Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет102/199
Дата05.02.2022
өлшемі3,04 Mb.
#17551
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   199
Іс-шара орындалды
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бойынша, оның ішінде оқушылардың тамақтану мәдениетін, зиянды әдеттердің алдын алуды және т.б. қалыптастыру бойынша әрдайым жұмыстар жүргізіліп отырады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары тұтынушылардың құқықтарын қорғау және денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде іс-шараларын әзірледі.
Білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасын талдау бойынша комиссия құрылды. Білім бөлімдерінде құрылған ведомствоаралық сараптау топтары тамақтандыру сапасын мониторингілеу бойынша комиссия қызметтеріне жүйелі талдау жүргізеді және оқушыларды тиімді тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шараларды уақытылы қабылдайды. Бекітілген жоспардың жұмысына сәйкес тоқсан сайын комиссия отырысы өткізіледі, білім беру ұйымдарына бару ұйымдастырылады. Сондай-ақ тамақтану мәдениеті туралы ақпараттық-насихаттық жұмыс ұйымдастырылды, салауатты өмір салтының мәселелері бойынша стендтер қалыптастырылды, саламатты өмір салты бойынша әдістемелік және дидактикалық база құрылды.
Әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқушылар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша «Оқушылардың дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастыру» әдістемелік ұсынымдар, «Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектеп желілері» («Салауатты мектеп»), «Салауатты балабақшалар», « Салауатты колледждер» жобалары әзірленді
Білім беру ұйымдары асханасында және буфеттерде дұрыс тамақтану және витаминді тамақтану туралы плакаттармен постерлер ілініп қойылған.
Ведомствоаралық жоспарды жүзеге асыру аясында аурулар профилактикасы мәселелері бойынша салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, тоқсан сайын сынып сағаттары, лекциялар, әңгімелер, семинарлар, тренингтер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, акциялар, тақырыптық кештер, пресс-конференциялар, "Мен – салауатты өмір салты үшін", "Тамақтану мәдениеті", "Дұрыс тамақтан!", "Үйлесімді тамақтану – денсаулық кепілі", "Тамақтану пирамидасы", "Біз жеген тамағымызға сай боламы!", "Фаст-фуд - мен үшін емес!", "Салауатты тамақтану. ДДҰ ұсынған 12 ұстанымдар ", "Тұз және оның денсаулық үшін маңызы (5 г тәулігіне)", "400 гр жеміс-жидек" тақырыптарына интерактивті оқыту өткізіледі.
Ата-аналар жиналыстарында мектептердегі медициналық қызметкерлер дұрыс тамақтану маңыздылығы туралы, ыстық тамақтың маңыздылығы, тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша сұхбаттар ұйымдастырды.
Жалпы білім беретін мектептегі медециналық қызметкерлер және мектеп асханасының қызметкерлері 1-11 сынып оқушылары үшін витаминдік стол ұйымдастырды.
Мысалы Атырау облысында болашақ ұрпақтар арасында салауатты өмір салтын жүзеге асыру үшін 2016 жылғы 25 тамыздан бастап «80 минуттық «Қазақтан Атырау» телеканалында «Мектеп оқушыларын дұрыс тамақтандыру» видеородик орналастырылды.
Барлық өңірлерде білім беру ұйымдарында мектептік тамақтануды ұйымдастыруды жетілдіру үшін «Дұрыс тамақтану- болашақ ұрпақтың денсаулығы», «Тамақтандыру мектебін ұйымдастыру», «Денсаулық фестивалі-2016», «Біз салауатты өмір салты үшін» атты кең ауқымды акциялар өткізілді.


77-іс-шара
Сауығу, оңалту және балалардың демалысын ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру




*

«Балдәурен»
РОСО

2016 жылғы желтоқсан



81,1

81,1

81,1

РБ

019



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет