Іс-шара орындалды
2016 жылы мазмұнды жаңарту мақсатында бекітілгендер:
-бастауыштарға, негізгі және жалпы орта білімде МБС,
-негізгі орта білімде үлгілік оқу жоспары мен білімді бағалайтын критерилер,
-бастауыш білімде оқыту жоспары мен оқыту бағдарламалары.
Білімді жаңартылған мазмұнға көшуде оқыту-әдістемелік сүйемелдеу әзірленген:
-мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған 130 оқу бағдарламалары,
- 1-4 сыныптарға арналған «Ұйғыр тілі және «Тәжік тілі мен әдебиеті», 5-9 сыныптарға «Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тәжік тілі», «Ұйғыр әдебиеті» , «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті» пәндері бойынша 9 оқыту бағдарламалары,
- ұйғыр/ өзбек/ тәжік тіліндегі оқытылатын 2, 5, 7 сыныптарға тіл пәндері бойынша 15 орта мерзімді оқу жоспарлары,
- білім мазмұнын жаңарту бойынша 4 әдістемелік құрал мен ұсынымдар.
Критериалды бағалау жүйесі бойынша мектеп мұғалімдерінің нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жаңартылған білім мазмұнын кезең-кезеңмен апробациядан өткізу республиканың 30 пилоттық мектептерінде жалғасуда.
16 өңірде жаңа МЖМС насихаттау жұмыстары бойынша өткізілген 78 кездесуде 13 195 қатысқан (білім бер басқармаларының, педагогикалық колледждер мен ЖОО, мектеп мұғалімдері мен әкішіліктің, ата-аналар қауымдастығының, БАҚ, бизнес салалардың, ӨЕҰ өкілдері).
2016 жылы қазақстандық оқушылармен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 1273 медаль жеңіп алынған, оның ішінде 204 алтын, 378 күміс, 665 қола, 26 грамота (2015 – 1309, оның ішінде 276 алтын, 384 күміс, 629 қола медальдары, 20 грамота).
2017 жылы STEM білімді енгізу үшін әдістемелік ұстанымдар әзірленетін болады.
Қазіргі таңда робототехника оқушылардың өміріне белсене кірісуде, балалардың осындай қосымша білімге деген қызығушылығы артуда. Республикалық жарыстар мен фестивальдер ұйымдастырылуда.
Қазақстан Республикасында World Robot Olympiad (WRO) робототехникадан халықаралық олимпиаданың Ұлттық ұйымдастырушысы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ болып келеді.
2014 жылы олимпиадаға қатысуға – 100 команда, 2015 ж. – 115 команда жұмылдырылған.
2017 жылы Робототехника бойынша республикалық олимпиада EXPO-2017 жәрмеңкесінде ұйымдастырылған.
|
43-іс-шара
Үш тілде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу, үш тілде білім берудің әдістемесі бойынша семинарлар өткізу
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
154,4
|
20,1
|
20,1
|
РБ
|
099
102
060
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |