Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Б. з. д. I ғ. буддизм екi ағымға бөлiнiп кеттi



бет16/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Б. з. д. I ғ. буддизм екi ағымға бөлiнiп кеттi:
1. Хинаяна,
2. Махаяна:
Хинаяна – «құтылудың тар жолы» немесе «кiшi шеңбер»- адамның өзiнiң жеке басының құтылуы. Монастырьге кету арқылы немесе дүниеден қайтқан соң Нирванға жетуге болады деп санайтын ағым. Ол алғашқы буддизмге жақынырақ болды.
Махаяна – «құтылудың кең жолы» немесе «үлкен шеңбер». Мүмкiндiгiнше көп адамдардың құтылуы ретiнде, дүниеде бола отырып, дүниеден қайтқан соң мәңгi-бақи, бiрақ сонда да уақытша, Нирванаға жетуге болады деп санайтын ағым. Архаттан гөрi, «бодисатваға» арналған.
Бодисатва – арахатқа жетпеген, бiрақ толық бiлiмге талпынып жүрген адам. Ол бiлгiрлiктен гөрi, уағыздаушыға ұқсайды. Өзiнiң мүмкiндiгiмен тек өзiн ғана емес, өз күшiмен нирванаға жете алмайтындардың бәрiн құтқарады.
Әлем зұлымдыққа толы, бірақ адам одан игілік пен білім арқылы құтылуы – Үнді этикасының формуласы. Мәңгілік туралы ойлау, оның бір бөлігі сенің жаның – Үндінің жалпы философиялық формуласы. Үнділік ойлаудың ұлылығы – адам өмірің қиындығын ең шеткі және терең адалдықпен айту, сонымен бірге оның мүмкіндігінің шексіздігіне сендіреді.
Қытай философиясы б. з. б. VI-III ғғ. мифологияның негiзiнде пайда болды. Кейбiр идеялар мен түсiнiктер мифте пайда болып, олар кейiнiрек философиялық зерттеудiң (ойлаудың) мәселесiне айналды. Бастауы Пань Гу туралы аңызда: Пань Гу (алғашқы адам) пайда болды делiнедi. Оның демiнен – жел, бұлттар, басынан – күн күркiреуi, сол көзiнен – күн, оң көзiнен – ай, денесiнен – дүниенiң төрт бұрышы, қанынан – өзен, су, терiсiнен – жауын, шық, көз жанарынан – найзағай шығады. Ал осылардың бәрiнiң негiзгi – тянь (аспан), бұл бiздiң тәңiр деген ұғымына өте ұқсас. Бұдан көшпендi елдер көзқарасымен олардың тығыз байланыстылығын байқаймыз, соңғылардың жақындылығы, еркіндігі және шығармашылықпен айналысуына жағдайының болуы көп әсерін тигiзедi. Алдымен болмыстың қарама-қарсы күшi – Инь мен Ян (жерлiк және аспандық), яғни әйел мен еркектiк (еркек – жарқын күшке ие, әйел – қараңғы, белсендi емес күш белгiсi) дүние бастамасы болуы туралы түсiнiк туды. Даоны космостық заң, ғаламдық заңдылық немесе әлемдегi заттардың дамуы мен өзгеруi ретiнде түсiну, бес түпкi элемент (от, ауа, су, металл, ағаш) туралы iлiм, кейiн – сәйкестiк туралы: адам-микросома, әлем дүниесi – макросома, т.б. туралы iлiмдер пайда болады.
Алғашқы Қытайдағы философиялық бағыттардың саны көп болды. Ежелдегi қытайлықтардың өздерi де “жүз мектептiң” барлығын мәлiмдеген. Ежелгi кездiң өзiнде бұл мектептердi топтастыруға әрекет жасалды, солардың бiрi ең белгiлi Қытай тарихшысы Сым Цань (б.з.д.II ғ.), ол алты негiзгi бағытты көрсеттi. Инь мен Ян мектебiнiң негiзгi мәселелерi табиғат философиясы (натурфилософия), Инь мен ЯН-ның табиғатта көрiнуi және олардың өзара әркетi. Соңынан ежелгi Қытай философиясының негiзi бағыттары конфуцийлiк және даосизм болды.
Конфуцийлiктiң (confucianism) негiзiн қалаған Конфуций (Кун-Фу-Цзы). Шамамен б.з.д. 551-479 жылдары өмiр сүрген. Ол кiшкене ғана Лу (қазiргi Шаньдун провинциясы) хандығында дүниеге келiп, өмiрiнiң бiршама мерзiмiн осы жерде өткiзген. Ата-анасы кедейленген ақсүйектер болған, ол олардан ерте айырылған, тек 15 жасында ғана бiлiмге ұмытылады, 50 жасында өз мектебiн ашады.
Ол өмiрiнiң соңғы кезеңдерiңде өзiнiң iлiмiн жасады. Сонымен бiрге, Қытай әдебиетiнiң негiзiн құрайтын мәтіндердi редакциялап, түсiнiктемелер жазумен шұғылданды. Конфуция мектебiнiң негiзгi зерттеу объектiсi “Алты қағида”, яғни, ақсүйектердi оқытудың негiзiн құрайтын алты кiтап, олар кейiннен конфуцийшiлер әдебиетiнiң құрамына кiрдi.
И цзин (өзгерiс кiтабы – жорамал (болжау) кiтабы);
Ши цзинь (өлең кiтабы);
Шу цзин (iс қағазы (құжат) кiтабы);
Ли цзи (салт-жоралар туралы жазу);
Ю цзин (музыка кiтабы – жеке шығарма ретiнде сақталған);
Чунь-цу (көктем және күз жылнамасы – Лу патшалығы туралы деректер б.з.д. 722 жылдан басталып, б.з.д. 479 жылы аяқталды, (яғни Конфуцийдiң қайтыс болған жылы).
Конфуций iлiмiнiң қайнар көзiнiң негiзi – Лунь Юй (әңгiмелер мен пiкiрлер) кiтабы.
Конфуций өзiнiң негiзгi мiндетi – шәкiрттерiне өткен мәдени мұраны жеткiзу деп есептедi. Ол «Мен жасамаймын, тек жеткiзiп беремiн» – дейдi. Дәстүрлi iлiм мен идеяларды жеткiзумен бiрге, ол көзқарас пен әдептiлiк қағидасын жиi-жиi өзiнше түсiндiрдi. Оның философиясында ескi мен жаңа араласа кездеседi, ескi әдет-ғұрыптарды сақтау, патриархалдық-рулық қоғамды қайтару, жасы үлкендi сыйлау және тыңдауға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет