1999 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының
61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Өтiнiште мынадай мәселелер қойылған едi:
1. Парламенттiң Үкiмет енгiзген заң жобасын қабылдамауы дегенде ненi түсiну керек? Егер, заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдау немесе оны қабылдамай тастау туралы депутаттардың ұсыныстары дауыс беруде қажеттi дауыс санын ала алмаса, онда ол қабылданбады деп есептеле ме?
2. Егер Конституцияның 61-бабының 7-тармағында дауысқа салу аталған мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей жүргiзiлуi көзделген болса, Үкiметке сенiм бiлдiру туралы Премьер-Министр қойған мәселенi Парламенттiң қарап шығуы мерзiмiнiң шегi қандай?
3. Конституцияның 53-бабының 7) тармақшасындағы "әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрiледi" деген сөздерде не түсiнiк бар және егер "Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы
16 мамырдағы N 11/2 қаулысына сәйкес олардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстерге қатыссыз жарамды деп танылса, Сенат депутаттарының жалпы саны қалай есептеледi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының
7-тармағын түсiндiруде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталардың бiрлескен отырысында Үкiмет енгiзген заң жобаларын қабылдауының тәртiбi Конституцияның 62-бабының 1, 5 және
7-тармақтарында белгiленген. Олар Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Бұл ретте Үкiмет енгiзген заң жобалары бойынша Парламент Палаталарының бiрлескен отырысындағы оқылымдар санын Конституция шектемейдi, бiрақ Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында тиiстi заңдарды қабылдау немесе оларды қабылдамай тастау түрiнде заң жобаларын нәтижелi талқылау қорытындысын бiржақты көзде тұтады.
Егер Қазақстан Республикасының парламентi заң жобасын Палаталардың бiрлескен отырысында талқылауға кiрiскен болса, онда ол бойынша әрбiр Палата депутаттарының көпшiлiк дауыс ала алмаған мұндай дауыс беруi Парламенттiң қорытынды шешiмi деп есептеле алмайды. Парламенттiң заң жобасын "қабылдануға да", "қабылданбауға да" де қажеттi көпшiлiк дауыс ала алмаған қаулысы конституциялық қабiлеттi деп таныла алмайды.
Бұдан "Парламенттiң Үкiмет енгiзген заң жобасын қабылдамауы" туралы қағиданы түсiндiру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын парламент депутаттарының қаралып отырған заң жобасымен жалпылай келiспеушiлiктерiн бiлдiруi және оны тиiсiнше қабылдамай тастауы деп түсiну керек. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентi Регламентiнiң 35 тармағы "талқылау нәтижелерi бойынша Парламенттiң заң жобасын бiрiншi оқылымында мақұлдау және оны екiншi оқылымына дайындау немесе оны қабылдамай тастау туралы қаулы қабылдауын"
көзде тұтқан.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының
7-тармағына сай Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Премьер-Министр Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қойған жағдайда, ол бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Конституциялық нормадан, Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенiң ол енгiзiлген дәл сол бiрлескен отырыста қаралуы керек екендiгi келiп шығады. Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап конституциялық нормамен жiберiлетiн уақыт Парламент депутаттарының өз ұстанымдарын өлшей отырып жасап шығаруына арналған. Белгiленген қырық сегiз сағат бiткен соң Парламент бұл мәселенi кейiнге қалдыра алмайды және өзiнiң ерекше конституциялық маңыздылығына байланысты ол жедел түрде шешiлуге тиiс. Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенi бұлай шешудiң тәртiбi бұл институт көзделген елдердiң конституционализмдiк тәжiрибесiне сай келедi.
"Әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен" Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiруi бөлiгiндегi Конституцияның 53-бабының 7) тармақшасын Конституциялық Кеңес әр Палата депутаттарының Конституцияда белгiленген саны ғана Парламенттiң өкiлеттiгiн және оның шешiмдерiнiң заңдылығын анықтайды деп түсiнедi. Сондықтан "әр Палата депутаттарының жалпы саны" дегенде Сенат үшiн санының құрамы Конституцияның 50-бабының 2-тармағында белгiленгенiн түсiну керек, яғни әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республиканың астанасынан екi адам және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын жетi депутат. Қазiргi Сенатта, Конституцияға және "Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және
5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 қаулысына сай депутаттардың жалпы саны 42 (39 депутат және жойылған бес облыстан 3 депутат; жойылған облыстардан
2 депутат Конституцияның 52-бабының 5-тармағына сәйкес өз өкiлеттiктерiн тоқтатты.)
Мәжiлiс үшiн санының құрамы Республика Конституциясының 50-бабының 3-тармағында 77 депутат деп белгiленген. 1995 жылғы желтоқсанда сайланған қазiргi Мәжiлiс депутаттарының жалпы саны 1995 жылғы 30 тамыздағы редакциясындағы Республика Конституциясының 50-бабының
3-тармағына сәйкес 67 депутаттық мандаттан келiп шығып есептелуге тиiс.
Демек, қазiргi Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсi "депутаттарының жалпы саны" деген ұғым - бұл олардың конституциялық саны – тиiсiнше 42 және 67.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармағының
4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының
7) тармақшасын ресми түсiндiру ретiнде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi