Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет44/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Джон Локк (1632-1704 жж.) Бэкон мен Гоббстың философиясын жалғастырды. Негізгі еңбегі: «Адам ақылының тәжірибесі туралы» (1690 ж.). Ол Р. Декарттың «туа біткен» идеясын жоққа шығарды. «Жаңадан туған жанның санасы – таза тақта, ол тәжірибе арқылы толтырылады. Барлық білім тәжірибеге сүйенеді» – оның негізі тезисі. Бұл материалистік эмпиризм, сенсуализм ағымы.
Тәжірибенің екі түрі бар: сыртқы және ішкі тәжірибе. Біріншісі – сезім, екіншісі – рефлексия. Сезім идеясы – бастапқы сырттан келген құбылыс. Рефлексия – сананың өзінің ішкі психикалы күйіне ой жүгіртуі. Сезім идеясы арқылы біз заттардың сапасын білеміз. Ол екеу: бірінші сапалы идеялар ─ денелердің түрі, саны, орны, қозғалысы, салмағы, көлемі, т. б. Қасиеттері. Бұларды объективтік шындықта қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Екінші сапалы идеялар: денелердің иісі, түсі, дәмі, т. б., бұларды субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Оның сапаны осылай талдап зерттегені – үлкен ғылыми ілгері басқандық болды. Оны көбіне субективтік идеалистер мен агностицизм өкілдері кең пайдаланды. Д. Локк өз заманының көрнекті қоғам қайраткері. Мемлекет туралы ойлануында табиғи қалыптан азаматтыққа өту идеясын қолдады, мемлекеттің мақсаты ─ еркіндік пен еңбекпен жиналған меншікті қорғау деді. Ол алғашқы болып биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары туралы ойлар айтты, халықтың саяси белсендігін қолдады.
Давид Юм (1711-1776 жж.) –агностицизм өкілі. Білім болмысты тану үшін емес, күнделікті өмірде жол нұсқаушы ретінде ғана керек. Ақиқат білім тек математикада бар, қалғандары логикаға бағынбайтын деректерге сүйенген дағдылы сенім дейді. Құбылыстардың бірінен кейін бірі өтуі ─ олардың себепті байланысын көрсете алмайды, тіпті дүние бізден тәуелсіз объективті өмір сүре ме?- деген сұраққа да жауап айта алмаймыз. Сонымен қатар ол, сезімдердің айқын болу дәрежесіне сүйеніп, олардың реттілігін айтады, практикаға соның өзі жеткілікті деп санайды. Соған сену теориялық білімді қажет етпейді.
Юм утилитаризм ілімін таратты, ақиқаттың, өнегеліктің өлшемі пайда деді. Діннің өнегелікке, азаматтық өмірге тигізетін зиянды әсерін қатты сынады. Негізгі еңбегі «Адам ақылы туралы зерттеу» (1748). Оның агностицизмі қазіргі неопозитивизмнің бір бастауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет