Әдебиеттер тізімі
1. Алтаев Ж., Қасабек А., Мухамбет-әлi Қ. Философия тарихы.
– Алматы, 2000.
2. Быков Ф. С. Зарождение политической и философской
мысли в Китае. М.: 1966.
3. Дхамманады. М.: 1960.
4. История Китайской философии. М.: 1989.
5. Классическая Йога. М.: 1992.
6. Кішібеков Д.К.,Сыдықов Ұ.Е. Философия. – Алматы, 2003.
7. А. Қасабек. Тарихи философиялық таным. – Алматы, 2002.
8. Махабхарата. Рамаяна. 1974.
9. Мир философии: Хрестоматия в 2-х ч. М.: 1991.
10. Открытие Индии: Философские и этические воззрения в
Индии ХХ в. М.: 1985.
11. Радхакришнан С. Индийская философия.в 2х т. М.: 1956.
12. Титаренко М.Л. Древнекитайсий философ Мо Ди, его школа
и учения. М.: 1985.
13. Ферктистов В.В. Философские и обшественно-политческие
взгляды Сюнь – Цзы. М.: 1976.
14. Философия (құр. Т.Х. Ғабитов).– Алматы. Раритет, 2005.
15. Шуцкий Ю.К. Китайская классическая «Книга перемен» М.:
1960.
16. Ян Хиншун. Материалистическая мысль в Древнем Китае.
М.: 1984.
1. 2. АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ
«Antiquus» деген латин сөзi “ежелгi” деген мағына бередi. Антикалық философия дегенде ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. VII ғ. соңында VI ғ. басында пайда болып, б.з. V ғ. өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы спецификалық жағдайдағы философиялық дәстүр пайда болды.
Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды. Әлемнiң қайнар көзi мен негiзi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады, осыған сәйкес өткеннің, қазiргi және келешектiң мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл ғарыштың, табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу, ежелгi грек философиясына тән болды. Бұл әрекеттi мифология атқарды, ол сенiмге сүйенген табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен философияның арасында маңызды айырмашылық көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын әңгiмеледi, ал философия: “Ол неден пайда болды?”–деп сұрады. Әртүрлi дәуiрдiң философтары антикалық философиядан шығармашылық шабыт, рухтану көзiн тапты. Гректер «философия» терминiн енгізді, ал адам онда рухани белсендiк типiнiң ерекшелiгiн анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |