Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет29/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia
Критериалды бағала, 6 11 кл тесттер,
2.8. Белоктарды топтастыру
 
Белок молекуласы пішіні жағынан екі топқа бөлінеді: глобу-
лярлы (шар немесе эллипс тəрізді); фибрилярлы (талшық тəрізді) 
белоктар (1-сурет). Глобула, яғни шар тəрізді белоктарда бір не-
месе бірнеше полипептидтік тізбектер жасуша ішіндегі кеңістікте 
тығыз құндақталып, жиырылып шар тəрізді құрылым береді. Олар 
суда ериді. Бұларға көптеген белоктар, солардың ішінде фермент-
тер жатады. Талшық тəрізді белоктар суда ерімейді, молекуласы 
ұзын жіп тəрізді, полипептидтік тізбек бір осьтің бойында созы-
лып орналасқан. Көпшілік талшық тəрізді белоктар кұрылымдық 
жəне қорғаныштық қызмет атқарады. Олардың нағыз өкілдері - 
шаштағы, жүндегі 
α
-кератин, жібектегі фибрион жəне сіңірдегі 
коллаген. Осындай белоктар қатарына бұлшық еттің жиырылып-
созылу жүйесін қамтамасыз ететін актин, миозин т.б. жатады.
Осы екі топқа жататын белоктардың бір-бірінен айырма-
шы лығы олардың құрамындағы амин қышқылдарына байла-
нысты. Талшықты белоктардың құрамында гидрофобты амин-
қышқылдары басым (фенилаланин, изолейцин, валин, метионин, 
тирозин, триптофан) жəне олардың радикалдары бір-бірімен ора-
лып жатқан тығыз тізбектің сырт жағынан орналасқан, олардың 
суда ерімейтіні негізінен осыған байланысты. Глобулярлы, шар 
тəрізді белоктарда да радикалы гидрофобты амин қышқылдары 
көп болуы мүмкін, бірақ олардың полипептидті тізбегі қомақталып 
жинақталған кезде олар глобуланың ішкі жағында орналасады да, 
сумен жақындаспайды.
Химиялық табиғатына қарай, жоғарыда айтылғандай, белок-
тар жай қарапайым-протеиндер жəне күрделі-протеидтер болып 
екіге бөлінеді.
Қарапайым белоктар тек амин қышқылы қалдықтарынан 


44
тұрады, ал күрделі белоктардың құрамында белоктың бөлігінен 
басқа жанама, табиғаты белок емес бөлігі болады. 
Осы екі топ өзара топшаларға, яғни шағын топтарға бөлінеді. 
Протеиндерді əртүрлі ерітінділердегі ерігіштігіне байланысты 
топтарға бөледі.
Альбуминдер – бейтарап тұздармен, мысалы, аммоний суль-
фатымен немесе натрий сульфатымен толық қанықтырылған 
кезде тұнбаға түседі. Протеиндердің өкілдері суда еритін альбу-
миндер, табиғатта кеңінен тараған белок. Əсіресе, адамның қан 
плазмасының құрамында көп, оның үлесіне плазмадағы жалпы 
белок мөлшеріне шаққанда 50% тиеді.  Альбумин молекуласы те-
ріс зарядталған. Құрамында глутамин қышқылы болғандықтан, 
оның қышқылдық қасиеті бар. Екінші бір кең тараған өкілі - гло-
булин. Глобулиндер көптеген өсімдіктердің дəніндегі белоктың 
негізін құрайды, əсіресе, бұршақ тұқымдас, майлы өсімдіктердің 
дəнінде көп болады. Глобулин сəл қышқылдық қасиеті бар неме-
се бейтарап белоктарға жатады. рН = 6-7,3. Глобулин қанда көп 
кездеседі.  
60-80%-дық этил спиртінің ерітіндісінде еритін қарапайым бе-
лок - проламиндер. Бұлар тек қана астық тұқымдас өсімдіктердің 
дəнінде кездеседі, онда олар қор ретінде жиналады. Бидай мен 
қара бидай дəнінде – глиадин деген белок, ал арпа дəнінде – гор-
деин, жүгеріде – зеин деген спиртте еритін белоктар мөлшері 
өте көп болады. Бұл белоктар тобында ауыстырылмайтын амин 
қышқылдары тапшы.
Сілті ерітіндісінде (0,2-2% NaOH) еритін белоктар – глюте-
линдер. Бұларда өсімдіктерде тараған. Бидай дəнінде болатын 
осы топшаға жататын глютелин, ал жүгеріде – оризенин деген 
белоктар болады.
Протаминдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет