236
Линол – (С
18
) CH
3
(CH
2
)
4
-CH=CH-CH
2
-CH=CH(CH
2
)
7
-COOH,
Линолен – (С
18
) CH
3
CH
2
CH=CHCH
2
CH=CHCH
2
CH=CH-(CH
2
)
7
COOH
Арахидон – (С
20
) СН
3
(СН
2
)
4
–СН=CH–CH
2
–CH=CH–CH
2
–CH=CН–
- CH
2
ּCH=CH – (CH
2
)
3
– COOH
қышқылдарын жиі кездестіруге болады. Майлардың құрамына
кіретін май қышқылдарының жұп санды көміртек атомдары бар
тармақталған тізбектер кездеседі. Тармақталған немесе тақ сан-
ды көміртек атомдары бар май қышқылдары өте сирек кездеседі.
Сондай-ақ үш байланысты жəне радикалдары циклді құрылысты
болып келетін май қышқылдары да сирек кездеседі.
Май қышқылдары қаныққан (пальмитин, стеарин) жəне қа-
нықпаған (олеин, линол, линолен) май қышқылдары болып бө-
лінеді. Майлардың қасиеттері
май қышқылдарының сапалық
құрамына байланысты.
Қанықпаған май қышқылдары цис-изомер түрінде кездеседі,
ал транс-изомерия түрі өте сирек. Қанықпаған май қышқылдары
қалыпты температурада сұйық күйде болады. Линол, линолен,
арахидон қышқылдары жануарлар мен адам ағзасында син тез-
делмейді, олар ағзаға тек тағам арқылы енеді, бұларды ауысты-
рылмайтын май қышқылдары деп атап, Ғ витамин комплексі то-
бына біріктіреді.
Қарапайым липидтер.
Бұлар негізінен
екі компонентті заттар-
дан, яғни жоғары май қышқылының күрделі эфирі – глицериннен
жəне бір компонентті заттар: бос түріндегі жоғары қышқылдардан
не полициклді спирттерден тұрады. Мұндай липидтерге майлар
(триглицеридтер) – жоғарғы май қышқылдары мен үш атомды
спирт глицериннің күрделі эфирлері жатады.
Қарапайым липидтер тобына негізінен кəдімгі майлар жата-
ды, оларды бейтарап майлар немесе глицеридтер деп атайды. Бұл
нейтралды майлар, олардың негізгі құрамы – глицериннің күрделі
эфирі мен жоғары май қышқылдарынан тұрады. Липоидтар то-
бына жататын заттар адам, жануарлар
мен өсімдіктер ағзасында,
майлардың химиялық құрамына тəуелсіз болады.
Қарапайым липидтер өте ертеден белгілі зат, оны адам ба-
ласы құрылысы белгісіз бола тұрса да, ертеде-ақ əртүрлі қажет-
тілігіне қолдана білген. Мысалы, ас үшін, майлау, жарық үшін
пайдаланған. Кейін XVIII жəне XIX ғасырларда оның құрылысы
237
ашыла басталды. 1828 жылы Шеврель деген оқымысты қарапа-
йым липидтер гидролизденгенде глицериннен басқа да орга-
никалық қышқылдардың
қатарын беретінін ашып, ол қарапа-
йым липидтердің құрамына кіретін маңызды қышқылдарының
құрылысын зерттеп, оларға ат берді: стеарин, пальмитин, олеин.
Бертін келе Бертло қарапайым липидтерді синтездеді. Бутлеров
көмірсутектерді синтездеуде қандай жетістікке жетсе, оның еңбегі
де дəл сондай болды. Қарапайым липидтердің жалпы формуласы:
Мұндағы R, R
1
, R
2
– əртүрлі май қышқылдарының келіп
жалғанатын радикалдарының орны.
Қарапайым
липидтер суда ерімейді, органикалық еріткіштер-
де жақсы ериді. Қарапайым липидтер бір-бірінен иісі, түсі, қатты-
лы ғы жағынан əртүрлі болады, қарапайым липидтердің əртүрлілі-
гі өсімдіктердің, жануарлардың түріне, тұқымдарына, қорек зат-
тарына, өмір сүретін ортасына байланысты болады. Қарапайым
липидтердің құрамына кіретін
органикалық қышқылдардың
238
қаныққан-қанықпағанына байланысты қарапайым липидтер қат-
ты жəне сұйық күйде кездеседі. Өсімдікте қарапайым липидтер
түзілетін негізгі заттар – көмірсулар, олардың ішінде, глюкоза
мен фруктоза. Кейбір микроағзалар пентозалардан қарапайым
липидтерді синтездейді. Қарапайым липидтердің синтезі тұ-
қым мен жемістің жетілген кезінде қарқынды жүреді.
Ағзада
қарапайым липидтердің мөлшері көбейгенде, көмірсулардың
мөлшері азаяды. Жас жаңғақ жемісінде 3% май, 21% крахмал
болады, ал жетілген жаңғақ жемісінде 62% май, 2,6% крахмал
кездеседі.
Қарапайым липидтер молекуласындағы қышқылдарының
санына байланысты моно-, ди- жəне триглицеридтер болып
бөлінеді. Егер күрделі эфир глицериннің
бір гидроксилдік тобы-
нан құралса, ол – моноглицерид, құрамына май қышқылының
екі молекуласы кірсе, диглицерид түзіледі, сол сияқты егер гли-
цериннің үш гидроксилдік тобының үшеуі де этерленсе, онда
триглицерид құралады. Табиғи майларда негізінен триглицерид-
тер ғана кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: