И (парыз, әдiлеттiк). «Парыздың» жиынтығы, адамның мiндеттi орындауын талап етедi. Тiптi өз мүдеңе және пайдаңа қарсы болса да. Өмiрдiң мәнi – парызды өтеу болады немесе әрекет мақсатсыз болады, парыз құндылығы оның нәтижесiнде емес, әрекетiнде. Парыздың негiзi – жэнь («Лунь Юй»).
Мин (тағдырды немесе Аспан еркiн бiлу). Әлемде бiздiң әмiрiмiз жүрмейтiн күштер бар, сондықтан табысты болу немесе болмауды ойламай, қалай болуы керектiгiне сай iс-әрекет ету керек, яғни “Минаның барын бiлу”. “Кiмде кiм Минаның барын бiлмесе, ол “iзгiлiктi қайраткер” бола алмайды (Лунь Юй).
Конфуций дүниеден өткен соң, оның шәкiрттерi мен iзбасарлары сегiз мектепке бөлiнiп, оның iлiмiн әртүрлi түсiндiрдi. Б.з.д. II ғ. өзiнде Конфуцийдi құдай деп таныды, Конфуцийлiк дiн сипатына көштi. Бiрақ оны құдай деп санамағандар да болды, олар оны адамдарға берiлген бiрiншi Ұстаз деп есептедi.
Даосизм. Даосизмнiң негiзiн салаушы Лао Цзы (“қарт данышпан”, немесе “кәрi бала”, немесе “бала мiнездi данышпан қария”). Аңыз бойынша Конфуцийдiң ересек замандасы болған. Оның өмiрi туралы хабар да жоқ, әрi тағдыры белгiсiз. Аңыз бойынша, жасы ұлғайған кезде Лао Цзы Қытайдан кетудi ұйғарады. Ол өтетiн шекараның бастығы, одан өзiнiң данышпандығының бiр бөлігiн қалдыруды сұрайды. Лао Цзы келiседi, сөйтiп өзiнiң Дао-Дэ-цзин деген кiтабын жазады. Көптеген қазiргi заман ғалымдары Лао Цзы тiптi болған емес немесе Конфуцийден кейiн өмiр сүрген, ал Дао-Дэ-цзин – әртүрлi авторлар мәтіндерінің жинағы деп есептейдi.
Даосизм философиялық iлiм ретiнде Чжуан Цзы (б.з.д. 339-329 жж. шамасында немесе 369-386 жж.), Ле цзы, Ян Чжу және олардың шәкiрiттерi мен iзбасарларының еңбектерiнде өзiнiң классикалық түрiнде дайындалып, жүйеге келтiрiлдi. Даосизм философиясы идеяларының негiзiнде б.з.д. II ғ. даосизм дiнi дами бастады. Бұл орта ғасырдағы Қытайдағы үш дiннiң бiрi болып саналады (Конфуцийлiк және буддизммен бiрге). Негiзгi еңбектер: Лао цзы “Дао-Дэ-цзин” (Дао және Дэ туралы кiтаптар), Чжуан цзы “Чжуан цзы” (Чжуан ұстаз кiтабы), Ле цзы “Ле цзы” (Ле ұстаз кiтабы).
Даосизмнiң негiзгi мәселесi – Дао болмыстың мәнi ретiнде, Дэ-Даоның көрiнiсi туралы. Бұл екi термин әлдеқашан мифологияда қолданылған Қытай мәдениетiнде көп таралды. Әртүрлi философиялық iлiмдерде, соның iшiнде Даосизмнiң өзiнде қарастырылады. “Дао-Дэ-цзинде” Дао дүниедегi Ұлы жол немесе Космостық заң. Осыған сай дүниенiң пайда болуы, дамуы және жоғалуы жүредi. Сонымен қатар, Дао – субстанция, яғни бұл заңның негiзi және сақтаушысы. Осыдан Дао барлық тiршiлiктiң өз бетiмен әрекет етуiнiң заңдылығы ретiнде түсiндiрiледi. Даоға тән игiлiктi күш - Дэ (адамгершiлiк) осы арқылы Дао өзiн көрсетедi. Аспанға қарағанда Дао алғашқы, жерге қарағанда аспан алғашқы, адамға қарағанда жер алғашқы.
Болмыстың құрамына кiретiн заттардың бәрi осал (бос), тек уақытша өмiр сүредi және өзiнiң өмiр сүруiн аяқтап, олар өз мәнiне қайтадан келедi. Яғни биболмысқа кетедi, тек сол ғана мәңгiлiк болады.
Даосизмдегi космология мен космогония идеяларының дамуы Чжуан цзы еңбегiнде дүниенi тудыратын бастама алдыңғы әлемде “заттарды дайындаушы” ретiнде көрiнедi. “Дао заттардың арасында болмаған заттарды жасайды”. Бiрақ, болмыстың алғашқы түп негiзi - Ци болып саналады. Даосизмде Ци космологиялық мәнде ең алдымен әлемнiң әмбебаптық субстанциялары бiрiктiрiлген негiз - Хаос (Ұлы шек) ретiнде түсiндiрiледi. Атап айтқанда, Цидан екi қарама-қарсы күшке бөлiнедi – Инь және Ян, әлемнiң тұңғыш бес элементi құралады (от, жер, металл, су, ағаш). Дүниедегi барлық заттар осы элементтерден тұрады. Атап айтқанда олардың бәрi бiр уақытта Циге қайтып оралады. Әлем болмысы осы тұңғыш элементтердiң тұрақты айналуы болып есептелiнедi.
Таным мәселесiнде Дао-Дэ-цзинде бiлiм барлық адамға оңай берiлмейдi деп есептейдi. Оны тек шынайы дана адам ғана игере алады. Олар құмарлықтан арылғандықтан, заттар арасындағы күрестен – үйлесiмдiлiктi, қозғалыстан – тыныштықты, болмыстан – биболмысты көре алады. Дао бiлiм үндемеуден тұрады дейдi: ”Кiм білсе сол үндемейдi, ал айта беретiн түк бiлмейдi”.