Іс – шара орындалды ҚР БҒМ Испанияның Білім, мәдениет және спорт минитсрлігімен бірге CRUE Испания ректорлары конфреренция мен ҚР ЖОО қауымдастығының қолдауымен 2016 жылғы 23-24 маусым аралығында Мадрид қаласында Бірніші Қазақстандық-Испандық Жоғары оқу орындары ректорларының Форумын өткізді. Өткізілген Бірінші форумның мақсаты Испания мен Қазақстан Республикасының ЖОО-лары арасында ынтымақтастықты дамыту және бекіту, академиялық ұтқырлық саласында тәжірибемен алмасу, ЖОО-лардың инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметі болып табылады. Сонымен қатар, Форум шеңберінде қазақстандық және испандық ЖОО-лар арасында 40 астам екіжақты кездесулер өткізілді. Екіжақты кездесулер нәтижесінде Қазақстан және Испания ЖОО-лар арасында ынтымақтастық туралы 17 шарттар жасалынды.