Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет26/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Стоицизм – өте ұзақ тарихы бар антикалық мектеп. Бұл мектептiң негiзiн Зенон Китион салды. Алғашқы кезде Зенон өзiнiң мектебi үшiн портик (үй алдына тiреумен көтерiп қойған, қабырғасыз төбелi қалқа – гр. стоя) жалдап, Афинде жақтастарын жинады. Стоиктердiң арасында Рим қоғамының әртүрлi тобының өкiлдерi болды. Рим стоицизмiнiң ең көрнектi ойшылары: Луций Анней Сенека және Марк Аврелий. Сенеканың көптеген еңбектерi ұзақ сақталған. Оның “Нравственные письма к Луцилию” және император Марк Аврелийдiң “Наедине с собой” шығармалары бізге белгiлi.
Сенека, император Неронның тәрбиешiсi. Ол адамгершiлiктi насихаттайды. Қоғамдық өмiрде қайыспауды, тек өзiңнiң рухани күйiне көңiл аударуға шақырады. Өмiр сүрудiң мәнi ─ тыныштық пен пайымдау арқылы пайда болатынын көрсетедi. Адамзаттың дамуының шексiз мүмкiндiгiне сенедi. Ол мәдениет пен техниканың даму барысын болжай бiлдi. Алдымен iзгiлiктi, дiни көзқарастарды паш етiп, адамның осалдықтарына iлтипатпен және төзiмдiлiкпен қарауға шақырды. Стоиктердiң идеалы: адамның өмiрi және iшкi жан-күйi сыртқы жағдайларға байланысты болмауы керек, яғни тағдырға сенiп, адамгершiлiк пен әдiлеттiкке жеткен данышпан болу. Мысалы, Сократтың өмiрi.
Стоиктер танымның көзi – түйсiк дейдi. Олар бiздiң жадымызда жиналады. Түйсiк пен қабылдау да, оларды салыстыра отырып, объектiлердiң айырмашылығының белгiлерiн бөлемiз, одан түсiнiк құрастырылады. Сондықтан түсiнiк жалпы өзiнше ақылдан тыс өмiр сүрмейдi, тек жеке заттарда өмiр сүредi. Стоицизм эллиндiк кезеңдегi философияның дамуында өте зор рөл атқарды. Оның кейбiр идеялары неоплатонизмге ендi, стоицизм христиан философиясына, соңынан орта ғасырлық мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еттi. Жаңа дәуiр философтары: Декарт, Спиноза және ХХ ғасыр өкiлi ─ Делез олардың iлiмiне көп көңiл аударды.
Скептицизм Эллинизмдегi тағы бiр философиялық бағыт. Философиялық тұрғыдан стоицизм мен скептицизм бiр-бiрiмен жалғасып жатыр. Олардың мәнi – дүние танудағы бiршама мүмкiндiкке күмәндану. “Скептицизм” терминi ежелгi гректiң “скепсис” деген сөзiнен шыққан. Ол “ойлау, талдау, тербелу” ретiнде аударылады. Скептицизмде – әмбебаптық күмәндану ─ негiзгi философиялық қағида, яғни қандай да болмасын бiлiмнiң анық еместiгi туралы идеяны жүргiзедi.
Пиррон өзiнен бұрынғы данышпандардың көзқарастарын талдай келiп, дүниенiң пайда болуы мен мәнiн әртүрлi түсiндiредi. Олай болса, олардың бiреуiн жақтау қиын. Қандай да зат “осы” болса, “осы еместен” артық болмайды. Сондықтан Пиррон: «дүние туралы ешбiр пiкiр айтпауымыз керек» – дейдi. Толық сабырлылық, қызықпаушылық, алаңсыздықты (атараксия) сақтап, бақытты болуға шақырады. Пиррон ең соңында: “Сен, Пиррон өлдiң бе?”– деген сауалға “Бiлмеймiн” деп жауап бередi. Секст Эмпириктiң пiкiрiнше: скептицизмнiң идеалы ─ теориялық пiкiрден бас тарту, ал практикада мүмкiндiгiнше ақыл-ой мен әдеп-ғұрыпқа сүйенiп iс-әрекет жасау.
Скептицизм орта ғасырлық кезде ұмытылып, тек ХVI-ХVII ғасырларда еуропалық философияда “жаңа пирронизм” ретiнде қайта туды. Схоластикалық және догматикалық әдiстердi сынауда ерекше мәнге ие болды, соңынан скептицизм Юм философиясының негiзiне айналып, Кант агностицизмi мен позитивизмге әсер еттi.
Кинизм философиясы атауын Афин төбешегiнде орналасқан “Киносарг” (“қырағы төбет” немесе “ақ төбет” деген гимнасийден алады, онда алғашқы киниктер (кюнокс – ит) шұғылданды (осыдан кинизм –“ит философиясы”, “ит мектебi” латын тiлiнде), бұл мектептiң iзбасарларын – супiсi – циниктер деп атады. Мектептiң негiзiн салған Антисфен (б.з.д. 444-368 жж.) ол алдымен софист Горийден, кейiннен Сократтан дәрiс алды. Олар даңқты және байлықты ең соңғы моральдық iс-әрекет ретiнде қабылдамайды және “рахаттың өзiн рахаттанып жек көрген”, бiлiмдiлiк пен тәрбиенi де жаратпады. Ол космополитизмдi патриотизмнен жоғары қоя отырып, “әлем азаматы” идеясын ұсынды.
Синоптан шыққан кинизмнің ең әйгiлi өкiлi Диоген: “Қауымсыз, үйсiз, отансыз” өмiр сүрудi өзiне мақтаныш тұтып, iс-әрекетiнде қолданды. Афинге келген Александр Македонский Диогенмен кездесуге тiлек бiлдiредi. Ол алаңда еш жанға көңiл бөлмей, демалып жатқан Диогенге: “Не сұраймын десең өз еркiң”- дейдi. Ол оған: “Маған күндi көлеңкелемей, әрi тұр”- деп жауап береді. Бұған «патша егер мен Александр болмасам, Диоген болар едiм»,- дейдi. Ол тал түсте тобыр арасында қолына шам ұстап “адам iздеп жүрмiн” деген тезисiмен, ешқандай өркениеттi мойындамай, бөшке iшiнде өмiр сүруiмен белгiлi.
Кинизмнiң басты мәселесi – философиялық терең теорияны жасау емес, қоғамға жат құбылыс – жалғыздық, жоқшылық, қаңғыру секiлдi ерекше өмiр бейнесiн философия арқылы негiздеу және өз әрекетi арқылы тексеру. Кинизм стоиктердiң этикасына, материалдық игiлiктерден бас тартуына ықпал жасады. Христиандық идеал – аскетизм де киниктердiң өмiр сүру негiзiнде қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет