Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет85/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Міржақып Дулатов (1885-1935). Алаш елінің келешегін ойлай келіп, 1909 жылы Уфа қаласында Каримов – Хұсайновтар баспасынан жарық көрген, «Оян, қазақ» дастанын жазды. Бұл шығармасы үшін Патша Өкіметі 1913 жылы оны түрмеге отырғызды, ол түрмеден февраль (ақпан) революциясынан кейін ғана босатылды.

Көзіңді аш, оян қазақ.


Көтер басты, өткізбей.
Қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап,
Хал һарам боп, қазағым,
Енді жату жарамасты.
Бұл дастанда халқын бейқамдықтан арылып, бостандыққа ұмтылу жолында көзді ашып, егеменді ел болуға шақырып ой толғады. Оның «Қазақ жеріне» деген өлеңінде:
Қазағым жер қайда атамекен,
Қазақ – қазақ болғалы мекен еткен.
Қазірде бәріңізді қуып шыққан.
Орнына қала салып хохол жеткен.
Шығуға жер өлшеуге землемерлер,
Бұл үшін кеткен бізден жақсы жерлер.
Тәтті шөп, тұщы судың бәрі сонда,
Табатын бұған хайла қайда ерлер.

Осы өлеңде Россияның отаршылдық саясатының негізінде қазақтың кең даласы тарылып, оның халқы жерінен айырылып қалу мүмкіндігін ашына жырлайды. Мұнда елге сүйіспеншілік-патриотизм мәселелерін көтереді. Оның айтқандары сол кездегі қазақ азаматтарының көкейтесті, бостандық тілеген ой-армандары еді. Ол 1916 жылы Ұлт азаттық қозғалысқа алып келді, Алаш өкіметін орнатуға мүмкіндіктер жасады.


Ахмет Байтұрсынов (1873-1937). Ақын, лингвист, түркі әлемін зерттеуші, ғалым, талантты аудармашы. Ол қазақтың Тәуелсіз мемлекет құрып, өндірісті дамытып, қалалар салып, мәдениет ошақтарын ашуын, мектептер мен жоғары оқу орындарының жұмысын жолға қоюын, ұлт интеллигенциясын қалыптастыруды армандады. Байтұрсынов: «Біз кейін қалған халық, алға басып жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деді. Демократиялық мемлекет құру үшін.
1. білім; 2. кәсіптік дайындық; 3. байлық; 4. күштілік; 5. ұлт бірлігін ұсынды. Оның тәуелсіздік туралы осы идеялары әлі өзінің құндылығын жоймағанына, ақыл-парасатымызбен, танымдық сезімімізбен бүгін де қайран қаламыз.
Қазақ халқының тағдыры көп толғандырған азамттарың бірі ─ Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920). Ол үшін Жапондықтар нұсқа саналды, олардың 1863 жылғы мэдзи революциясынан кейінгі уақыттағы жалпы қоғам табыстарын алға қойды. «Бұдан 58 жыл бұрынғы жапондардың жайы, осы күнгі қазақ жайынан несі артық болды? Қайта жапондарда атадан балаға мирас болып көшіп отыратын дайми (губернатор), шогондер (наместник) болды, ал қазақта болса ондай кесел жоқ. Егер осындай халден жапондықтар 35-40 жылда ержетсе, еуропа қатарына қосылса, біздің солай жылдам жетуіміз үшін тегіс жұмылып үйренуге кірісуіміз керек» деп санады. Мектеп, медресе, газет журналдар мен кітаптар көбейіп ғылым дамыса, одан соң дене азығы мен ар азығы болса дейді. Дене азығы дегеніміз ─ ғылыми-техникалық прогрестің табыстарын пайдалану. Ар азығы дегеніміз - әділдік. Өзінің талап-тілегі жөнінен Торайғыров бір жағынан Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби секілді қайырымды қала тұрғындары, әділ әкім халқындағы утопиялық ойды дамытушы. Екіншіден, Жан Жак Руссо, Л. Н. Толстой секілді өркениеттің дамуын көзбен көрген ағартушылар идеясын жалғастырушы, жақтаушы. Жаңа адамзатқа қажетті үйлесімдікті іздеуі ─ игілікті талап етуі. Ол қоғамдағы әрбір өзгерістен үміткер болған, халқының қолын теңдікке, бостандыққа социализм жеткізеді деп сенген. Социализм ақынның кезекті үміті еді. Бұған дейін ол Алаш партиясының мүшесі, хатшы болған. Тәтті тілек, әрбір жаңалық халқыма жақсылық болып оралса деп бар жан-тәнімен тіледі. «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарында ғасырдан келе жатқан әлеуметтік теңсіздікті әшкерледі.
Басқа да халқының зиялы өкілдері өз шығармаларында халықтың сана-сезімін ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылуды сөз етті. Мұны С.Көбеевтің «Қалың мал» романы, М. Дулаттың «Бақытсыз Жамал» романы, М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесі терең күрсініспен қозғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет