Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Қозғалыс: Барлық қозғалысқа дем беретін, яғни қозғаушы алғашқы күш - Құдай. Себеп



бет34/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Қозғалыс: Барлық қозғалысқа дем беретін, яғни қозғаушы алғашқы күш - Құдай.

  • Себеп: Барлық өмір сүретін тіршіліктің себебі, барлығының бастама себебі – Құдай.

  • Кездейсоқтық және қажеттілік. Кездейсоқтық, қажеттілік мүмкіндік пен шындықтан туады, олай болса, алғашқы шындық –Құдай.

  • Сапалық дәрежесі: Барлық тіршіліктің алуан түрлі сапалық дәрежесі (жақсы, жаман, көп, аз) бар, олай болса, кемеліне жеткен тіршілік те бар – ол Құдай. Әлемдегі барлық заттар бірімен-бірі сәйкестеніп, қиылысып байланысқан, оны жасайтын Құдай.

  • Мақсат: Қоршаған ортада қандай болса да мақсат бар, бәрі де мақсатқа бағытталады, әрі мәні бар. Олай болса, әлдеқандай ақыл-ойға сиятын бастама бар. Яғни, бәрін мақсатқа бағыттап, бәріне мән беретін – Құдай.

    Аквинский Аристотель ілімінің материалистік идеяларын алып, оның идеалистік элементтерін күшейту бағытында қызмет етеді.
    Ол әмбебаптылықтың (универсалий ) үш түрін мойындады:

    1. Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреттi санасында).

    2. Заттардың өздеріндегі (жердегі, жекедегі жалпылық).

    3. Заттардан кейінгі түрде (адам санасында танылған).

    Аквинскийдің негізгі қағидасы – сенім мен сананың үйлесімдігі. Ақыл-ой құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды. Аквинскийдің пікірінше, барлық өмір сүретін заттар ─ құдайдың құдіреті бойынша қалыптасады.
    Араб философиясы. Батыста философия, өнер және ғылымның дамуы орта ғасырда біршама тоқтап қалды, ал Шығыста араб ойшылдарының арқасында ерекше дами бастады. Арабтардың ұлттық сана-сезімiнің оянуы, мәдениетінің кең өріс жаюы, VII ғасырда Араб жерінде жаңа, ислам діннің пайда болуымен тікелей байланысты.
    Ислам Шығыстық дәстүрді сақтап, Құдайды табиғаттың объективтік заңдарын орындаушы, оларды адамдарға жеткізуші құдіретті күш ретінде таныды. Ал адамды – көп тіршілік иелерінің тең бірі деп санап, қанағатшылды, руханилыққа шақырды. Иудаизм діні Құдайдың Жерді адам үшін жасағаны, адамды өзіне ұқсас етіп жасауы сияқты, т.б. идеяларын қабылдаған және «адам-құдай» ілімімен оны тереңдете түскен христиан дініндей, Ислам табиғатқа немқұрайлы қарамайды. Оны бар күнәнің көзі демей, керісінше, дәріптеп пір тұтады. Бұл табиғатпен, байлық үшін басқалармен соғысудан құтқарады, табиғаттану ғылымдарынан гөрі, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың көп жетілуіне жол ашады. Исламда «пантеистік» (табиғаттың өзін құдай деп тану) сарын басым (Ибн Сина, Ибн Рушд ілімдерінде) болғандықтан, Крест жорықтарының нәтижесінде фундаменталдық күйге түскен кезге дейін, «құдайды тану – табиғатты оқу» қағидасына сүйеніп, араб тілді елдерде барлық ғылым салалары, мәдениетте ерекше дамыды. Орта ғасырдағы Шығыс ─ дін мен ғылымның үйлескен кезеңі, әрі ғылымның қайта жаңғыруының негізгі себебіне айналды.
    Орта ғасырда Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды. Мұнда Платон, Аристотель, Гипократ, Гален, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Х ғасырдың екінші жартысында олар Испанияға, орталық Пиреней түбегіндегі Кордово қаласына ойысты. Араб әлемінде танымал болған шығармалар, бұл жерде латын тіліне аударылып, батысеуропалық ғылым дамуының қайнар көзі болды. ІХ-ХIІ ғасырда мәдени даму ─ өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Осы кезде Аристотель ағымның ықпалы өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизмінің (гр. Peripatetikos – серуен кезінде бiлiм алу) негізі қаланды. Ол негізінен екі ағымға бөлінген.

    1. Шығыстық Аристотелизм: әль-Кинди, әл-Фараби және Ибн-Сина (Авиценна).

    2. Испан Аристотелизмі: Ибн Рушд (Аверроэс) және Ибн Туфайль.

    Осылар арқылы мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды. Мұсылмандық шығыс перипатеизмнің алғашқы өкілі Әль-Кинди (шамамен 800-870 ж) «араб философы» деген құрметті атаққа ие болды. Ол астролог, математик әрі дәрігер, сонымен қатар Аристотель шығармаларына түсініктемелер берді. «Органон» және «Метафизика» еңбектеріндегі мәселелер бойынша бірқатар трактаттар жазды. Ол өзінің дүниетанымына негіз етіп, жалпыға ортақ себепттік байланыс идеясын алды. Бұл идея ─ «егер кезкелген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болсақ, онда бүкіл ғаламдық нәрсені айнадағыдай тануға мүмкіндік туады» ─ дейді. Ол ғылыми танудың үш сатысын көрсетіп, бірте-бірте керек жағдайда білімнің ақиқатына жетуге болатынын айтты.

    1. Логикалық-математикалық сатыда.

    2. Ғылыми жаратылыстануда.

    3. Метафизикада (философияда).

    Ол өз уақытында дүниені адамның ақыл-ойымен тануға болады деген революциялық идеяны ұсынды. Оның ойынша танымның көзі және эталоны ─ ақыл-ой.
    Құран жолын ұстаушылар әль-Киндиді «кәпір» деп қарады.
    Әбу Нәсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат -Түрки (870-950 жж.) Ол Орта Азиядағы Фараби қаласынан шыққан данышпан-философ, Аристотельдің жүйесін араб жағдайына бейімдеді. Ол шын мәнінде дүниежүзілік тұлға, сонымен қатар ол өзінің шығармаларында араб, парсы, грек, үнді және түрік мәдениетінің өте қымбат жетістіктеріне синтез жасай отырып, жалпы ғаламдық деңгейге жақындатты. Ол педагог – реформатор, халық арасына білім таратушы, ағартушы. Әл-Фараби Аристотельдің философиясына түсініктеме бере отырып, өз тарапынан:

    1. «Ғылымдардың шығуы».

    2. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы».

    3. «Музыканың үлкен кітабы».

    4. «Ақылдың мәні туралы» философиялық трактаттарын жазды.

    Оның музыка, метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика ғылымдарына арнап жазған еңбектерінің мәні ерекше. Оны Аристотельден кейiнгi «екiншi ұстаз», ғалым деп санады, логика ғылымын, әсiресе қоғамдық салада, диалектикалық тұрғыдан қолданды. Дүниенi 6 элементке – жәй бөлшек, минералдар, өсiмдiк, жануар, адам, космосқа – бөлiп қарауы, болмысты зерттеуде қазiргi кезде кең қолданылатын жүйелiк-сапалық тәсiлдiң бастамасын жасаумен тең түседi. Оны деистiк көзқарасты қалыптастырушылардың алғашқыларының бiрi деп те санаған жөн – оның пайымдауынша бойынша құдай дүниенi жаратқанмен, оның қазiргi дамуына араласпайды. Бұл кейiнгi атақты ғалымдардың негiзгi ұстанымы ретінде, зерттеуге мүмкiндiк туғызады.
    Әл-Фараби өзінің «Бақытқа жол сілтеу» деген еңбегінде тірі адамның бақыты, өлгенен кейінгі түсініксіз бақыттан артық екенін көрсетеді. Адам бақытқа, көптеген қиындықтарға тап болып, жақсы мен жамандықты түсіну арқылы жетеді. Адамның жетілуі – мінез-құлқықтың жоғарғы дәрежесіне байланысты болады. Ал, көздеген мақсатқа жету ─ өзіңе байланысты дейді.
    «Азаматтық саясат» деген еңбегінде ол отбасының қоғам өмірінің бастауы болу мәнін түсіндіреді. Феодалдық қоғамдағы саясат пен мораль мәселелеріне және әлеуметтік қайшылықтарға теориялық тұрғыда түсінік береді.
    «Музыканың үлкен кітабы» («Китаб әл музык аль кабар») еңбегінде ол дыбыстың тарау табиғатын, резонанс қозғалысын матиматикалық әдістерді қолданып, алғаш рет нотаның нұсқасын жасады. Сол кездегі түркілердің музыкалық аспабы ─ тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттады.
    «Ақыл туралы» деген еңбегінде ақылдың құдіретіне сенеді, адам ақылы жаратушының бір көрінісі деп ─ құдайды жоққа шығармайды, ал ғылым ─ ақылдың нәтижесі екенін көрсетеді. Ғылымды ─ теориялық, практикалық деп екіге бөледі. Теориялық ─ логика, жаратылыстану, метафизика; практикалық ─ этика, саясат.
    Әл-Фараби дүниенің материалдық екенін және оның заңдылықтарын мойындайды. Аристотель секілді материя мен форманы анықтауда, форма үздіксіз өзгерісте, ал материя – мәңгі деп қорытты. Әл-Фараби дүниежүзіне белгілі тарихи тұлға. Оның ілімі көптеген философиялық идеялар мен концепциялардың қалыптасуына ықпал жасады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет