

  1. Сыбанбаев Қ., Затов Қ. Философия. Алматы, 2000-2004.

  2. Соколов В. В. Средневековая философия. М.: 1979.

  3. Философия. (Т. Ғабитов Алматы. Раритет 2005).

  4. Философиялық сөздік. 1996.

1. 4. Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы

Қайта өрлеу бір замандағы, яғни б. з. д. V ғ. шарықтаған грек философиясының, мәдениетінің, өнерінің, әдебиетінің 1500 жыл бойы қыспақта болып, енді жаңадан жаңғырып оралуын білдіреді. «Ренессанс» – «Қайта өркендеу», жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу.


Қайта өркендеу деп ─ Батыс пен Орталық Еуропадағы мәдениеттің XIV-XVI ғғ. даму кезеңін айтады. Бұл кездегі ойшылдар шіркеу догмалары мен Орта ғасырлардағы адам тағдырының Құдай ырқына тәуелді екендігі туралы түсінікке күмән келтіреді. Адамды әлем мәселелерінің ортасына қойып, олар оның өзін ғана емес, сонымен бірге іс-әрекеттерінің де мәнін жоғары көтерді.
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты, оның адамға бағытталуы болды. Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына күш-қуат берген, рух, жігер туғызатын Космосты, орта ғасырда Құдайды, Қайта өрлеу дәуірінде адамды қойды. Сондықтан, қайта өрлеудің ерекшелігі – антропоцентризм. Енді зерттеудің орталық мәселесі – Құдай емес, адам болды. Адамның әлемдегі орны, оның бостандығы, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Николло Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень секілді ойшылдарды толғандырды. Адам мен оның тағдырына, шығармашылық бастамасына тұрақты көңіл аударғаны үшін, оларды «гуманистер» деп атады. Гуманизм қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік ойлар: «гуманизм» терминін (латынның humanitas ─ адамшылық) белгілі Римнің саяси қайраткері, Цицерон б.з.д І ғасырда қолданды. Оның ойынша humanitos – адамның тәрбиесі және білімі, оның жоғарғы дәрежеге жетуіне мүмкіндік туғызады. Адамның рухани табиғатының жетілуінде негізгі рөл грамматика, риторика, поэзия, тарих, этика пәндеріне беріледі. Атап айтқанда, ренессанс мәдениетінің теориялық негізі ─ осы пәндер. Оларды studia humanitas (гуманитарлық пәндер) деп атады.
Гуманизмнің негізін қалаушы – ақын, философ Франческо Петрарка (1304-1374 жж.). Өз шығармаларында католик шіркеуінің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылуды, адамдардың бостандығы туралы идеяны қозғады. Петрарка антикалық мұраны бағалауда жаңа тәсіл қолданды. Ол әдебиет, өнер, ғылымның жаңа сатыда дамуы үшін, негізін қалаушылардың ойына еліктеуден гөрі, антикалық мәдениеттің жоғарғы сатысына ұмтылуды, сонымен бірге қайта ой толғай отырып кей жағдайда одан басым болуға шақырды. Петрарка салған жолда антикалық мұра, гуманизмнің жетекшісі болды. Қайта өрлеу ─ дәуірдің басты субъектісі ретінде адамды қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет