Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет35/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Ибн Син Әбу Әли (лат. Авиценна) (980-1037 жж.) орта ғасырдағы тәжік философы, әрі дәрігер. Ислам дінін жақтай тұра, көне дүние философиясы мен ғылымын арабтарға, ал олар арқылы Еуропа елдеріне таратуға игі ықпал жасады. Тиімді ойлауды және жаратылыстану ғылымдары мен математика ілімдерін насихаттауды жүйелеуде көп еңбек сіңірді. Ол Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мәселелерде Аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм идеяларын, эменация көзқарасын құптады. Аристотельдің логикасын, физикасын және метафизикасын жетілдіріп, материяның мәңгілігін мойындады.
Ибн Руш немесе Рошд Мохамед (1126-1198 жж.). Аверроэс Кордовода тұрды. Араб философы. Оның пікірінше: материя мен уақыт мәңгілік, оны ешкім жаратпаған. Адам жанының мәңгілігі мен о дүниедегі өмірін жоққа шығарды. Қос ақиқат ілімінің негізін қалады, оның «ғылыми және діни ақиқат қатар өмір сүреді», деген қағидасының қазiргi күнге дейiн мәнi еш жоғалған жоқ. Аверроэс ілімі, яғни авверроизм мұсылмандық және христиандық ортодоксия тарапынан қатты қудалауға ұшырады. Ол дүниені үздіксіз өзгерістегі процесс деп қарады. Осыған байланысты материалдық дүние мәңгі, барлық құбылыстар себепті байланыста, әрбір жеке зат өледі, адам жаны да өледі дедi. Алғашқылардың бiрi болып, жалпы адамзат санасының бiрлiгi, ойлау дәрежесiнiң бiртiндеп жетiлуi туралы гуманистiк құнды пiкiрлер айтты.
Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық тұрғыда зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі шығыспен рухани диалогтың нәтижесінде ерте грек дүниесімен қатар, шығармашылық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыс мәдениетінің есігін ашты.
Араб елдерiнде перипатетизмнен басқа неоплатонизм мен неопифагореизм iлiмiн жалғастырушы «таза бауырлар» мектебi, ресми дiннiң көптеген рәсiм-салтына қарсы болған, құдайға сырт пiшiнмен емес жүрекпен сенуге шақырған, гностицизмнiң сезiм көрiпкелдiгi идеясын ұстанған сопылар (суфизм) және мұсылман – дiни философиясының мектептерi болды. Ең бiр ерекше есте ұстайтын жәй: барлық мектеп өкiлдерi ғылыми iзденiстердi қолдап, өнер салаларында да белсендi болды. Мысалы, суфизм ағымын жақтаған Фирдоуси, Низами, Саади, Руми, т.б. шығармашылығы бүкiл әлемге әйгiлi болды. Ол дiни философия мектебiнiң атақты өкiлi әл-Ғазалидiң атом теориясын қолдап, дамытуға ат салысқаны да белгiлi. Бұл Шығыс елдерiндегi ежелгi менталитеттiң, «алтын орта» қағидасының ғылым мен дін үйлесiмдiлiгiнде көрiнуi едi. Ежелгi Үндi, Қытай елдерiнде де дiннiң орта ғасырда бiрталай күшейгенiне қарамай, барлық философиялық мектептер сақталып, жеке философтар мен ғалымдардың материалистiк көзқарастарына, iзденiстерiне ешбiр кедергi келтiрiлмедi.
Семинар сабағының жоспары

1. Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика


және Схоластика.
2. Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм.
3. Араб философиясындағы орта ғасырдағы антикалық мұра.
4. Шығыс орта ғасырындағы классикалық философиясының
дамуы.
Араб тілді философиядағы әмбебаптық, пантеизм, перипатетизм.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет