Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Орта ғасырлық схоластикадағы әмбебаптылық



бет33/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Орта ғасырлық схоластикадағы әмбебаптылық (Универсалии лат. ─ niversalis-жалпы). Әмбебаптық нақты объектiге тән, оның анықталған түрi болады. Бұл мәселе төңірегіндегі дау-жанжал кең орын алды. Схолатикадағы орталық айтыс, номинализм мен реализм арасында жүрдi. Ол христиан дініндегі құдайдың үштік мәні туралы догмат пен және Құдайдың болмысын дәлелдеуге байланысты.
Номинализм (лат. Nomina – есім, атау) дегенiмiз ─ философиялық ағым, ол бойынша жалпылық, жекені айқындай алмайтыны былай тұрсын, тіпті нақты өмір сүрмейді де. Жалпы идеялар бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана, шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал адам болса сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып біледі. Номинализмде материяның алғашқылығы туралы материалистік ұғым қалыптасты. Бұл ілім дін иелерінің ашу-ызасын тудырды.
Реализм (лат realis ─ шындық, заттық) жалпы ұғымдар, әмбебаптық (универсалийлер) реалды, әуелбастан өмір сүреді – дейдi. Ансельм Кентерберийскийдің пікірінше, жалғыз құдай өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы бiр құдай, демек жеке заттардың болуы, жаратушы құдайға байланысты.
Орта ғасырдағы әмбебаптық түсінік Платонның «идея» туралы ілімнің негізінде пайда болды. Ол нақты заттардың табиғатын анықтап, олардың идеалдық моделі болады. Сонымен бірге заттардың себебі мен мақсаты да, яғни, бұл ілім Аристотельдің форма туралы іліміне жақын болды. Антикада әмбебаптылық мәселесі алғашқы рет Порфирийдің еңбегінде қойылды, бірақ орта ғасырлық схоластикаға Боэций арқылы енді және ол Порфирий еңбектеріне берген түсініктемелеріне байланысты болды.
Порфирий үш сұрақ қойды:

  1. Әмбебаптылық деген бар ма ( жануар, адам атаулары, т.б.) және өз бетімен (яғни, нақты заттардан тыс) өмір сүре ме?

  2. Егер бар болса, онда олар денелік пе немесе денесіз бе?

  3. Егер олар денесіз болса, онда олар сезімдік заттармен қалай табиғи бiрлiкте болады?

Порфирий бұл сұрақтарға ешқандай жауап берген жоқ, бірақ бұл үш сұрақ, әсіресе біріншісі ─ орта ғасыр дәуірінiң алғашқы кезеңiнде өте қатты пікір таласын тудырды.
Ақиқаты: әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды екшелеп, адам санасы арқылы пайда болған жалпылық ұғым, «Жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне, ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ қасиеттердi жинақтайтын ұғым.
Фома Аквинский – ірі орта ғасырлық философ, схоластикалық жүйені жөнге келтіруші. Католик шіркеуінде үстемдік ететін томизм бағытының негізін салушы. Негізгі еңбегі: «Теология жиынтығы», «Пұтқа сенушілерге қарсы сумма». Ол Құдайдың өмір сүруінің бес дәлелін айтады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет