Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет111/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 1999 жылғы 6 қазанда Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрайымының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.


Өтiнiш беруге Сарыарқа аудандық сотының iс жүргiзуiнде жатқан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң
259-бабының бiрiншi тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшiн (есiрткi заттарды көп мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау) В.П. Колмыковқа айып тағу жөнiндегi қылмыстық iс себеп болды.
Сотта "Ұрпақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Республика Заңының ережелерiн, сондай-ақ Республика Конституциясы мен "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының кейбiр нормаларын Колмыковқа қатысты қолдануға байланысты күмәндану пайда болды.
Конституцияның 62-бабының 2-тармағына сәйкес заңдар Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Сонымен бiрге, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңның 36-бабы
1-тармағының 1) тармақшасында заңдар егер актiлердiң өзiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшiне енедi деп көрсетiлген.
Бұл конституциялық ереже Рақымшылық жасау туралы Заңның 1999 жылғы 13 шiлдеден бастап, ал "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңның 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы болса – үстiмiздегi жылдың 8 тамызынан бастап заңды екендiгiн көзде тұтады, себебi рақымшылық жасау актiсi алғаш рет "Егемен Қазақстан" газетiнде 1999 жылғы 28 шiлдеде жарияланған.
Рақымшылық жасау туралы Заңның нормалары рақымшылық жасау актiсi күшiне енгенге дейiн жасалған және оның юрисдикциясына жататын қылмыстар туралы қылмыстық iстерге қатысты қолданылады.
Баяндалғанға байланысты, бiрiншi жағдайда Колмыковты қылмыстық қудалау рақымшылық жасау актiсi бойынша қысқартуға жатпайды, ал екiншiде – заңмен белгiленген тәртiппен жатады, себебi айыпталушы 1999 жылғы 2 тамызда қылмыс жасаған.
Республиканың Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасы үстiмiздегi жылдың 1 қыркүйегiнде төмендегi соттар мен прокурорларға "Ұрпақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңның 13 шiлдеден заңды күшке ие болатыны, ал 1999 жылғы 8 тамыздан күшiне енгiзiлетiнi туралы өзiнiң хатында түсiндiру берген.
Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңның жоғарыда аталған нормасы және Жоғарғы Сот пен Бас прокуратураның нұсқаулығы Конституцияның 62-бабының талаптарына қайшы келедi және Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағы мен 39-бабының
1-тармағында көзделген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп есептейдi де, соған байланысты өзiнiң ұсынысында оларды конституциялық емес деп тану туралы мәселе қояды.
2. Ұсынысты қарауға және өтiнiштiң мәнi бойынша қорытынды шешiм шығаруға Республика Конституциясының кейбiр нормаларын түсiндiргеннен кейiн ғана мүмкiндiк туылады.
Республика Конституциясының 62-бабының 2 және
8-тармақтарында әртүрлi мағыналық салмақ арқалайтын және бiрдей емес ұғымдарды бiлдiретiн "күшiне енедi" және "күшiне енгiзу" терминдерi пайдаланылған.
Мәжiлiсте қаралған және мақұлданған, сонан соң Республика Парламентi Сенаты қабылдаған заң жобасы Конституцияның
61-бабының 4-тармағында бекiтiлген тәртiппен заңға айналады. Дегенмен, бұл оған заңның толық мәртебесi берiлдi дегендi бiлдiрмейдi, себебi, заңға Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейiн ғана ол тиiстi заңдық күшке ие болуы мүмкiн, ол туралы Конституцияның 62-бабының 2-тармағында айтылады.
Республика Президентiнiң заңға қол қоюы оның соңына дейiн жеткiзiлген құқықтық нысанға ие болғанын, нормативтiк құқықтық актiлердiң сатысында өз орнын алғанын және мемлекеттiң құқықтық жүйесiне қосылғанын бiлдiредi. Заңның заңдық күшке ие болу фактiсi әлi қоғамдық қатынастардың реттелуiнiң басталғанын бiлдiрмейдi және сондықтан күтiлiп отырған құқықтық салдарды болдыра алмайды, яғни бұл әрекет етпейтiн заң. Аталған кезеңде заң шығару процесiнiң аяқталуы туралы айтуға әлi ерте.
Конституциялық рәсiм заңдарды мiндеттi түрде халыққа жария етудi көзде тұтады. Бұл Мемлекет басшысының өзi қол қойған заңды халыққа жария етуге конституциялық мiндетiн белгiлейтiн Конституцияның 44-бабының 2) тармақшасынан келiп шығады. Көрсетiлген кезең заң шығару процесiнде аяқтаушы болып табылады, одан кейiн заңды iске асырудың мүмкiндiктерi туралы, яғни заңның құқықтық күшiн күшiне енгiзу туралы айтуға болады.
Бұл туралы Конституцияның 4-бабының 4-тармағында да тiкелей айтылған: "Барлық заңдар ... жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады".
Әртүрлi конституциялық нормалардың ара-қатынасы мен өзара байланысы Республика Конституциясының құрылымына байланысты.
Конституция "Жалпы ережелер" деп аталатын 1-бөлiмде конституциялық құрылымның негiздерi, Республика қызметiн ұйымдастырудың негiзгi конституциялық принциптерi және өзге де түбегейлi ережелер бекiтiлетiндей етiп баяндалған (4-бап осы бөлiмге жатады). Бұл бөлiмнiң нормалары басқа конституциялық нормаларға қарағанда (атап айтқанда, IV-бөлiмнiң iшiндегi 62-бапқа қатысты) басымдыққа ие. Бұл тек конституциялық нормалар үшiн ғана емес, Республикада қолданылып жүрген бүкiл заңдар жүйесi үшiн де түбегейлi принцип болып табылады.
Жоғарыда баяндалғаннан, заңды баспасөз құралдарында жариялау арқылы халыққа жария етуден соң ғана оны қолданудың (күшiне енгiзудiң) мүмкiндiгi келiп шығады. Бұл заңның құқықтық қатынастарды реттей бастағанын және оны күшiне енгiзгеннен кейiн ғана белгiлi бiр құқықтық салдарды туындатып отырғанын бiлдiредi. Ал заң актiлерiн күшiне енгiзу тәртiбi арнаулы заңмен реттеледi (Конституцияның 62-бабының 8-тармағы).
3. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртiбiн реттейтiн арнаулы актi болып табылады. Жоғарыда аталған заң актiсiнiң 36-бабы 1-тармағының
1-тармақшасына сәйкес, заңдар егер актiлердiң өзiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшiне енгiзiледi.
Бұл норма Республика Конституциясының талаптарына қайшы келмейдi.
4. "Ұрпақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының
2-тармағына сай, оған Республика Президентi қол қойғаннан кейiн 1999 жылғы 13 шiлдеден күшiне ендi. Бұл осы заңның барлық заң шығару рәсiмдерiнен өткенiн және заңдық күшке ие болғанын бiлдiредi. Сол арқылы ол жеке тұлғалар жасаған рақымшылық жасау актiсiнiң аясына жататын, яғни 1999 жылғы 13 шiлдеге дейiн жасалғандарды қоса, қылмыстарды есептеудiң уақыт бойынша шекарасын анықтады.
"Ұрпақтар бiрлiгi мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу оны алғаш рет ресми жариялағаннан (1999 жылғы
8 тамыз) кейiн он күнтiзбелiк күн өткен сәттен басталады, себебi онда басқа мерзiмдер көрсетiлмеген. Заңдық күшке ие болған заңды күшiне енгiзудiң бұл уақыттық өлшемдерi осы заңды қолдануды жүзеге асырушы барлық мемлекеттiк ведомстволар мен органдардың ұйымдық және құқықтық сипаттағы тиiстi шараларды алуы және iске асыруы үшiн қажет.
5. Сарыарқа аудандық соты төрайымының ұсынысында нұсқаулық деп аталған Жоғарғы Сот Төрағасы және Бас прокурордың мiндеттерiн атқарушының 1999 жылғы 1-қыркүйектегi хаты туынды актiлердiң мұндай түрлерiне "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңда қойылатын талаптарға жауап бермейдi, және сондықтан нормативтiк құқықтық актiлерге жатқызыла алмайды.
Республика Конституциясының 72-бабының 2-тармағына және 78-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес аталған ведомствоаралық сипаттағы құжатты қарау оның құзыретiне кiрмейдi деп есептейдi.
6. Конституциялық iс жүргiзу материалдарын дайындау және зерделеу барысында Республика Конституциясының қазақша мәтiнiндегi 62-бабының 2 және 8-тармақтарының және 4-бабының
4-тармағының орыс тiлiндегi нұсқасына сәйкестiгi жөнiнде күмәндану пайда болды, соған байланысты ғылыми-лингвистикалық сараптама белгiленiп, оны жүргiзу қазақ тiлi саласында маманданып жүрген ғалымдарға жүктелдi.
Өздерiнiң сараптау қорытындысында тiл бiлiмiнiң ғалымдары нормативтiк грамматиканың ережелерiне сәйкес, сондай-ақ қазақ тiлiнiң грамматикалық және лексикалық құралдарының заңдылықтарын ескере отырып, Конституцияның талдауға салынған нормаларының қазақ тiлiндегi нұсқасы "күшiне енедi" және "күшiне енгiзiледi" категорияларын заң тұрғысынан түсiнудiң дәлдiгi мен логикасын, бүге-шiгесi мен ауқымдылығын толық жеткiзетiнiн, бұл ұғымдардың пара-пар еместiгiн ескеретiнiн атап өткен. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңның сәйкес нормаларының қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнде де олар қайшылықтарды байқамаған.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33 және 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет