Неоплатонизм – Платон идеяларының негiзiнде дүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн салушы Плотин, ежелгi римнiң идеалист-философы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас игiлiк дедi. Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады, одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны пайда болды. Осылайша Ақыл бiр жағынан – көптiк, барлық идеялардың көптеген мазмұны бар, екiншi жағынан – бiртұтас.
Ақыл уақыттан тыс өмiр сүредi. Ол өзiн өзi таниды, ой мазмұны – идеяларды жасайды. Бұл процесс жалпы идеялардан басталады (болмыс, қозғалыс және тыныштық, сәйкестiк және айырмашылық), бұлардан басқалар пайда болады. Ақыл барлық заттардың алғашқы бейнесi. Ақылдың эманациясы (өтуi) өз кезегiнде әлемдiк жанның пайда болуына алып келедi. Ол барлық Рухтанған iзгiлiктiң бейнесi, қозғалыстағы ғарышты жасайды. Материя болмыстың ең төменгi сатысы – ол өмiрсiз және әрекетсiз, бiрақ ол барлық идеалдықтың түрi мен мәнiн “қабылдайды”. Адамның мiндетi – болмыс иерархиясындағы өзiнiң орнын ұғыну, жоғары шығуға әрекет жасап көру. Жан-Ақыл-Бiртұтастық алыстағы шама, кейiннен олар сезiм-ой-экстазға (желiгу, шабыттануға) сәйкес болады.
Плотин философиясында болмыс құрылымы емес, әдiстемелiк идеалары жемiстi болды. Неоплатонизм идеялары христиандық философияға әсерінің нәтижесiнде ұзақ өмiр сүрiп келдi. Бұл философия осылайша антикалық философияның аяғы және еуропалық орта ғасырдағы дiннiң бастамасы болды.
Семинар сабағының жоспары
Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.
Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.
Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі.
Антикалық философияның эллиндік-римдік дәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.
Әдістемелік ұсыныстар
Антикалық философия көбінесе космоцентризмге негізделген. Оның алғашқы көзқарастары материалистік және идеалистік болып бөлініп, милет пен элеат мектебін құрды. Бұл Сократқа дейінгі кезең, ал Сократтан кейінгі кезеңге – Аристотель, Платон, т. б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |